Бөж тақырып: Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері. Қабылдаған: Мұртазаева Г. Орындаған: Махамматаминова Ш. Түркістан 2022-2023 Кіріспе



бет2/6
Дата19.12.2022
өлшемі28,6 Kb.
#58175
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
психология бөж2

2.1. Сананың негізгі қасиеттері.
Еңбек әрекеті — қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықта жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасьіп тіршілік етуге, біріне-бір бірлесіп кемектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «өндірістік» қарым-қатынасқа ауысты. Адамның
нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.
Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғағы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы тусінетін болды, сөйтіп, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпақда түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғыр-ланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінін төмен болуына орай алғашқыда ойлаудың да әресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.
Қүрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады. Іс-әрекеттердің буындарға тарамдалуы өндіріс құ-ралдарының түр-турін: шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын денгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінін дамуына да пайдалы, әсерін тигізеді. Осы орайда, К. Маркстің адам табиғатқа әсер ете отырып, өз табиғатын да дамытады дейтін пікірі — өте дұрыс қағида. Адам мен табиғат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерінік  зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз қажеттерін өтейтін заттарды өңдіріп, іске жарату процесінде адам өзінің бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың, дамып жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Дене: мүшелері әр алуан қимылды козғалыстар үстінде өзгерістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың атқаратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып, анамомиялық өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтың, білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшаң козғалатын болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атқарумен «бірге» адамның таным құралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілдіре тжеті. И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет атқаруына баса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын.
Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, турлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік ссзіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ған емес. Оның еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамнын бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдын ас күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетіліп адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.
Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органынын дамуын әсеріш тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық әресін кеңейтеді. Сөйтіп, оның сезіну қызметінін өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінін арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекетін реттейтін орталықтын жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенін сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі — адамнық еңбек әрекетінің жемісі. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы — олардың дыбысты тілі, жетіліп, адам сана арқылы болмыстың: шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары жетіле түсті.
Тарихи даму проиесінде екі шешуші фактор — еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді.
Сана— психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол тек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет