Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет200/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   395
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Орталық Қазақстан өңіріне ерекше танымал 
болып, еңбектеген баладан еңкейген кәріге де-
йін  өлеңдерін  бойтұмардай  сақтаған  ақын   
Шортанбай Қанайұлы. Түркістан төңірегінде ту-
ған ақынның ғұмырының басым бөлшегі қазіргі 
Қарағанды  облысы,  Шет  ауданы  жерінде  өткен 
(бұрынғы  Семей  губерниясы,  Қарқаралы  уезі). 
Зираты да қазір сол ауданның іргесіндегі қорым-
да.  Қазақ  даласының  қилы-қилы  аймағындағы 
ақындарды айтпағанның өзінде, Орталық Қазақ-
стан  өңірінің  ақындарында  Шортанбай  ақынға 
еліктемеген,  не  болмаса  оны  рухани  ұстазым 
деп есептемеген адам болған емес. Бұл жайтты 
географиялық  тұрғыдан  ғана  емес,  ақын  өлең-
дерінің  қуаттылығынан,  болжампаздық,  көре-
гендік сипаттарынан деп түсінген абзал.
Төрт жардан шыққан би болар,
Ақылы асқан дүр болар.
Мынау бір жалған дүниеде
Малы көп кісі би болар.
Көпке тентек, ез қисық
Қамшыменен и болар.
Ер басына күн туса,
Бұта түбі үй болар [Омарұлы Б., 2000, 279-280 
б.]. 
Бұл  Шортанбай Қанайұлының өлеңі. Сонау 
ХV ғасырдан жеткен жыраулық поэзия сарынын 
ХІХ  ғасырда  жаңғыртқан  ақын  өз  заманында-
ғы өзгерістерге философтарша үңіледі, өзі өмір 
сүрген ортаның шындығын, әлеуметтік жағдай-
ды  ашына  жырлайды.  Қозғалған  ойдың  мазмұ-
нына қарай өлең құрылымын шартты түрде екі 
бөлікке  бөлуге  болады:  алғашқы  жартысында 
дидактикаға тізгін берген ақын соңына таман за-
мандастарының психологиялық портретіне ойы-
сады.  Олар  кімдер  еді?  Қасиетсіз  төре,  әділдігі 
жоқ  би,  абыройсыз  әкім  –  ел  болашағын  сеніп 
тапсырған игі жақсылар осындай болса, сүттей 


135
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ұйыған  отбасынан  береке  кетіп  жатса,  қайтпек 
керек?  Міне,  ақынның  жүрегі  осыған  қайысып, 
жаны осыған ауырады. Ол елдің елдігін сақтау-
да  әділ  де  адал,  жанашыр  басшының  рөлінің 
қаншалықты  маңызды  екенін  түсінеді.  Өйткені, 
басшы деген – халық тағдырына жауапты адам. 
Әйгілі  Төле  би  бабамыздың  артына:  «Басшысы 
болмаса, ел жетім», – деп аталы сөз қалдыруы да 
тар заманның қыспағында қалған халық тағды-
рына алаңдағанынан әрі үш жүздің баласының 
дана Абылайдың ақылына ұйығанын көргеннен 
болар? Сонау түркілік дәуір әдебиетінен бастап 
желісі үзілмей келе жатқан әділ басшы туралы 
арман-тұжырым  зар  заман  ақындарының  ең 
бір көкейкесті мәселелеріне айналды. Ал, Шор-
танбай өмір сүрген кезеңде қазақ даласындағы 
билік  жүйесі  өзгеріп,  Абай  айтқандайын,  «бас-
басына  би  болған  өңкей  қиқымның»  заманы 
басталды. 
Аузыңа харам салмаңдар.
Дүние жиып өткен жоқ
Бізден бұрынғы пайғамбар.
Әлің келсе Меке бар,
Артық дәулет біткендер!
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қылып малды төкпеңдер!
Таяндың енді өлімге,
Алты табан көріңе
Сатып алған күнәнің
Кешуі болмас күнінде.
Дұғай сәлем айтайын
Бесатаның ұлына! [Омарұлы Б., 2000, 285 б.] 
Бұндағы  Бесата  деп  отырғаны    Арғын-Қа-
ракесек  ішіндегі  қазіргі  Шет,  Ақтоғай,  Ақадыр, 
Балқаш  өңірін  жайлайтын  Әлтеке-Сарым,  Кар-
сон-Керней, Қояншы-Таңай рулары. Шортанбай 
ақынның  өлеңдері  жалаң  дидактикаға  емес, 
нақты өз басынан кешіп, көкейіне түйген, сөйтіп, 
бақиға аттанар алдында ел-жұртымен бөліскен 
ойларына құрылған. Өмірдің мәніне терең үңі-
ліп, ештеңенің мәңгілік еместігін, қолдан келсе, 
бес күндік жалғанды адалдықпен өткізу қажет-
тігін ескертеді. Адам баласына Аллаға құлшылық 
ету,  iшкi  дүниесін  жетілдіру,  пенделік  нәпсісін 
тиып  ұстау  –  адами  қағидалардың  негізі.  Сон-
дықтан да ақын бұл өмірдік мәңгі еместігін ес-
кертіп,  қолдан  келсе  құбылаға  бет  түзеу  қажет 
деп  тұжырымдайды.  Жыр  жолдарынан  ақын-
ның өкініші мен келер ұрпаққа аманаты сезіледі. 
Шортанбай ақынның қаза болар алдында көзі-
нің тірі кезінде-ақ Жақсы Жәкең атанған Жанғұт-
ты бидің қолында, қасында болып, сол тұстағы 
ел жақсылары Құнанбай, Көпбай, Нұрлан, Мұса 
Шорманұлы,  Қоңырға  т.б.  сәлем  жолдауы,  әр 
әкімнің  ел-жұртының  алдындағы  қарызы  мен 
парызын еске салуы, ақынның қазақтан шыққан, 
Арқа жеріндегі билік иелеріне үлкен үміт артуы 
көп нәрсені аңғартса керек.
Ақынның сол тұстағы жастарға жыр арнауы 
заманның  ертеңгі  кескін-келбетін  сұңғылалық-
пен сезінгенінен туындап тұр.
Бір насихат айтайын,
Тыңда мұны, балалар!
Есіткендер, ұмытпа,
Қайсыңда сенің сана бар?
Жақсың аттан жығылса,
Жаманың тұрып табалар.
Ендігі сорлы бейшара
Қорыққанға барып паналар.
Қария қалды ақылдан,
Қастық шықты жақыннан.
Ендігі күнің кем болған,
Тәубе қылмай қапы өттің
Әуелгі  тұрып  жасыңнан  [Омарұлы  Б.,  2000, 
295  б.],  –  деп  адамдардың  құлқы  бұзылғанын, 
пейілінің  нашарлағанын  тілге  тиек  етеді.  «Жа-
ным – арымның садағасы» дейтін жалғыз халық 
қазақ қана болса, арына дақ түсіп, бірімен-бірі 
қырық  пышақ  болып  жатса,  көңіл  жұбатар  не 
қалды?  Абайша  айтқанда,  қазағы  «ар  ұялар  іс» 
қылып жатса, ақын жаны жүдейді-ақ. Жаратқан 
ие ақынға шындықты айтпаққа қылыштан өткір 
тіл  береді,  өзге  көрмейтінді  ақын  көкірек  көзі-
мен көріп, көңіліне тоқиды. Ақынға сезімтал жү-
рек берілген, өзге сезбегенді ол сезеді. Тіл – оған 
берілген аманат, шындықты айта алмаса, ақынға 
серт.  Ақынның  жаны  неге  жараланды?  Зерде-
лі  ақын  заман  ағымын  сезінді,  ендігі  заманның 
өз билігін ала келерін, «қайдан құлақ шығарғы-
сы келсе, содан құлақ шығаратын қазаншының 
еркі,  қалауы  билейтінін»  түсінді.  Шортанбай 
ақынды мысалға алып, өлең-жырларынан үзін-
діні көбірек келтіріп отыруымыздың сыры мына-
да: қазіргі қазақ жеріндегі қай өңірге барсаң да, 
кешегі көне көз қариялардан бүгінгі буын өкіл-
деріне жеткен Шортанбай жырларына тап бола-
сың. Ақын өз заманының шынайы келбетін ғана 
бейнелеп қойған жоқ, сонымен қатар, болашақ 
заманның  қалай  болатынын  да  көрсетіп  берді. 
Сәл  шегініс  жасасақ,  оған  дейінгі  поэзияды  ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ өлеңіне 
айқын қолтаңбасын қалдырған Дулат қозғап еді 
бұл  жайды.  Жырлары  отаршылдыққа  қарсы  оқ 
боп атылған ақын Сарыарқасын жоқтаған бола-
тын.  Сарыарқаға  реквием  арнаған.  Дұрысында 
бірі Арқаның орталық бөлігінде, екіншісі шығыс 
бөлігінде,  уақыт  жағынан  алғанда  бір  межеде 
өмір сүрген екі ақынның да елі үшін, жері үшін 
жаны ауырады. 
О, Сарыарқа, Сарыарқа!
Самалы салқын жон едің.
Сырдан ауып келгенде,
Жапырылмай шалғыны,
Балауса, балдыр, балғының
Тимеген ірге соны едің.
Ойың балау шайырлы
Толықсып толып лықсыған
Олқы емес едің, толы едің, – деген жолдарда 
Дулат
Сарырқасын  ауыз  толтырып  жырға  қосады. 


136
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
Қойнауы  құтты  өлкесін  кестелі  тілмен  шарық-
тау шегіне жеткізген ақын ойы осылай шалқиды. 
Одан  әрі  Дулат  Сарыарқа  төсіндегі  Ақжайлау 
мен  Сандықтасын  қоса  қабат  аспанға  көтеріп, 
туған жері үшін екіталай күн туғанын аңғартады. 
Сол сияқты патшалық саясаттың қырық құбылып 
қитұрқыланып тұрған кезеңінде еліміздің баты-
сында  өмір  сүрген  Мұрат  Мөңкеұлы  да  заман 
аужайын  дұрыс  бағамдап,  қазақтың  басынан 
бақ  ұшып,  ата  қоныс,  салт-дәстүрінен  айыры-
лып бара жатқанын әйгілі «Үш қиян» толғауында 
ашына жырлайды: 
Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгіл осыларды алған қоныс.
Кемелсіз қонған елін көп тоздырған,
Қайырсыз осы секілді неткен қоныс? – деген 
ақын одан әрі:
Еділді тартып алғаны – 
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны – 
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны – 
Ойдағысы болғаны [Омарұлы Б., 2000, 275 б.] .
Туған жер – ақын үшін аса киелі ұғым. Қазақ-
тың жерін пұшпақтап бөліп алып жатқан зымиян 
саясаттың арты неге апарып соғарын анық түсін-
ген ақын жерінен айырылса тұтастай ұлтқа құ-
рып кету қаупі төніп тұрғанын сезінді. Сондықтан 
да болар, Қазақстанның Ресейге қосылу саясаты-
на бар жан-тәнімен қарсылық білдірді. Келтіріл-
ген мысалдардан түйетініміз: ақындардың басын 
қосатын  идея  –  азаттық  идеясы,  отаршылдық 
саясатқа қарсылық көрсету. Заман ағымын, қо-
ғамда болып жатқан өзгерістерді олар адам бо-
йынан, пейілінен іздейді. Сол өзгерістердің адам 
психологиясына әсерін, соның салдарын қарас-
тырады. Дегенмен, осы арада ақындардың тақы-
рыпты ашудағы жеке қолтаңбасы да аңғарылып 
қалады. Дулат пен Мұрат заман аужайын саяси 
тұрғыдан  әлдеқайда  дұрыс  аңғарған,  олардың 
жырларына  өткірлік,  нақтылық  тән.  Бүгінгі  күн 
тұрғысынан  заманға  баға  береді.  Нақты  сурет-
ті,  қоғам  болмысын,  заман  келбетін  көрсетеді. 
Жанға тиетін ащы, ащы да болса қоғамдық-сая-
си өмірдің шын суретін ұсынады. Ал Шортанбай 
ортақ мәселенің шешімін іздеуде көбіне жекеле-
ген  адамдардың  болмысындағы  әлеуметтік-п-
сихологиялық өзгерістерді бағамдап, құлықтық-
моральдік  мәселелерді  қозғауға  күш  салады. 
Құлқы  бұзылғандарды  мұсылман  діні  арқылы 
тоқтатпақ болады. Оған нақтылықтан гөрі бол-
жам тән, ертеңгі алапат күннің себеп-салдарын 
ғана көрсетіп, шығар жол нұсқауды болашақтың 
еншісіне  қалдырады.  Жалпы,  тарихи  тамырлас-
тық, өнердің алды-артындағы рухани шүйгіндікті 
айтқанда, өзіне дейінгілер мен өзінен кейінгілер-
дің азаттық ұранды идеяларын сабақтастыратын 
алтын көпір іспетті басты назар аударатынымыз 
да  осы  Шортанбай  ақын.  Оның  мұралары,  ең 
алдымен,  Орталық  Қазақстан  өңірінде  дүниеге 
келді. Арқа жұрты ақын шығармаларына сүйсі-
ніп қана қойған жоқ, оны алты алашқа жайды. 
Демек, насихатшысы да болды. Бәрінен бұрын, 
Орталық  Қазақстан  өңірінің  халқы  Шортанбай 
ақын жырларын мойындарына тағып алған бой-
тұмардай сақтап аялады.
Белгілі  ғалым  азаматтар  М.Мағауин  мен 
М.Байділдаев  құрастырып  шығарған  2  кітаптан 
тұратын  «Бес  ғасыр  жырлайды»  атты  жинақта 
Шортанбай  ақынның  тәуелсіздік  пен  бостан-
дықты аңсаған әрі оттылық, әрі өршілдік поэзия 
элементтері  философиялық,  даналық,  абыздық 
сарынымен  ұштасқан  жырларынан  гөрі,  ақын-
ның  бақилық  болар  алдындағы  аманат,  өсиет, 
ғақлиялық  сарындарына  көбірек  орын  беріл-
ген, басқаша болуы мүмкін де емес еді, себебі, 
ол жинақ Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде 
жарияламай  тұрғанда  жарық  көрген  болатын. 
Ал,  тәуелсіздік  алғанымыздан  соңғы  жылдары, 
дәлірек айтқанда, 2000 жылы шыққан «Екі мың 
жылдық  дала  жыры»  атты  кітапта  Шортанбай 
ақынның, ең алдымен, Арқа жұртына мәлім деп, 
іле-шала алты алашты шарлап кеткен ең уытты, 
замана келбетін қанын сорғалата тұрып кескін-
деген  өлең-жырлары  толықтай  келтірілген.  Зар 
заманға  баға  берген  ақын  өлеңінің  маңызды-
лығы  мынада:  өлеңнен  оның  эстетикалық  тал-
ғамы  көрінеді.  Адам  жанымен,  іс-әрекетімен, 
мінезімен сұлу болу керек деп есептейтін ақын 
тәрбиедегі  теріс  қылықтарға,  ниеті  бұзықтарға 
лағнет айтады. Тек лағнет айтып қоймай, олар-
дың қылығына жиреніш сезімін оятады, жаман-
дықпен күресуге шақырады.
Зар, зар заман, зар заман,
Зарлап өткен тар заман...
...Әуелгі қорлар зор болды,
Сондағы зорлар қор болды.
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондағы жоқтар тоқ болды.
Жан білмейтін жамандар,
Жан білмейтін надандар
Ел билеген бек болды.
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды.
Ниетіне қазақтың
Тым-ақ тәуір еп болды.
Заманақыр болар деп,
Сол  себептен  қорқамын  [Омарұлы  Б.,  2000, 
193 б.].
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ 
қоғамында  болған  өзгерістерге  айқын  көзқа-
растары болған және сол өзгерістерді жырлаған 
ақындарды М.Әуезов «Зар заман» жыршылары 
деп  атап,  алғаш  1927  жылы  осы  ұғымды  әдеби 
айналымға енгізген болатын және әдебиет тану 
тарихында  олар  осылай  айтылды.  Тұтастай  бір 
кезеңде өз шығармашылықтарында азаттық ту-
ралы  аңсар-армандарымен  көрінген  жыршы-


137
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
лардың қатарын: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай 
Қанайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Әбубәкір  Кердері, 
Албан Асандар толықтырып, бұл шоғырды, Мұх-
тар Әуезовтің пікіріне сүйенсек, Нарманбет аяқ-
тады. М.Әуезовтің әдебиеттану тарихында жаңа 
ұғым  қалыптастыруының  түп-төркіні  Шортан-
байдың  «Зар  заман»  өлеңінде  жатыр.  Сондай-
ақ зар заман әдебиеті өкілдерінің шығармашы-
лығына  баға  бере  келе,  Б.Омарұлы:  «Қоғамдық 
қатынастардың  өзгеруі,  елді  басқару  жүйесінің 
басқа  сипатқа  ауысуы,  отаршылдықтың  белең 
алуы,  халықтың  қатты  күйзелуі  зар  заман  ағы-
мын тарих сахнасына шығарды. Зар заман әде-
биетінің өкілдерін жұртының жай-күйін ойлаған 
ұлт  қайраткерлері  ретінде  танимыз.  Олардың 
шығармаларының  дені  халықтық  салт-дәстүр-
лерді  қаймағы  бұзылмаған  қалпында  сақтауға, 
ұлттық  болмыс-бітімінен  ажырамауға  үндейді. 
Ресей отарлаушыларының озбырлығы мен сұр-
қия саясаты зар заман ақындарының өлең-жыр-
ларында  жан-жақты  суреттеледі.  Жерді  тартып 
алып,  тілді  жою,  ұрпақты  аздырып,  діннен  ау-
лақтату сықылды империялық пиғылдың жүзе-
ге асуына» [Байтұрсынов А., 2003, 287 б.], – деп 
жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет