123
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
қазіргі күні аздық етеді, өйткені олар үйренуші-
нің тек біліктілігін ғана айқындайды.
Біліктілік дегеніміз тұрақты контекстер мен
алгоритмдер аумағындағы алдын-ала айқын-
далған әрекеттер арқылы маман дайындау.
Ал құзырлылықбілім игеру процесін жоспар-
лаудан нәтижені айқындауға қарай ойыстырады,
негізгі әрекет тұлғасы оқытушы деп есептелетін
«оқытудан» («үйретуден») басты қозғаушы күш
студент болатын «оқуға» («үйренуге») ауысты-
рады, салмақты «білім беруден» «білім алуға»
түсіреді. Құзырлылық бүкіл білім жүйесін өз бі-
лімінің ауқымын, оны игерудің әдістері мен тә-
сілдерін өзіндік тұрғыдан айқындайтын, қоғам
алдындағы өз біліміне деген жауапкершілікті те-
рең түсінетін студентке бағытталуды талап етеді.
Құзырлылық идеясы бойынша студент білімді
өздігімен игеруі керек.Құзырлылық дегеніміз
маманның белгілі бір кәсіби сала аумағындағы
білімі, білігі, дағдыларының жиынтығы.
Жоғарғы оқудың басты мақсаты – нәтиже,
сондықтан да,Болонья процесі идеялары мен та-
лаптары аумағында әрбір жоғары оқу орнының
алға қойған мақсаты оқу нәтижесімен байла-
нысты болуы керек. Ал оқу нәтижелері дегеніміз
студенттердің оқу аяғында әртүрлі деңгейлерде
(модульдік, институционалдық) қандай құзыр-
лылықтарды меңгеретіндігін анықтап,(не жасай
білетіндігін,қандай да бір бірліктермен өлшеуге
келетін жетістіктерін) көрсету. Ал әр мамандық
пен пәннің оқу/оқыту әдістемесі студенттерді
белсенділендіретін, олардың өлшелмелі білім,
білік, дағды, машықтары мен құзырлылықтарын
көрсете алатын интербелсенді технологиялар
мен әдістерді оқу процесінде қолдануы керек
[2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Рес-
публикасында білім беруді дамытудың мемле-
кеттік бағдарламасы, 2004].
Бүгінгі таңда, білімнің даму қағидалары бі-
ліктіліктен құзырлылыққа көшуді талап етуде.
Құзырлылық ұстанымы білім жүйесінің мазмұ-
нынын маман дайындаудың тар шеңберінде
қалдырмай, оны кең көлемді дүниетанымдық,
азаматтық, әлеуметтік, экономикалық, мораль-
дік-этикалық, кәсіби ауқымда қарастырады.
Болонья процесінің аумағында 2004 жылы
құрылған TUNING («Еуропада білім құрылымда-
рын сәйкестендіруге бағыттау») жобасы «құзыр-
лылық» ұғымына келесі өлшемдерді жатқызады,
«білім және түсінік» (қандай да болмасын ғылым
саласындағы теориялық білім, білу және түсі-
ну);«қалайша әрекет жасау керектігін білу» білімі
(нақты ситуацияларда білімді практикалық және
оперативтік тұрғыдан қолдана білу);«қалайша
өмір сүру керек» білімі (әлеуметтік контексте
басқа адамдармен өмір сүрудің ажырамас бө-
лігі болып табылатын құндылықтар) (Болонский
процесс, 2007, 18).
Білім игеру процесінің соңғы нәтижесі ретін-
де құзырлылық парасаттық (интеллектуалдық)
қабілеттерді дамытуға бағытталады. Ал бұл қа-
білеттер өз кезегінде білім алушыларға техни-
калық, экономикалық және мәдени өзгерістер-
ді саналы түрде түйсініп, әлеумет ішінде жұмыс
жасай білу, шығармашылық пен конструктивтік
көзқарас, бастамашылдық пен жауапкершілік,
бейімшілдік, икемділік сияқты қасиеттерді да-
мыту.
Құзырлылық студентті өзін-өзі ұйымдастыру,
басқару, бағалау, қадағалау, түзету әрекеттері-
не ниеттейді, оны масылдық пен бәлсенділіктен
арылтып, белсенді және өмірінің қалайша өте-
тіндігіне деген жауапкершілікті толық өз мойны-
на артуға бағыттайды [В.И.Байденко, 2006].
«Құзырлылық» ұғымы келесідей ұстанымдар-
ды жүзеге асыруды меңзейді:
– оқудың мазмұнын, оны жоспарлау қағида-
ларын
қайта қарау;
– оқудың «мазмұн – білім – пән» аумағындағы
парадигмасынан бас тартып, гуманистік қағида-
лар тұрғысынан өмір сүруді үйрену.
Құзырлылықтар оқу процесінде келесі әре-
кеттер арқылы жүзеге асырылады:
– интербелсенді
әдістерді қолдану;
– жоғары оқу орнының «өмір стилін» өзгер-
тіп, оны динамика мен қызыққа толы процеске
айналдыру;
– оқытушылар мен студенттердің арасында-
ғы қарым-қатынасты ынтымақтастық пен өзара
әрекеттесуге негіздеу.
Оқытушы өз бойына құзырлылықтарды қа-
лыптастыруда келесідей әдістерді бірлескен
интербелсенді әрекеттер,рөлдік және іскерлік
ойындар,кейс-стади презентациялар, кері айла-
ныс,пікірталастар,тренингтерді оқу процесінде
қолдануа білу керек.
«Әр бір оқытушы
«Білім игеру – өмір бойғы
Достарыңызбен бөлісу: