Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет272/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«– Оу, келмейсің бе? – деді ол. Көңілінде еш-
теңе  жоқ  сияқты.  Әдейі  жасап  тұр.  Дауысының 
түсі білінбейді иттің.
–  Уақыт  құрғыр  болмай  кетті  ғой,  –  деген 
бұл». Қанша араласып жүрсе де, досының дауы-
сынан секем алғыштығы бейнені типтік дәреже-
ге көтерген. Өйткені, соңғы кездері жазушы ке-
йіпкерлері ғана емес, өзіміз де қарсы алдымызда 
тұрған адамдарға сенімсіздік танытып, секем ала 
қарайтын болдық.
Кейін сол жолдасы қайтыс болғанда да селт 
етпейді.  Қайта  оның  өліміне  жиналған  сансыз 
көпшіліктің құрметін де қызғанады. «Мен өлсем, 
қанша адам жиналар екен» деген бір ғана ойы 
оның рухани төмен тоғышарлығынан, іштарлы-
ғынан хабар беріп тұрғандай.
Өз  даусынан  өзі  шошып,  көлеңкесінен  қорқып 
жүрген  Еңсебек,  ақырында  «Адам  керек  екен  ғой 
аға-йе-ен»  деген  қорытындыға  келеді.  Автордың 
айтпағы да дәл осы тіркестермен үндесіп жатқандай. 


182
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
«Өмірдегі оқиғаның көркем өнерге, өмірдегі ет 
пен сүйектен жаралған қарапайым адамның қай-
таланбас көркем образға айналуы суреткер тегеуі-
рінін,  суреткер  дарынын,  суреткер  білімін  қажет 
ететін,  соның  бәрінен  бас  құрайтын  суреткерлік 
шеберлікті тілейтін құбылыс» [Қабдолов З., 2007] 
деген  пікір  тұрғасынан  қарағанда  тип  пен  про-
тотип  байланысы  керемет  өрнектелген.  Сөздікте 
«прототип – әдебиет шығармасындағы кейіпкер-
дің  бейнесін  жасауға  тірек,  негіз  болатын  өмір-
де болған адам, яғни өмірде бар бастапқы, түпкі 
тұлға» деген анықтама берілген [Ахметов З., 1998]. 
Еңсебек Әсіловтің бейнесі белгілі бір тарихи тұлға 
болмаса да, күнделікті күйбең тіршілікте жиі кез-
дестіретін «кішкентай адамдардың» прототипі деп 
тануымызға болады [Русские писатели о литера-
турном труде, 1955].
«Айымбала» – күрделі шығарма. Мұнда Айым-
баланың басынан өткерген қиыншылықтары бей-
неленген.  Автор  өзінің  әскердегі  өткен  өмірінен 
шегініс  жасай  отырып,  қанішер  Осокиннің  жас 
қызды зорлағаны, ары төгілген қыздың тоғызын-
шы қабаттан құлап өлгені айтып өтеді. Ал осы оқи-
ғаның  басы-қасында  жүрген  сержант  Сержанов 
жаманнан жиренудің орнына Айымбаланың арын 
төгеді [Төрт томдық шығармалар жинағы, 2005].
Жалпы  адамдар  мінезінің  көп  қырлы  түсінік-
сіздеу жағы да осы шығармасында көрініс тапқан. 
Кейбір адамдар біреудің жіберген қатесінен сабақ 
алып, дұрыс жолын таңдай алады. Ал кейбіреулер 
өзгенің қателігінің неге ұрындырғанын көріп тұр-
са да, өз басынан өткермейінше дұрыс түсіне ал-
майтын пенделер. Осы пенделердің типтік бейнесі 
Сержановтың образы арқылы өте ұтымды ашыл-
ған.
Айымбала  өр  мінезді  қыз.  Өзі  тәкаппар,  білі-
мі жоғары қайран аруды қазан ұрды. Бәлкім кінә 
өзінен де болар, әйтпесе жыңғылды көкке аунап 
несі бар? Айымбаланы бәрібір кінәлай алмайсың. 
Ол сылақшы қыздай өзін құрбан еткен жоқ, өмір-
мен күресе білді. Тағы ерекше көңіл бөлетін штирх 
– Айымбала ұяттан қорқып алысқа қашып кеткен 
жоқ. Сол ауылда, сол мектептің бір мұғалім жігі-
тімен  тұрмыс  құрып,  Жарасым,  Ұнасым,  Үйлесім 
атты үш перзенттің анасы болды. Сонда да тән жа-
расы жазылар-ау, ал жан жарасын қайда қоямыз? 
Кінәлі кім? Мұндай сұрақтың шешуін автор тағы да 
оқырман еншісінде қалдырады. 
«Шығарма»,  «Ақпандағы  мысықтар»  туынды-
ларында тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тұрмыс 
тіршілігі, хал-күйі суреттеледі. 
«Шығарма» әңгімесінде жоғарғы оқу орында-
рындағы әділетсіздіктер, білім сапасынан гөрі бар-
мақ басты, көз қысты әрекеттердің белең алғаны 
баяндалады.  Түйінді  ой,  түпкілікті  мақсат  тағы  да 
айқын.  Жемқорлық  жайлап  бара  жатқан  қоғам, 
әділетсіздік жайлап бара жатқан әсіре тірлік. Мұ-
ның ұлттық идеяның тамырына балта болып ша-
былар  бағытына  қарсылықтан  туған  ой  екендігі 
анықталады.
«Ақпандағы  мысықтар»  күрделі,  жұмбақ 
қыры мол, көтерер жүгі салмақты туынды. Көп-
шіліктің  бір  кездері  жұмыстарын  тастап  базар 
жағалап кеткен кездері болғаны ақиқат. Өмірдің 
осы  көлеңкелі  тұсы  өз  пердесін  айқара  ашады. 
Қоғам  келеңсіздіктері  астармен  көрініс  табады. 
Ері әйелінің, әйелі ерінің көзіне шөп салып, бі-
рін-бірі алдап жүрген опасыз адамдар.
Автор мұнда енді бұрынғыдай жеңіл юмор-
ды емес, ащы сарказмға ауысқан. Сөз соққысы 
астарлап  барып  дәл  өзекке  тиеді.  Бәлкім  осы 
шығарманы  оқып  отырып  талайлардың  жүзде-
ріне  оты  шыққан  шығар.  Шығарма  құндылығы 
ой жұмбақтылығында, оқырман көкейінде. Неге 
мауыққан  мысықтар  алынған?  Келеңсіздіктерге 
кім кінәлі? Жұмбақ жағдайлармен автор не айт-
қысы келді? – деген секілді проблемалық сұрақ-
тар туындайды. Жазушының кейінгі кездері жаз-
ған  туындылары  толысқан  шабытты  еңбегінен 
туындағаны белгілі. 
Әрбір адам – туған жердің перзенті. Ал, қалам 
ұстап, ой тербетуді мұрат тұтқан талант иесінің 
алғашқы  туындылары  туған  жерден  нәр  алып, 
өрістемек,  өркен  жаймақ.  Міне,  жазушы  Мар-
хабат  Байғұттың  шығармашылығындағы  өзекті 
арна, өрелі тақырып – осы туған жер мен оның 
ұландары. 
Адамдардың  бір-бірімен  жарастық  қарым-
қатынасының  сырын  шертетін  «Момын  шал», 
«Кенжебек»,  «Тынышбұлақ  тасығанда»,  «Арман 
жеңге»,  тағы  басқа  әңгімелерінің  қай-қайсысы 
болса  да  сезім  пернесін  қозғап  өтеді.  Кіршіксіз 
таза  көңілді  момын  шал  бейнесін  өте  жақын 
адамыңыздай  көресіз.  Оның  азаматтығы  тәнті 
қылады.  Тегінбай  бейнесі  де  оқушы  назарынан 
тыс  қалмайды.  Момын  шал  –  Қобланды  тәрізді 
ер-азаматтар ел басына күн туғанда, етігімен су 
кешсе,  Тегінбайлар  қарақан  басын  сақтап,  бұқ-
пантайлап  қалды.  Момын  шал  тұлғасы  өткені-
мен биіктей түссе, Тегінбай соғұрлым кішірейеді.
Адамдыққа  жаны  құштар,  кіршіксіз  таза  кө-
ңілді Рақым, Кенжебек бейнелерінің характерін 
ашуда автор жасандылыққа бармайды. Ана ма-
хаббатына, қам көңілге шөліңкіреген Кенжебек 
болса, жүрегі адалдық, әділдік іздеп шарқ ұрған 
Рақым бала бейнелері көз алдымызға келіп, ме-
йіріммен  маңдайынан  сипап  қалғыңыз  келген-
дей болады. 
Автор көркем бейне жасауда олардың бір-бі-
рін қайталамауын, ұқсамауын көздеп, әр қыры-
нан алады. Бұдан жазушының өзіндік мәнері мен 
машығын  тануға  болады.  1980  жылы  «Жалын» 
баспасынан жазушының «Сырбұлақ» атты жаңа 
жинағы жарық көрді. Кітаптың беташары «Сыр-
бұлақтың бойында» әңгімесі үш циклді құрайды. 
Біріншісі, «Соңғы малайда» алыстағы Сырбұлақ 
аулына теңдік заманының шұғыласы жаңа-жаңа 
себездей  бастағанда,  Жидебай  байдың  сабаға-
нын  тұңғыш  рет  кек  тұтқан  Андызбай  кеудесін 
ыза (өзіне әзірге беймәлімдеу күшке арқа сүйей-


183
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ді) қысып, жалшылықтан кетіп қалады. Кеткенде, 
айқын мақсатпен емес, буалдыр үміттің жетегін-
де кетеді. Сонда ұзаған жері – орыс поселкасы 
Петровкадағы белгілі кулак Кукушкинге падашы 
болу екен.
Жаңа  заман  ағысын  өз  бетінше  пайымдай 
алмайтын Андызбай сияқтылар үшін осылай бо-
луы әбден заңды. Автордың өзіндік қаламымен 
танылар  тұсы  да  кейіпкердің  іштей  түлеу,  даму 
диалектикасын  осылайша  көркемдік  дәлдікпен 
жеткізе білуінде жатыр. 
Кукушкиннің  қара  қабанын  иттерге  талатып 
алған  Андызбай  тағы  да  өлесі  таяқ  жейді.  Ер-
теңіне  мылтықты  адамдар  Кукушкиннің  қолын 
байлап, алып кетеді. Дәл сол сәтте Андызбай ку-
лакқа балта ала жүгіреді. Бұл талай жылғы мұз 
болып  қатқан  іштегі  кектің,  қорлық  пен  азап 
кегінің  сыртқа  шығуы  еді.  Сол  күні  Андызбай 
«комсомол ячейкасы» туралы естиді. Көп ұзамай 
Петровканы тастап, Сырбұлаққа қайтады. Ендігі 
арманы – ауылдағы кедей-кепшіктің балаларын 
ұйымдастырып, «әшейкі» құру, Жидебайлардың 
қолын  артына  байлап,  айдау.  Міне,  Андызбай 
осылайша таптық күреске араласады. 
Адам  бойындағы  асыл  қасиеттерді  –  адам-
гершіліктің, дархандықтың, қайтпас қайсарлық-
тың  болмысын,  оның  жан-дүниесінің,  танымы-
ның өсуі арқылы ашқан. «Сырбұлақтың бойын-
да»  деген  ортақ  атпен  берілгенімен,  мұнда  үш 
оқиға, үш әңгіме бар. Оқиғалар бір жерде, бірақ 
әр уақытта өтеді. «Соңғы малайда» жетім Андыз-
байдың жаңа өмірге оралуы нанымды суретте-
леді. Ол өзінің бай туысқаны Жидебайдың, онан 
кейін белгілі кулак Кукушкиннің малын бағады. 
Екеуі де жетім балаға көрмеген қорлығын көрсе-
теді. Өзінің күні бітіп бара жатқанын сезген кулак 
Иван Кукушкин қара қабанын итке талатып ал-
ғанын сылтауратып, Андызбайды өлтіре соққыға 
жығады. Жетім малай баланы ұрғаны үшін Иван 
Кукушкин ертеңіне тап жауы ретінде жер ауда-
рылады. Сонда соққыдан аяғын әзер басып тұр-
ған жасқаншақ жетімге ерекше күш бітіп, қолы-
на ілінген балтаны алып, қолы байлаулы кулакқа 
ұмтылады. Бірақ мылтықты жігіт жібермеді. Осы-
дан кейін ол Иванның «Қара қабанын балталап 
шаба берді, шаба берді...».
Андызбай қара қабанға емес, өзі сияқты же-
тімдерге  зәбір  көрсеткен  ескі  заманның  қара 
күштеріне  балта  сілтеді.  Ол  өзінің  адам  екенін, 
мына  жаңа  өмірді  жасаушылардың  бірі  екенін 
осы сәтте түсінеді. «Қан долана» әңгімесінде Ан-
дызбай артель бастығы Ерәліні өлтіріп кеткен қа-
рақшы Қарабекті қуып, одан елдің, ердің кеткен 
кегін алады. Туындыда қарапайым еңбек адамы-
ның күрескер болып қалыптасуы баяндалған.
Ал,  «Ескерткіште»  соғыста  хабарсыз  кеткен 
Андызбайдың  Мәскеу  түбінде  жаумен  алысып 
мерт  болғанын  Қоңыр  шал  анықтап  қайтады... 
Ол  Мәскеуге  Төлеміспен  бірге  барады.  Төлеміс 
кілем ала қайтса, Қоңыр ауылдың екі азаматын 
тірілтіп  қайтады.  «Сен  де  –  Андызбай,  сен  де  – 
Ошақбай хабарсыз емес екенсіңдер. Алғаш ауыл 
Төлемістің  кілемдерін  жабыла  мақтап  шулады-
ай. Құр қол сүмпиіп келген маған күлісті. Арты-
нан  Андызбай  туралы,  Ошақбай  туралы  айтып 
ем,  Сырбұлақ  та  тыншып,  тыңдап  қалды-ау!» 
деп,  тебіренген  Қоңырдың  бейнесі  жанымызға 
жақын. Оның ойында Ерәліге, Андызбайға ұқсас 
қасиеттер бар. Ол, сірә, азаматтық борышын те-
рең сезініп, оны өзінің бас қамынан жоғары қоя 
білетіндігі болса керек?!
Жазушы негізгі кейіпкердің ішкі монологы ар-
қылы  оқиғаны  өрістетіп,  айтар  ойын  аз  сөзбен 
шебер пайдаланады. Мұны «Теңелбайдағы» со-
ғыстың кесірінен оқи алмаған ақ көңіл Теңелбай, 
«Жаңа  тірліктегі»  адал  еңбегімен  құрметке  бө-
ленген Сәрсен, «Варвараның көмбесі» әңгімесін-
дегі Қалқаман бейнелерінен байқауға болады.
Қысқа,  ықшам  жазу  –  Мархабат  Байғұт  шы-
ғармашылығына етене жақын шеберлік қырла-
рының бірі дер едік. Бұл жөнінде Лев Толстой-
дан артық айтқан ешкім жоқ. Көркем шығарма-
ның құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішін 
бірлігінде  жатқандығын  саралай  келіп  жазушы 
шығарманың құндылығын үш сипатынан анық-
тайды.  «Олар:  мазмұнның  сонылығы;  пішін  яки 
талант;  автордың  шығарма  предметіне  байсал-
ды көзқарасы мен ыстық ықыласы» [Ергөбеков 
Қ.,  2003]  деп  атап  көрсетеді.  Осы  айтылған  ой-
жүйені жазушы әңгімелерінен іздестіріп көрелік. 
Мысалы, осы он параққа жетпейтін «Сырбұлақ-
тың бойында» әңгімесінен бір ауылдың Ұлы төң-
керістен бергі арадағы өмір тынысын айқын се-
зінеміз. Біз сөз еткен «Соңғы малайда» Андызбай 
жалшылықтан кетсе, екінші – «Қан доланада» ал-
ғашқы артель құрылып, ел басы біріккен еді. Осы 
артель  бастығы  Тесікбайдың  баласы  Ерәлі  Қан 
долананың  түбінде  банды  Қарабектің  қолынан 
оққа ұшады. Оларды қуа шыққан Андызбай мен 
Қоңыр Аққұзардың белдеуінде Қарабекті құздан 
ұшырып кек қайтарады.
Осы циклді құрайтын соңғы – «Ескерткіш» әң-
гімесі әсерлілігімен оқушы көңілін сан-саққа жү-
гіртеді. Сырбұлақтың Андызбай бастаған бір топ 
азаматы Ұлы Отан соғысының құрбандарына ай-
налыпты. Қанды қырғыннан аман келген Қоңыр 
шал бейнесі – тұлғалы. Оның бойындағы адам-
гершілік  асыл  қасиеттерді  жазушы  кейіпкердің 
лиризммен ұштасқан ішкі толғаныстары арқылы 
барынша әсерлі береді [Пірәлиева Г.Ж., 2007]. 
Қартайғанда  құрдасы  Төлеміс  екеуі  Мәскеу-
ді  көруге  барады.  Төлеміс  кілем  іздесе,  Қоңыр 
Кремльді  іздейді.  Төлеміс  кілемге  көміліп  келе-
ді.  Қоңыр  Сырбұлақтың  соғыста  хабарсыз  кет-
кен  екі  арысы  –  Андызбай  мен  Ошақбайдың 
зиратын  тауып,  «тірілтіп»  қайтады.  Қоңыр  шал 
осынау азаматтарға ескерткіш орнатуды арман-
дайды. Содан селсовет Әбдіхалыққа барады. Екі 
қабатты  үй  салдырып  жатқан,  өз  ырысы  түгел 
болса,  өзгенің  мұңымен  жұмысы  жоқ  Әбдіха-


184
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
лықтың  өресі  Қоңыр  шалдың  парасатты  ойын 
түсіну  тұрмақ,  түйсінуге  де  жетпейді.  Соғыстан 
жарақатсыз  қайтқан  Қоңыр  осы  ғибратты  тір-
ліктің соңында жүріп, аяғын тасқа жаныштырып, 
балдақ ұстап қалады. Сонда да ауыл адамдары-
ның, мұғалім баланың көмегімен таудың таста-
рынан  ескерткіш  тұрғызады  Қоңыр  шал.  «Ырза 
болыңдар, бауырларым, – дейді ол. – Бұдан ар-
тық  қолымнан  не  келеді?  Әбдіхалық  секілділер 
болмаса, қолымыздан көп нәрсе келер ме еді? ... 
Кім біледі».
Қоңыр шал айтқан осы соңғы сөз лауазымы 
биік, тоқтықтан кекірігі сасыған Әбдіхалық тәріз-
ділердің  кеселді  келбетін  көзге  ұрады.  Мұндай 
кесірі  көпке  тиіп  жатқан  пасық  пейілділердің 
арамызда кездесетіні жасарын емес. Автор соны 
бір штрихпен танытып, кейіпкердің бір ауыз сө-
зімен оқырманға ой салады.
Сонау  соңғы  малай  Андызбайдан  екі  қабат 
үй салдырып жатқан Әбдіхалыққа дейін дәуірдің 
қаншама  бедерлі  бейнесі  жатыр.  Шағын  жанр-
ға  шалқар  сыр  сыйғызып,  көп  ойды  аз  сөзбен 
жеткізген  автордың  шеберлігі  кім-кімді  де  таң-
қалдырарлықтай.  Мұндағы  қазақ  қанының  та-
залығы. «Өлі риза болмай, тірі байымайдының» 
қазақи көрінісі. Ауыл тұрмысындағы әлі де болса 
сақталып келе жатқан тектік тамыр жалғастығы. 
Міне, жазушы шеберлігінің тағы бір көрінісі. Ай-
қайлап, «ұлттық идея», «ұлт тағдыры» деп өзеу-
ремей-ақ  оқырманның  ішкі  жүрегіне  ой  салар 
деталь.
Келесі  әңгіме  «Теңелбайдан»  Сырбұлақ  ау-
лының тағы бір адамын ұшыратамыз. Ол – Тең-
гелбай.  Кей  жағдайларда  баз  бір  жазушылары-
мыздың шығармасын оқи бастағанда-ақ немен 
бітерін  пайымдап  қоятынымыз  бар.  Сондай  да 
автордың сол туындысын жазуға талант күшінің 
жетпегені,  немесе  шалағайлыққа  салынған-ау 
деген пікірге мәжбүрміз. Мархабаттың біз оқы-
ған  дүниелерінен  мұндай  таяздық  байқалмай-
ды. Қай шығармасын болса да тартымды, әсерлі 
бастай отырып, оқырманның күтпеген жағынан 
шығады,  яғни  оқиғаны  тосын  шешіммен  түйін-
дейді [Сманов Б., 1990]. 
Сырбұлақта  өгіз  соқамен  жер  жыртып  жүр-
ген Теңелбай тыңға аттанады. Осы сапарға шы-
ғар  алдында  ғана  колхоз  предсателі  Көсеубай-
ды орынсыз бұйрығы үшін, ащы тілі үшін аттан 
жұлып  алған  болатын.  Кейін  олақ  басшы  қыз-
метінен түскен кезде, «Теңелбай аттан аударып, 
бағымды қайтарды», – дейді екен. Арада өткен 
жиырма  жылдан  соң,  осы  Көсеубай  Атбасар 
жақтың тоғыз медаль, төрт ордені бар Теңелбай 
дейтін  атақты  комбайншысымен  құда  болады. 
Құдалықтан желпініп қайтады. 
Әңгімені  мазмұндай  қысқа  қайырсақ,  осы 
шымыр  басталған  туынды  көңілге  күлкі  үйірер 
жеңіл  юмормен  аяқталады.  Шағын  шығармада 
уақыт  тынысына  сай  өрнекті  өрілген  ел  өмірі 
жанға  жақын.  Оқырман  үшін  елу  төрттің  ерте 
көктеміндегі Дәуқара өгіз бен Теңелбайды қор-
шалаған Сырбұлақ бастауыш мектебінің оқушы-
лары, Құрыш мұғалім, жаңа ғана жер тіліп, буы 
бұрқыраған жер – әсерлі де кестелі сурет.
«Соңғы  малай»,  «Қан  долана»,  «Ескерткіш», 
«Теңелбай»  әңгімелерінің  басты  кейіпкерлері  – 
өмірдің тауқыметін әбден тартқан, тағдыр аямай 
жұлқылаған,  тіпті  бас  көтертпейтіндей  етіп  ез-
гілеген  кішкентай  адамдар.  Жазушы  суреттеген 
адамдар рухының биіктігі сонда, олар жығылып 
жатып, тұрып кетеді. Жеңіліп жатып жеңеді, өліп 
бара жатып өмірін мәңгілік етеді. Бұрын еленіп, 
есе тиіп көрмеген кішкентай адамдардың жаңа 
заман лебімен ең алдымен өз тағдыры үшін, ел 
тағдыры үшін күресетін дәрежеге қалай жетке-
нін  автор  сол  заманның  өз  оқиғасын  суреттей 
отырып, көз алдыңа келтіреді. «Соңғы малайда-
ғы» Андызбай, «Қан доланадағы» Ерәлі, «Ескерт-
кіш»  әңгімесіндегі  Қоңыр  шал,  «Теңелбайдағы» 
Теңелбай  –  бәрі  бір  ауылдың  адамдары.  Олар-
дың бәрі пысықайлардың көзімен қарасақ, алға-
шында аңқау, момын, жасқаншақ, жалтақ, сорлы 
болып көрінеді. Ал, шын мәнінде адал да қара-
пайым  жандардың  әділетсіздікті,  түсінбестікті, 
қиястықты, зорлықты көргенде, оқыстан ширап, 
көздері аршылған бұлақтай жарқ етіп, күтпеген 
ересен қылықпен жан дүниесінің барлық байлы-
ғын алдымызға жайып салып, оқушының сүйіс-
пеншілігін туғызады.
Автор  бұл  әңгімелерінде  кейіпкерлердің  іш-
тей  ширығуын  бірте-бірте  өрбітіп,  шарықтау 
шегіне жеткізеді. Қарапайым шаруалар галерея-
сындағы осынау төрт кейіпкер өмірінен дәуір са-
бақтастығын танимыз. Әрқайсысы өз дәуірінде, 
өз  ортасында  адамшылықтың  биігіне  көтеріле 
алады [Ривкин Джули, 2019].
Ішкі ойын оңайлықпен ұстатпайтын Мархабат 
Байғұттың  не  айтпақ  ниетін  қалай  бағамдаса-
ңызда өз еркіңізде. Шынайы төрелігін беру үшін 
ол ішкі дайындықты, өмірге сауаттылықты, жақ-
сылыққа ділгірлікті, кірпияз кісілікті қалайды. Со-
нысымен де ерекше, сонысымен де өз биігінен 
мен  мұндалайды.  Шындап  әуестеніп  көрсеңіз, 
ешбір  өкінбейсіз.  Сан  қайтара  жасарып,  жаң-
ғырған әдемілік дүниесінен мейірім қандырасыз. 
Әсемдік әлемі осы болар, өйткені ол көзді арба-
майды, көңілді алдамайды. Әңгіме секілді қиын 
жанрда  шеберлікке  қолы  жеткен  М.  Байғұттың 
тағылымы осынысымен ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет