53
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
дениет өкілімен тікелей, аудармашысыз, емін-
еркін қарым-қатынас жасай алуы;
– ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде
қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиет көздерін
ғана пайдаланып қана қоймайды. Сонымен қа-
тар, ғылымы озық дамыған шетелдердегі мол
мәліметтерге қол жеткізе алуы;
– ғаламтордағы үш тілдегі мәліметтерді жыл-
дам меңгеруі;
– үш тілді меңгерген жастар және экономи-
касы дамыған мемлекеттерде білім алуға және
сол озық тәжірибені елге алып келуге мүмкіндік
алуы;
– өз зерттеулерінің нәтижесін алыс-жақын
шетелдердегі жоғары халықаралық деңгейдегі
конференцияларға, конгрестерге, симпозиум-
дарға шығарып, көрсете алатын болуы;
– өзге мәдениеттердің көркем әдебиетін өз
түпнұсқасында оқып, таныса алу мүмкіндігіне ие
болуы;
– пән саласындағы төл әдебиеттеріміздің
озық үлгілерін жетекші шетел тілдеріне түпнұс-
қасынан аудару процесінің басталуы;
– ағылшын тілін оқытудың әдіснамасын әлем-
дегі ең жетілдірілген тіл үйрету тәжірибесі ретін-
де пайдалана алуы;
– өндірістің қай саласында болса да, ағылшын
тілін немесе басқа да шетел тілін білетін маман-
ның жалақысымен салыстырмалы түрде алған-
да, жоғарырақ болуы т.с.
Сонымен бірге елімізде іске асырылып жат-
қан болашақ педагог-психологтарды кәсіби
даярлауда «Үштұғырлы тіл» саясатының пози-
тивті аспектілерімен қатар, мынадай негативті
аспектілерінде қарастырғанды жөн көрдік. Атап
айтатын болсақ,
– тілдерді меңгеру – білім алушының ұзақ уа-
қыты мен көп энергиясын алуы;
– өндірісте құжаттарды рәсімдеуде жұмыс-
тың бірнеше еселенуі;
– компьютерде тілдерді ауыстырып отыруда
уақыттың шығын болуы; қай тілде тұрғанын біл-
мей, сөйлемді жазып қоюы, өшіріп, қайта жазуы,
жүйкеге де елеулі дәрежеде ықпал етуі;
– қазақ тілін басқада тілдер фонетикалық тұр-
ғыдан да, грамматикалық тұрғыдан да, лексика-
лық тұрғыдан да бағындырып алуы;
– басым түсетін тілдерде сөйлейтін халықтар-
дың тілін, менталитетін үйренуі білім алушылар-
дың жалпы рухани құндылықтарының төмен-
деуіне алып баруы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: