БожөЖ тапсырмалары



Дата06.02.2023
өлшемі110,5 Kb.
#65652
Байланысты:
Áîæ?Æ òàïñûðìàëàðû


БОЖӨЖ тапсырмалары: ситуациялық есептерді шешу, кариотиптерді талдау нәтижелерін талқылау. Барлық жауаптар жазбаша түрде дәптерге орындалады. Студенттің тегі, аты және тобы дәптердің әр бетіне нақты жазылуы керек. Тапсырманы орындағаннан кейін, студент өзінің жазбаша жауабын суретке түсіреді, PDF форматында сақтайды және Moodle dis.kaznmu-ға жүктейді.
1-тапсырма.
1. 2 - суретте хроматиннің қандай тығыздалу деңгейі көрсетілген.
2. Генетикалық материалдың осы тығыздалу деңгейінің механизмін түсіндіріңіз.





2-тапсырма. Мына төмендегі адамдардың кариотипіне талдау жазаңыздар:
- фенотип әйел, 50% -дан жоғары, сома жасушаларында бір Барр денешігі бар;
- фенотип әйел, 5% төмен, жасушада бір Барр денешігі бар;
- фенотип әйел, 50% жоғары, сома жасушаларында екі Барр денешігі бар;
- фенотип ер адам, 5% төмен, жасушада бір Барр денешігі бар;
- фенотип ер адам, 50% -дан жоғары, сома жасушаларында бір Барр
денешігі бар;
- фенотип ер адам, 50% жоғары, сома жасушаларында екі Барр денешігі бар;
3-тапсырма. 22 жастағы сау ер адам болашақ ұрпағының саулығын анықтау мақсатында дәрігер- генетикке келді. 12 жастағы кіші інісі Дюшеннің псевдогипертропиялық миопатия түрімен ауырады, өз бетімен тұра алмайды, бөлме ішінде қозғалуы қиын. Ауру хромосомасында орналасқан, Хр2.1 дистрофин генінің мутациясынан пайда болады.
1. Х- хромосомасы қандай хромосома типіне жататынын анықтаңыз?
2. Хромосома типін сипаттаңыз.
3. Осы хромосома Денверлік жіктелу бойынша қай топқа жатады?
4-тапсырма. Сау ата-аналардан көптік ақаулықтармен бала туылды. Цитогенетикалық талдауда: екінші хромосоманың қысқа иығының екінші ауданының үшінші сегментінің делециясы анықталды.
1) Баланың кариотипін анықтаңыз.
2) Кариотипті жазу кезінде сіз хромосомалардың қандай номенклатурасын қолдандыңыз? Неліктен?
3) Хромосомалардың осы номенклатурасын сипаттаңыз.
4) Осы классификацияның артықшылықтарын атаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет