Болашаққа тағылым болу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал. Ол үшін бүгінгі үрпақ ата-тек сабақтастығын қаз-қалпында, кэусар күйінде білуге тиіс, тек кана шындық айтылуы керек.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Олардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігі, материалдық және рухани мәдениетінің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлері бөлінеді. Аталған дәуірлердің әрқайсысы өз кезеңінде хронологиялық ірі кезеңдерден тұрады. Мысалы, тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады. • Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола метал лургиясы); • Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы; ® Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы; • Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі — көшпелі мал шаруашылығына көшті; • Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер қүрыла бастады.
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихында Қазақ хандығының алар орны зор.Әрине, қазақ халқының түп-тамыры сонау екінші мыңжылдықтардан бастау алатынын тарихшылар айтып жүр, бірақ мемлекет ретінде қалыптасуы Қазақ хандығы тұсында екенін де тарихи деректер жоққа шығармайды.Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтқан болатын. Қазақ хандығында билік еткен хандар тұсында заңдар жинағы маңызды рөл атқарады. Қазақ хандары сол заманның талабын ескеріп, заңдарды мейлінше жетілдіріп отырды. Заңдар жинағының ең бір жетілдірілген тұсы Қасым ханның тұсында орын алды. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Ел басқару жүйесінде ата жолын ұстанған Қасым хан заман ерекшелігіне орай, жаңа ортаға сәйкес жаңа низам жүйесін енгізеді. «Қасым ханның Қасқа жолы» аталатын бұл көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптайды, жеке адамдар арасындағы ру-тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайды. Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері де осы «Қасқа жолда» көрініс тапқан тәрізді. Зерттеуші-ғалымдардың пікірлерінше, ол бес бөлімнен тұрады: Жекеменшік нормаларын реттейтін құқық, Әскери істерге байланысты құқық нормалары (міндеткерлік), Қылмыстық құқық нормалары, Халықаралық құқық нормалары және елшілік этикет турасында, Қауымішілік және қауымаралық міндеткерлік қатынастары. «Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай өз қызметін атқарған соң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім ханның (1598-1645 жж.) тұсында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдық жүйе өмірге келді. Аталған екі заң жүйесі еш өзгеріссіз ХVІІ ғасырдың аяғы немесе ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жұртының игілігіне қызмет етті. Есімнің немересі, Жәңгірдің бел баласы Тәуке хандық құрған ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басы – қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезеңі болды. Қазақ қоғамында біртұтастық пен ынтымақ орнатуға дәнекер болған ежелгі ереже – қағидалардың үлгілі нұсқасы, халықтың тәртіп низамының, салт-дәстүрінің жүйелі жиынтығы – атақты «Жеті жарғы» еді. «Жеті жарғы» – дана бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын мемлекет басқару мен халық билеудің қалыптасқан жосықтарын негізге алып, сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық, әлеуметтік ахуалын ескере отырып, келешектің қамын ойлап, жан-жақты байыпталған заңгерлік ұлы мұрасын қалдырды. «Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдарын толықтырып, елеулі өзгерістер енгізіп дамытқан Тәуке хан бұрынғы бес тарауға тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» деп атады. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. «Жеті жарғыны» қазақ халқы негізінде ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. Ал кейбір нормалары Қазан төңкерісіне дейін толығынан қолданылды, қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын тиімді атқарып келді. Қазақ хандығы дәуірі ХVІ-ХVІІІ ғасырларда, яғни қасқа жолды Қасым хан, ескі жолды Есім хан, Жеті жарғыны шығарған Тәуке хан тұсында басқару жүйесі хандық билікке негізделген, саяси жағынан орталықтанған, бірұтас, құқықтық мемлекет болды. Осы кезеңде Қазақ хандығының көрші орналасқан мемлекеттермен байланыста болып, олармен сауда, саяси мәселелерін шешу заң жүйесі арқылы анықталды. Қазақ хандарының негізгі заңдары Қазақ хандығын осы кезде мемлекет ретінде танытып қана қоймай, оның саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына ықпал етті. «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» заңдарын дүниеге әкелген қазақтың данышпан да көреген хандары тек қазақ деген халықтың игілігі, тұрақты, тыныш тұрмыс-тіршілігі, кішкентай ғана мемлекеттің өркендеуі жолында күресіп, қызмет етті
XIV–ХVIII ғғ. Қазақ мәдениеті. Дәстүрлі ауызша тарих. Күнтізбе, космологиялық түсінік. Киімі мен дәстүрлері. Жазбаша ескерткіштер. Мухаммед Хайдар Дулати, Қадырали Жалаири шығармалары. Көшпелі қазақтардың музыка мәдениеті байлықтары. Материалдық мәдениет. Ұлттық киім ерекшеліктері, қазақтардың қару-жарақтары. Қолөнері мен үй шаруашылығы. Кейінгі ортағасырлық қала мәдениеті. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күрес