«Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығы»



бет1/2
Дата07.05.2023
өлшемі26,61 Kb.
#90957
  1   2
Байланысты:
академ 4- тапсырма


Курстық жұмыс


«Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығы»


Орындаған: Абдолдина Айгерим Ерлановна
Тексерген: Айтмукашова Аида Айтмукашовна
Барбосынова Карлыгаш Туркестановна
Өскемен 2023жыл
Мазмұны:
КІРІСПЕ
1. Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындыққа
қойылатын талаптар
2. Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығының
шығармашылық сипаты

3.Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығының негіздері
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР V.ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім — өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс — әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығының негіздерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
— Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау.
— Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
— Мұғалімнің дидактикалық дайындығының негіздерін анықтау.
1.1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ДАЙЫНДЫҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Сабақты ғылыми — әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізі формасы.
Сабақ жоспары бойынша мұғалім:
a) қосымша тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін (дайындығын) тексереді;
b) алдын – ала есептер шығарады, жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді.
жабдықтарды тексереді.
Сабақты егжей – тегжейіне жете қарап өткізуді дұрыс ойластыру, оның мақсатының табысты болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін, есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа дайындалудың басты компененттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың идеялық – теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім сыныпта оқушылардың танымдық іс — әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіншіліктерінесәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі шарттарының бірі.
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет. Талдауда қандай мәселелерді еске алған жөн:
— тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;
— сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
— сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі; сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;
— сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдалана өткізу мұғалімнің ғылыми — әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.
Педагогтық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдарын атауға болады.
Ең алдымен мұғалім ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып үйренуге тиіс. өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті, әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығымен идеялық ұстамдылығына байланысты.
Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Ғылым дамыған сайын болжамдардың дәлелденіп, теорияға айналуы және жаңа фактылар мен заңдылықтардың ашылуы кеңейген сайын мұғалімге қойылатын талапта арта түседі.
Мұғалім институттан алған білім көлемімен шектеліп қалмайды. Ол өз пәніне байланысты әдебиеттерді үнемі зерттеп, терең білуге тырысады, оларға библиография жасап отырады. Мұның бәрі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері мен формаларын шығармашылықпен пайдалануға зор мүмкіндіктер береді.
Мұғалім пән аралық байланыс принципин іске асырудың сара жолдарын іздестіреді. Сондықтан, ол өз пәніне тікелей қатысы бар пәндердің оқу материалдарын бағдарламаға сәйкес жетік білуге тиіс.
Мысалы, 8 сыныпта Д. И. Менделеев жасаған периодтық заң химиялық элементтердің пеиродтық жүйесі және заттардың құрылысы өтіледі. Осы материал бойынша оқушылар алғашқы ұғымды 7 сыныпта физика курсының электр тарауын оқығанда алған болатын. Сондықтан мұғалім химия сабағында заттардың құрылысымен оқушыларды жан – жақты таныстыру үшін «Электр» тарауындағы атомның ядро моделі, сутегі, гелий, литий элементтерінің атом құрылысын атомдардағы электрондардың саны мен ядро заряды жайындағы мәселелерді олардың естеріне салады. Оқушылар сабақ процесінде мұндай бір – бірімен байланысы бар пәндердің материалдарын жеңіл ұғады.
Шектес пәндер материалдарын сабақ үстінде жүйелілік және логикалық бір ізгілікпен байланыстырып өту үшін мұғалім арнаулы жоспар жасап онда оқу бағдарламаларына лайық пән аралық тақырыптарды сыныптар бойынша іріктеп алады да олардың өту мерзімдерін нақты көрсетеді.
Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Ол озат мұғалімдердің іс тәжірибелерімен танысады. Педагогикалық оқуларға, ғылыми – практикалық конференцияларға қатысады. Мұғалім әсіресе өз мамандығына байланысты және жаңадан шыққан әртүрлі әдістемелік еңбектерді үнемі оқып зерттейді, тиімді етіп пайдаланудың әдістерін, сара жолдарын іздестіреді.
Оқыту процесінің маңызды компененттерінің бірі – бақылау, баға қою және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты.
Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылаупроцесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір кейбір сқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескіл сөздер айтып ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық сабақтың кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыфларды іс — әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту тиіс. Бақылаудың процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тарулар бойынша оқтын – оқтын бақылау,қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасында белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы жіне әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге,мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамалардығ ,ылымиережелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын – оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы. Компьютер, электронды есептеуіш машинасы т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Қорытынды – пәндер барлық бойынша жыл аяғында эткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады,оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдармалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдармалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20 – 25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұзтазы, ақылшы кеңесшісі болып саналады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқущының ата – аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын отртақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және сапалы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан – жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет