Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет331/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   395
Keywords: parasitosis, toxoplasma, diagnosis of red blood cells, agglutinates, microbiology, virology, 
immunological reactions, reverse hemagglutination reaction. 
КІРІСПЕ
Жер жүзінің әр түрлі елдерінде, соның ішінде 
Қазақстанда  жануарлар  арасында  токсоплазма 
қарапайымдылары  кеңінен  тараған  [Мұхамета-
лин Қ., 1973, 154 б., Халила Ә.Н., 2000, 17 б.].
ҚР АШМ мал дәрігерлік Департаментінің жыл-
дық есептерінде малдардың токсоплазмоз ауруы-
ның деңгейі жыл сайын артып келетіндігін көрсе-
теді. Көптеген ғалымдардың мағлұматтары бойын-
ша  токсоплазмоздан  ауырған  сиырдың  сүт  өнімі 
азаяды, ірі қараның 15% – дейін дертке шалдығуы-
на байланысты өлім – жітім көбейетіні келтірілген.
Кез  келген  ауруды,  соның  ішінде  токсоплаз-
мозды алдын – ала анықтау арқылы жоспарлы, 
жүйелі  түрде  сауықтыру  шараларын  жүргізуге 
болады.  Сондықтан  малдарды  паразиттерден 
сауықтыру үшін олардың негізгі иелерінде тара-
луын анықтау әдістері терең зерттелуі тиіс.
Токсоплазма қарапайымдылары қой, ешкі, ірі 
қара, түйе, жылқы және жабайы жануарлардың 
күйіс  қайыратындары  мен  етқоректілердің  па-
разиті, кейде адамдарға да қауіп туғызады. 
Мал  токсоплазма  қарапайымдыларымен 
зақымданғанда  ұзақ  уақыт  ауырып,  арық-
тайды,  мал  өнімі  кемиді,  жаппай  өлім  жітімге 
ұшырайды.
Токсоплазма  қарапайымдыларының  негізгі 
иелерінде  таралуы  бойынша  ғылыми  зерттеу 
жұмыстар кем жүргізілген. Кейбір деректерде 
токсоплазма қарапайымдыларының негізгі ие-
лерінде таралуын микроскопиялық әдістермен 
зерттеу нәтижелері келтірілген.
Ауруды  аңықтау  клиникалық  белгiлерiне 
және  микроскопиялық  әдістермен  зертхана-
лық зерттеу арқылы жүргiзiледi. Аурудың кли-
никалық  белгiлерi  анық  емес,  көмескi  және 
зертханалық  зерттеулер  көп  уақытты  қажет 
етедi. 
Мал  нәжiсiн  микроскопиялық  әдістер  мен 
анықтау.  Малдың  2  –  4  грамм  өлген  малдар-
дан  алынған  ұлпаларды  фарфордан  жасалған 
түйгiшке салып, ұстiнен су құйып араластыра-
ды. Сонан соң сұйықты сүзгiшпен сұзедi. Сүзiл-
ген 5 – 6 мл. сұйықты тұнбаға түсіредi. Тұнба-


223
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ның үстiндегi сұйықты ақырын төгiп, тұнбаға 1 
– 2 тамшы пайызды виолет ерiтiндiсiн қосады. 
Бiр  минутта  токсоплазма  қарапайымдылары 
жақсы боялады. Боялған паразиттерді әйнекке 
жұқалап жағып, микроскоппен зерттейдi.
Көптеген  зерттеушілердің  мәліметтерінде 
малдың  токсоплазмозын  серологиялық  әдіс-
термен  анықтауға  болатыны  көрсетілген.  [Ха-
лила Ә.Н. Малдың паразит ауруларын иммуно-
логиялық әдiстермен анықтау, Ғылым. 1996].
Осыған  байланысты  токсоплазма  қарапа-
йымдыларының малдарда таралуы мен биоло-
гиясын  және  экологиясын  зерттеу  үшін  жаңа, 
тиiмдi  әдiстер  енгiзу  өзектi  мәселе  болып  са-
налады.
Осы уақытқа дейiн микробиология, вірусо-
логія т.б. салаларда кеңiнен қолданылып жүр-
ген  иммунологиялық  әдiстер  паразитология 
саласында әлiде кем қолданылып келедi.
Бұл  жағдайлардың  себептерiне  токсоплаз-
ма қарапайымдыларының антигендiк құрылы-
мының толық зерттелмеуi, сезiмталдығы жоға-
ры, қойылуы жеңiл және өндiрiсте тиiмдi диаг-
ностикумдар  алу  әдiстерiнiң  болмауы  немесе 
кеңiнен енгiзiлмеуi жатады. 
Сондықтан,  иммунологиялық  реакциялар-
ды қоюға және токсоплазма қарапайымдыла-
рының  антигендерiн  анықтауға  сезiмталдығы 
жоғары диагностикумдар алу әдiстерi зерттелу 
қажет. Осыған байланысты біз ғылыми зерттеу 
жұмыстарымызда токсоплазма қарапайымды-
ларының  таралуын  анықтау  үшін  иммуноло-
гиялық әдістерді колдану жолдарын зерттедік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет