185
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
тып-шомып тіршілік толқынындағы қаз-қалпын-
да жүргендігінен шығар. Сындарлы суреткерлі-
гінің жаратылысы мен құпиясынан шығар. Осы
ретте Р.Нұрғалидің «Жазушының объектіге келуі
оның өмірлік жолымен, өз пешенесіне жазылған
тағдырымен сабақтас» [Нұрғалиев Р., 1991] деген
сөздері жазушыға да қатысты айтылған пікір. Се-
бебі, жазушы журналистік қызметті бірге алып
жүргендіктен, оның өмірлік жолы мән-мағына-
лы екендігіне шүбә келтіре қоймаспыз.
Жалпы біреуге еліктемеген және дәстүрден
тыс суреткер болған емес. Мұндай мектептен,
өнер мен өмірдің заңынан, қатал тәжірибесінен
М. Байғұт та өткен. Ол ұлттық төл әдебиетіміздің
тұма бастауынан – ауыз әдебиетінің теңдессіз
үлгілерінен күні бергіге дейінгі арнасынан мол
нәр алған. Сонымен қатар, классикалық орыс
әдебиеті мен әлем әдебиетінің жауһар туынды-
ларынан тәлім алғандығы және бар.
Достарыңызбен бөлісу: