Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет150/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   395
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жоғары оқу орындарында білімдерін жетіл-
діруші студент жастар қоғам талабына сай үздік-
сіз білім сапасын жетілдіріп отыратын, ортамен, 
адамдармен тіл табыса білетін білетін, ұйымдас-
тырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. 
қасиеттерді  жинақтағанда  ғана  оның  бойынан 
кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.
Студенттің  кәсіби  құзыреттілігін  дамытуда 
ғылыми ізденістер арқылы жетілдіру үлкен рөл 
атқарады. Педагогикалық ғылыми ізденістер ар-
қылы студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағ-
дылары жылдам дамиды. Оның шығармашылық 
және  педагогикалық  құбылыстарды  зерттеуге 
деген  қабілеті  дамиды,  педагогикалық  шебер-
ліктің  негіздері  қаланады.  Кәсіби  құзыреттілікті 
дамыту деген түсініктің өзі жеке шығармашылық 
қабілеттілікті дамытуды, педагогикалық иннова-
цияларды дұрыс қабылдауды, күнделікті өзгеріп 
жататын  педагогикалық  ортаға  тез  бейімделуді 
қажет етеді.
Жоғары мектеп студенттеріне қоғам талабы-
на сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге 
қабілетті етіп оқыту мен білікті маман етіп дамы-
ту,  педагогика  ғылымы  саласына  жаңа  әдісна-
малық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп 
отыр.  Яғни,  оқу  үдерісіне  жаңа  кәсіби-педаго-
гикалық құзіреттілікті дамытуды кеңінен ендіру 
болып отыр. Кәсіби-педагогикалық құзіреттілікті 
ғылыми тұрғыда дамыту оқу үдерісінің қойылған 
мақсатқа жетуіне кепілдік береді.
Кәсіби-педагогикалық  құзіреттілікті  ғылы-
ми тұрғыда дамыту, білім мен ғылымды жалпы 
адамзаттың  барлық  кәсіби  саласына  енгізу  қо-
ғамның басты көрінісі болып отыр. Қазіргі таң-
дағы  жоғары  оқу  орнының  студенттері  әлі  де 
болса кәсіби-педагогикалық құзіреттілікті ғылы-
ми тұрғыда дамыта білуіне дайын еместігі және 
оқуға,  білім,  білік,  дағдыларын  жетілдіру  бары-
сынан  ғылыми  проблема  түрінде  көрініс  берді 
және  бұл  зерттеутақырыбының  проблемасын 
анықтады.
Әсіресе, болашақ мұғалімнің кәсіби тұлғалық 
құзіреттілігін  дамыту  ерекше  жолға  қойылып 
отыр. Осыған орай әр студентті өзін үнемі оқуға, 
ізденуге, мәселені сыни талдай алуға, ойын ашық 
айтып, пікіріне дәлелдеме келтіру қажет. Себебі, 
білім  саласындағы  бүгінгі  түбегейлі  өзгерістер 
студенттен үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік туралы пси-
холог  ғалымдардың:  Н.А.Менчинская,  Е.Н.Ка-
банова-Меллер,  Л.С.Выготский,  З.Калмыкова, 
Л.Н.Леонтьев, Люблинская А.А., Петровский А.В., 
Л.В.Занков,  В.В.Давыдов  және  т.б.  еңбектерінде 
жан-жақты  қарастырылып,  ғылыми  теориялық 
тұрғыдан мазмұндалған [Климов Е.А., 2013].
Студенттік кезеңде жастардың кәсіби жүйесі 
мен қатар мотивтік өрісінде кеңінен жаңаша өз-
герістер пайда болады. Осы өзгерістер көптеген 
арнайы әлеуметтік қабілеттіліктердің пайда бо-
луына  себеп  болады,  мысалы,  өмірдің  мән-ма-
ғынасын іздеу, болашаққа жоспар құру, таңдаған 
мамандыққа байланысты терең білім алу, өзінің 
рухани-адамгершілік  құндылықтар  шеңберінде 
дүние танымын кеңейту т.б. оларды жай ойлан-
дырып қана қоймай, белсенді әрекетке итерме-
лейді [Равен Д.Ж., 2012]. 
Алайда,  нәтижеге  бағдарланған  білім  бола-
шақ маман даярлау үшін маңызды. Оқу үдерісін-
де қазақ этнопедагогикасының мұралары арқы-
лы болашақ педагогтардың әлеуметтік-тұлғалық 
құзіреттілігін  қалыптастыруда  тиімді  әдіс-тәсіл-
дерді  пайдалану  студенттердің  кәсіби  тұлғасы-
ның дамуына ықпалы зор екенін дәлелдеуге ты-
рыстық.
Көптеген  ғылыми  ізденіс  жұмыстарында, 
зерттеулерде  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе 
жатқан  этностық  мәдени  жетістіктерді,  құнды-
лықтарды тарихи біріктіре отырып, адамзат тір-
шілігінің аксиологиялық және семантикалық ке-
ңістігін белгілеуге болады [Мұқанов Н., 2013].


98
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
Әрбір  этностың  этномәдени  құндылықтары 
ұлан-ғайыр  шексіз  болып  табылады.  Бұл  этно 
құндылықтар әртүрлі сипат пен мағыналар бере 
отырып, тұлға мен этностық әлем көрінісін құру-
да ерекше авторлық формадағы ұлттық мәдени 
жағдайды шоғырландырылады. Осы шоғырлан-
дырулар арқылы жастардың өмір туралы алғаш-
қы білімдерін тереңдетіп, оны негіздеу басты, әрі 
маңызды мәселелердің бірі ретінде алға шыға-
ды.Қазақстан  Республикасында  120-дан  астам 
ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Бұл өз ке-
зегінде, әр ұлт өкілінің төл мәдениетін, ана тілін 
сақтап,  ұлттық  салт-дәстүріне  қызығушылығын 
арттыру,  оларды  игеруге  ұмтылысын  күшейту 
қажеттілігін туындатады. Сонымен қатар, өз мә-
дениетімен қоса ортақ Отанға, мемлекеттік тілге 
құрметті  арттыру,  халықтың  этностық-мәдени 
мүдделерін іске асыру – білім беру саласындағы 
аса маңызды міндеттердің бірі екендігі сөзсіз. 
Бүгінгі таңда этномәдени тұрғыда толыққан-
ды  дамыған,  көпмәдениетті  ортаға  бейімдел-
ген,шығармашылық қабілеті дамыған, нарықтық 
бәсекелестік жағдайында өмір сүруге дайындал-
ған, өзіндік ұлттық бет-бейнесі анықталған этнос 
субъектісін  қалыптастыру  күн  тәртібінде  тұр. 
Мұның  барлығы  қазіргі  таңда  этномқұндылық 
туралы білім берудің зәру тақырып екендігін ай-
қындай түспек [Бөлеев Қ., 2014]. 
Қазақстан  Республикасында  этномәдени  бі-
лім беру жүйесін реттеу мен дамытудың басты 
принциптері  еліміздің  негізгі  заңнамалық  құ-
жаттарында көрініс тапқан. Олар: Қазақстан Рес-
публикасының «Тілдер туралы» заңы, Қазақстан 
Республикасы «Білім туралы» заңы (2007), Қазақ-
стан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Ұлт-
тық  Кеңес  бекіткен  бірнеше  Тұжырымдамалар: 
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім 
беру тұжырымдамасы (1994), Қазақстан Респуб-
ликасында білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясат  тұжырымдамасы  (1995),  Қазақстан  Рес-
публикасындағы этникалық-мәдени білім тұжы-
рымдамасы (1996) және т.б. Оларда барлық құн-
дылықтарды сақтай отырып, білім беру жүйесін 
Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық-
мәдени және мәдени-тарихи дәстүрлерін ескере 
отырып қайта қарау қажеттілігі айтылған.
Қазақстандағы  ағарту  ісінің  даму  тарихына, 
Қазақстандағы халыққа білім беру ісіне, еліміз-
дің  мектептеріндегі  оқыту  әдістері  мен  тәрбие 
мазмұны  туралы  мәселелерге  К.М.  Арынга-
зин, Қ.Б.Бержанов, Ш.К.Беркімбаева, И.Я. Гармс, 
Қ.Б.Жарықбаев,Т.С.Сабыров,  Н.Сабитов,  Қ.Б.Сей-
талиев, Г.М.Храпченков, Қ.Ыбыраимжанов және 
т.б еңбектерінде талдау жасалды. 
Тұтас  педагогикалық  процесс  жағдайында 
тұлғаны  тәрбие  объектісінен  субъектісіне  ай-
налдыру, әлеуметтендіру, ізгілендіру проблема-
ларын А.А.Бейсенбаева,Р.К.Төлеубекова, Г.А.Ума-
нов, Н.Д.Хмель және т.б. қарастырса, оқушылар 
мен  болашақ  мамандар  тұлғасын  тәрбиелеу 
теориясын  дамытуға  Ш.А.Абдраман,  Қ.Ж.Ага-
нина,  Е.И.Бурдина,  К.К.Жампейісова,  С.Т.Каргин, 
Қ.М.Кертаева,  Г.Ж.  Меңлібекова  және  т.б.үлес 
қосқан.
Әлеуметтік-мәдени,  антропология,  этнопси-
хология,  этносоциология  саласындағы  зерттеу-
лер де құнды (Д.Г.Брагина, Ю.В.Бромлей, Н.Жан-
дильдин,  Қ.Б.Жарықбаев,  М.Ю.Мартынова,  Г.А. 
Пестова және т.б.).
Мәдениеттану  тұрғысында  (М.Х.Балтабаев, 
Ж.Ж.Наурызбай,  В.В.Краевский,  И.Я.Лернер, 
М.Н.Скаткин,  А.Сейдімбек,  т.б.)  тұлғаны  жал-
пыадамзаттық  мәдениетті  меңгеруге  бейімдеу, 
ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  ұлттық  мәдениет 
жиынтығының тұлға бойында көрініс беруі, мә-
дениет аясында жеке тұлғаның өзін-өзі іске асы-
руы қарастырылған.
Өркениетті елдер қатарына жету деңгейінде 
жастарды  қазіргі  қоғамда  ізгілікке,  парасатты-
лыққа баулитын жалпы мәдениеттілігі, болашақ 
мамандығына  деген  кәсіби  құндылығы  мен  бі-
лімділігін  арттыру  өзекті  мәселенің  бірі  бо-
лып отыр. Жалпы рухани құндылық, ұлттық мә-
дениет пен дәстүрді қорғау мәселесі білім беру 
саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  ұстаным-
дары  болып  келеді.  Демек,  еліміздің  қоғамда 
болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  және 
саяси,  мәдени  өркендеуі  өндірістің  барлық  са-
лаларында қызмет жасайтын мамандарды даяр-
лаудың  сапасын  жетілдіруді  қажет  етеді.  Бұлар 
білім  беру  мен  тәрбиелеу  ісін  жаңаша  сипатта 
жаңғырту, жетілдіру міндеттерін қамтитын білім 
беру  жүйелерінің  қабылдаған  жаңа  мазмұнды 
заңдар мен тұжырымдамаларда т.б. көрсетілген.
Жоғары  оқу  орындарындағы  студент  тұлға-
сын  қалыптастыру,  олардың  кәсіби  маман  ре-
тінде  көрінісін  білдіретін  кәсіби-педагогикалық 
құзіреттіліктіқазақ  этнопедагогикасының  мұра-
лары арқылы қалыптастыру білім беру саласын-
дағы маңызды мәселе.
Ал, іс-әрекет тұрғысынан студенттердің өзін-
өзі жетілдіруі мен дамытуы; ұлттық дәстүрлерді 
ұстану біліктілігі; этнопедагогика материалдары-
на  негізделген  жалпы  кәсіби  және  әлеуметтік-
тұлғалық құзіреттілігін көрсете алуы.
Студенттердің  кәсіби  және  әлеуметтік-тұл-
ғалық  құзіреттілігін  қалыптастыруда  этнопеда-
гогика  материалдары  негізінде  қалыптастыру 
бойынша  кәсіби  даярлығын  жүзеге  асырудың 
педагогикалық шарттары педагогикалық жүйені 
құраушылардың мазмұндық сипатына сәйкес.
Бірқатар ғылыми ізденіс нәтижелерін талдап, 
зерттеуді қорытындылай келе біз этнопедагоги-
ка  материалдары  негізінде  студенттердің  әлеу-
меттік-тұлғалық  құзіреттілігін  қалыптастырудың 
мынадай  жолдары  бар:  этнопедагогика  мате-
риалдары  негізінде  студенттердің  жалпы  кәсі-
би  құзіреттілігін  қалыптастыруды  жоғары  оқу 
орындарының оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мүм-
кіндігін бағалау; осы бағытта студенттерді кәсіби 


99
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
бағыттылықты  құраушы  мазмұнды  аспектідегі 
оқу-тәрбие  материалдарын  іріктеу;  студенттер-
дің жалпы әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігін эт-
нопедагогика материалдары негізінде қалыптас-
тыру бойынша әдістемелер ұсыну; және оларды 
жүзеге асыру құралдар жүйесін тиімді пайдала-
ну.
Студенттердің өз бетінше жұмыс істей білудің 
озық  формалары  мен  әдістерін  тиімді  меңгеру 
барысында әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігінің-
кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып 
табылады.  Себебі,  студент  қауымының  ішінде 
тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, 
әдептілігі жағынан «нашар» көрінгісі келетін сту-
дент жоқ.
Студенттердің  әлеуметтік-тұлғалық  құзірет-
тілігінің  даму  динамикасы  мына  көріністерде 
ескеріліп отырды: Байсалдылық; қамқорлық та-
ныту; тапсырмаларды орындау; мінез құлық, ор-
тада дұрыс қарым-қатынас жасай білу; ұстамды-
лық көрсету; дауыс ырғағын ұстау.
Студенттердің  өзара  және  ұстаздар  арасын-
дағы  әлеуметтік-тұлғалық  құзіреттілігі,  яғни  кә-
сіби мамандығына бағыттау, қызықтыру, байсал-
дылықты  сақтай  білуі,  өзінің  ой-пікірлерін,ба-
ғытын,жоспарларын ұсына білуі, педагогтардың 
қойған  талаптарын  ой  елегінен  өткізіп,өзіндік 
пікір қосу және талдау жасай білуі, тиімді әдіс-
тәсілдерді  қолдану  оның  өзінің  көзқарасына 
ұжымды сендіре алу икемділігі; сол сияқты өзі-
нің ұйымдастырушылық қабілетін көрсете алуы, 
өзін-өзі бағалай алуы.
Студенттердің  кәсіби  және  әлеуметтік-тұлға-
лық  құзіреттілігін  жоғарлату  үшін  қажетті  мағ-
лұматтарды  ескере  отырып  қасындағы  адам-
дармен эмоционалды қатынас құруға мүмкіндік 
жасалды. Студенттерге кәсіби және тұлғалық құ-
зіреттілігінұлттық  деңгейде  қалыптастыру  үшін, 
біріншіден,  өз  жеке  басының  ерекшеліктері 
және ішкі қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеу 
мәнерін,  эмоционалды  жағдайларын  ескеруді 
қажет ететіндігін ескерте келе, оны қолданудың 
мүмкіндіктерін негізге алды.
Студенттердің  әлеуметтік-тұлғалық  құзірет-
тілігін қалыптастыруға іскерлік ойындардың үл-
кен маңызы зор. Іскерлік ойын тұлғаның мәдени 
құндылық мазмұнын игеруге және өзінің қажет-
тілігін  қанағаттандырып,  кәсіби  дағдысы  мен 
икемділігін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Тұлғаның  жеке  дара  дамуына  тікелей  әсер 
ететін ең жақын ортасы болады және ол орта-
да үнемі кәсіби және әлеуметтік-тұлғалық құзі-
реттілігінқалыптасуы  байқалып  отырады.  Сон-
дықтан  студенттің  жалпы  мәдени  құндылығын 
қалыптастыруда уақытының көп бөлігін өткізетін 
оқу орны, достары, күнделікті кездесетін оқыту-
шыларының тәрбиелік ықпалы зор. Мұндай түр-
лі  ықпалдардың  бірлікте  және  бір  жүйеде  өтуі 
көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Студенттердің әлеуметтік-тұлғалық құзіретті-
лігін қалыптастыруда сананы қалыптастыру әдіс-
тері, іс-әрекетті ұйымдастыру жәнекәсіби дағды-
ны қалыптастыру әдістері қолданылды.
Студенттің  кәсіби  құзіреттілігінқалыптасты-
рудағы педагогикалық қолдаудың мәні мынада: 
ұжымда психологиялық жағдай жасау; тұлғаның 
өз  бойындағы  мүмкіндіктерін  өзінше  іске  асы-
руына жағдай жасау; ұлтының дәстүрлеріне т.б. 
мақтан тұтуын қаматамасыз ету; көмек көрсету, 
үлгі-өнеге болу; оқытушының кәсіби деңгейі мен 
мәдениеттілігінің  жоғары  болуы  [Равен  Д.Ж., 
2012].
Студенттердің  кәсіби  және  әлеуметтік-тұлға-
лық  құзіреттілігінің  қалыптасуы  этнопедагогика 
материалдары негізінде әлеуметтік-тұлғалық құ-
зіреттілігінің қалыптасуы ұлттық тәрбиені санаға 
сіңіріп, қалыптасқан салт-дәстүрлер, ұлттық ру-
хымыз, абырой т.б. байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет