Бойынша есеп


ІІ. Компьютердің ішкі және сыртқы характеристикасы атты ашық сабақ жұмыстарының өткізілуі



бет8/16
Дата17.06.2023
өлшемі45,37 Kb.
#101975
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Отчёт Серікбек Әлия

ІІ. Компьютердің ішкі және сыртқы характеристикасы атты ашық сабақ жұмыстарының өткізілуі.
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден – бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырыпбілім сапасын арттыру, сондай – ақ рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу -осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмысістейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат қана шеше алады. Олар-дүниетанымдылық, шығармашылық және терең білімділік.
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі ұйымдастырушылық қабілеті, жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалса, сол құзіреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді.
Тәжірибе барысында мектеп оқушыларына тиімді Компьютердің ішкі және сыртқы характеристикасы атты ашық сабақ жұмыстарын өткізіп, оқушыларды төмендегі көрсетілген құрылғылармен таныстырдым.


2.1. Компьютердің негізгі құрылғылары
Компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оныңқұрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:
• жүйелік блок;
• дисплей немесе монитор;
• пернетақта;
• тышқан.


Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртынақосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Монитор
Монитор — мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған кұрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оныңнегізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудыңмаксималдықжиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм кабыдданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14", 15", 17", 19", 20", 21". Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді.
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ен көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25 - 0,27 мм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет