2.3. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.
Неғұрлым қарапайым омырткасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық «бағдарламалары», әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип — жүйке жүйесінің орталықтануы пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып, топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.
Құрттардың жағдайындағы жүйке жүйесінің күрделенуі олардағы неғұрлым жетілген қалыптасудың түрлерін, жаңа өздері игерген мінез-құлық түрлерін байқауға мүмкіндік береді. Мұны белгілі американдык психолог Иеркс көрсетті. Ол құрттарды сол жақ ұшына электр тоғы берілген Тәріздес түтікшеге (қарапайым лабиринт) салады. Экспериментті бірнеше рет қайталаған соң жауын құрты электр соққысынан қашуға және оңға қозғалуға «бейім» болады (150 сынақ). Егер осы төжірибені ұзақ үзілістен кейін қайталаса, «үйрену» екі есе жылдам болады (80 сынақ). Осыдан ганглиозды жүйке жүйесіндегі мінез-құлықтың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қалыптасқан бейімділіктерді сақтайды, басқаша айтқанда, жауын құртында естің белгілі бір түрі болады.
Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетін күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. Бұл әсіресе, жәндіктерден көрінеді. Яғни, жәндіктердің күрделі фоторецепторы, кейде мыңдаған жеке ұяшықтардан тұратын, фасетті көз сипатында болады. Ал омыртқалылардың фоторецепторы заттың бейнесін қабылдауға және бейнелегіш аппараттың — хрусталиктің көмегімен бейненің тұнықтығын өзгертуге мүмкіндік беретін, бізге белгілі, біртұтас көз пішінінде болады.
Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді химиялық рецепторлар , дәм сезгіш рецепторлар, вибравдялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиега келеді. Жәндіктердің мінез-құлық бағдарламаларының қызықтылығы соншалықты, тіпті арнайы қарастыруды талап етеді.
Күрделі бағдарламалардың туа бітуі мен тұқым қуалауы және инстинктивтік мінез-құлық түрінде таралуы, олардын ерекшелігі болып саналады. Бұл бағдарламаларды миллиондаған ұрпақтар қалыптастырады және дене құрылысының ерекшеліктері сияқты олар да тұқым қуалайды. Жәндіктердің туа біткен бағдарламаларының мысалдары өте көп. Олардың кейде күрделі болуы соншалықты, тіпті кейбір зерттеушілер оларды саналы мінез-құлық мысалы ретінде қарастырады. Мәселен, маса жұмыртқаларын су бетіне салады және де оларды тез кеуіп кететін кұрғақ жерге ешқашан салмайды. Офекс арасы личинкалары қорексіз қалмас үшін жұмыртқаларын жұлдыз құрт денесіне салады. Сондай-ақ тор тоқушы өрмекші жайлы, араның ұяшық жасап, оларды балмен толтырып, бетін торлап тастауы жайлы айтуға болады. Мұның бәрі көптеген авторларға инстинктерді саналы мінез-құлыққа жақындатып айтуға негіз берді.
Бұл мінез-құлықтың жұмбақ түрін этологтардың кейінгі зерттеулері ғана ашты. Олар күрделі іс-әрекеттің артында қарапайым механизмдер тұрғанын, ал инстинктивтік мінез-құлықтың бағдарламалары — бейімделгіш актілердің туа біткен циклдерін іске қосатын қарапайым талаптанулар арқылы пайда болатынын көрсетті. Осылайша, масаның жұмыртқаларын су бетіне салуы судың жылтырауына байланысты, сондықтан суды жылтыраган айнамен алмастырсақ, маса жұмыртқаларын айнаның бетіне сала бастайды. Ал өрмекшінің торға түскен шыбынға ұмтылуы шыбынның қозғалуына байланысты, егер торға камертонды тастасақ, өрмекші оған да ұмтылады.
Сипатталған механизмдер туа біткен мінез-құлық үрдістерін түсінуде айтарлықтай қадам жасауға және мінез-құлықты карапайым сипаттаудан, оныц инстинктивтік түрінің саналы түрінен қаншалықты айырмашылықта болатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық айтылған бақылаулар омыртқасыздарда болатын, туа біткен мінез-құлықтың күрделі бағдарламалары, жануардың тіршілік жағдайын білдіретін қарапайым сигналдар арқылы жүзеге асатынын анық көрсетеді. Мәселен, бал арасының балы бар гүлдерді талғауы кезінде гүлдің түсі сияқты сипат түрлеріне жауап қайтарады. Ара әр түрлі геометриялық пішіндегі суретгері бар қант ерітіндісі құйылған ыдысқа түскенде, үшбұрыш, төртбұрыш сияқты қарапайым пішіндерді әрең ажыратады, ал бес, алтыбұрышты жұлдызша тәріздес пішіндерді тез тауып алады. Бұл зерттеулер араның қажетті пішінді таңдап алуына себепші факторы болып — пішіндердің геометриялық қарапайымдылығы емес, олардың табиғи тітіркендіргіштерге — гүл пішіндеріне ұқсауы болатынын көрсетті.