БОЖӨЖ тапсырмалары: ситуациялық есептерді шешу нәтижелерін талқылау. Барлық жауаптар жазбаша түрде дәптерге орындалады. Студенттің тегі, аты және тобы дәптердің әр бетіне нақты жазылуы керек. Тапсырманы орындағаннан кейін, студент өзінің жазбаша жауабын суретке түсіреді, PDF форматында сақтайды және Moodle dis.kaznmu-ға жүктейді.
Тапсырма 1.Ата-аналарының көздерi қара, өзi көк көздi ер адам қара көздi әйелге үйленген. Ол әйелдiң әкесi көк көздi, ал шешесi қара көздi. Қара көздiң генi доминантты, ал көк көздiң генi рецессивтi болған жағдайда, осы жанұяда туылған балалардың көздерi қандай болады?
Тапсырма 2.Фенилкетонурия /фенилаланин алмасуының бұзылуы, соған байланысты адамның ақылы кемiс / рецессивтi белгi ретiнде тұқым қуалайды. Егер ата-анааларының екеуi де бұл белгi бойынша гетерозиготалы болса, ол жанұяда қандай балалар туылады?
Тапсырма 3.Адамдағы алты саусақтылық, жақыннан көру және кiшi азу тiстiң болмауы доминантты белгiлер.
1. Егер ата-аналарының екеуi де осы үш жұп белгi бойынша гетерозиготалы ауру болса, олардан денi сау балалардың туылу мүмкiндiгi қандай?
2. Әйел жағынан әжесi алты саусақты, атасы жақыннан көргiш, басқа жұп белгi бойынша сау семьяда, осы екi патологиясы бар қыз туылған. Әкесi жағынан әжесi бес саусақты, көруi қалыпты, азу тiсi болмаған. Ал атасы барлық үш жұп ген бойынша сау. Шешесiнiң анамолиялары ұлына берiлген. Осы некеден сау балалардың туылу мүмкiндiгiн анықтаңыз.
Тапсырма 4.Эмаль гипоплазиясы (жұқа, түйіршікті эмаль, ашық қоңыр түсті тістер) Х-хромосомамен тіркес доминантты белгі бойынша тұқым қуалайды. Ата-анасының екеуінде осы аномалиясы бар отбасында қалыпты тістері бар ұлы дүниеге келді. Келесі баланың қалыпты тістері болуы мұмкіндігін анықтаңыз.
Тапсырма 5.Классикалық гемофилия Х-хромосомамен тіркес, рецессивті ген бойынша тұқым қуалайды
а) Гемофилиямен ауыратын адам сау әйелге үйленді. Олардан сау - бір қызы және ұл, туылды, олар гемофилиямен ауыратын адамдармен қайтадан некеге тұрады. Немерелерінде гемофилия байқала ма және отбасында науқас қызының және ұлының туылу мүмкіндігін анытаңыз.
б) Гемофилиямен ауыратын ер кісі әкесі гемофилиямен ауыратын сау әйелмен некеге тұрады. Бұл отбасында дені сау балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.
Тапсырма 6.Гипертрихоз (құлақтың шетінде шаш өсіу) У-хромосомамен тіркес белгі бойынша тұқым қуалайды Әкесі гипертрихозбен ауыратын отбасында аномалиясы бар балалардың туылу мұмкіндігі қандай?
Тапсырма 7.Тырнақ пен тізе ақауының синдромы толығымен аутосомды доминантты генмен анықталады. Осы генге 10 морганид арақашықтықта АВО жүйесі бойынша қан тобының локусы орналасқан. Ерлі - зайыптылардың біреуінің II қан тобы, екіншісінің III тобы болады. II топ тырнақ пен тізе ақауымен зардап шегеді. Оның әкесі I қан тобы және сау, ал анасы IY қан тобы және екі белгі бойынша ауру. ІІІ қан тобы бар жұбайы тырнақ пен тізе ауруы бойынша сау және бұл гендер бойынша гомозиготалы. Бұл отбасында тырнақ пен тізе ақауымен ауыратын балалардың туылу мүмкіндігін және қан топтары анықтаңыз.