200
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
лауы және келісімі келісімшартта қолының қо-
йылуымен келісілгенін атап», қаражатты қайтару
туралы өтінішті қанағаттандыру мүмкіндігі ұсы-
нылмағанын айтып, жауап берген [URL: [https://
natіonalbank.kz/?docіd=704&swіtch=russіan]].
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушы
субъектінің несиелік қабілетін бағалаудағы не-
гізгі басты факторға оның қаржылық жағдайы
жатады. Ол қарыз алушы субъектінің қызметін
көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете оты-
рып, меншікті және заемдық қаражаттарды ор-
наластыру және пайдалану құрылымдарымен,
сонымен қатар пайданы алу, бөлу, және тиімді
пайдалану сипатталады.
Қарыз алушы субъектінің несиелік қабілетін
бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді
сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде
несие алушы клиенттің қаржылық құжаттары
қолданылады.
Қарыз алушы субъектінің қаржылық жағдайы
оның келесідей төлем қабілетінен байланысты:
– шаруашылық шарттарына сай төлем талап-
тарын өз уақытында қанағаттандыру;
– несиені қайтару;
– жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы
төлеу;
– бюджетке төлемдерді және салықтарды тө-
леу.
Қарыз алушы субъектінің қаржылық жағдайы
жақсы болса, ол өз кезегінде барлық міндетте-
мелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз
алушы субъектінің несиелік қабілетін банктік
талдау шектеулі және кең көлемде жасалады.
Қазіргі таңда қарыз алушы субъектінің несиелік
қабілетіне талдау жасау үшін оның тиімділігін,
төлем қабілеттілігін, шаруашылық – қаржылық
қызметін жан – жақты бағалауға мүмкіндік бе-
ретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады.
Қарыз алушылардың салалық ерекшелікте-
ріне байланысты өтімділік коэффициентінің бір-
шама оңтайлы мәні негізінен 1,2 мен 1,5 аралы-
ғын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен
болуы жарамайды. Өтімділік коэффиценті қарыз
алушы субъектінің қарызды өтеу үшін жедел
түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қа-
ражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты
бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұр-
лым қарыз алушы тұрақты болып келеді [Қазақ-
стан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының
2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысы].
Статистика комитеті дерегіне сүйенсек, елі-
мізде жұмыс істеу қабілетіндегі 8,5 миллионнан
астам тұрғынның 5,1 миллионнан астамында
түрлі банктерден алған несиесі бар екен. Бұл де-
геніміз әрбір төртінші қазақстандықтың немесе
отбасындағы бір-екі адамның мойнында несие
бар деген сөз. Осы несиегерлердің 1 миллион
200 мыңға жуығы алған несиесін қайтара ал-
май отыр, бұл жағдай бүгінде ел арасында жиі
айтылатын проблемалық несиеге айналып отыр.
Олардың банктерге қарызы 1 триллион 2 мил-
лиард теңгеден асқан. Қарызын қайтара алмай
отырған несиегерлердің ісі бүгінде коллектор-
лық агенттіктерге берілген. 2012 жылы «Пробле-
малық несие қоры» құрылып, жұмыс істей бас-
тады. Дегенмен құрылғанына жеті жылға жуық
уақыт болса да бұл қордың өзі аталмыш мәселе-
ге нүкте қоя алмай отыр.
Банк – бұл делдал мекеме. Теңгемен есепте-
генде қазіргі таңда проблемалық несие мөлшері
1 триллионнан асып кетті. Жалпы, экономикаға
берілгені 20 триллион теңге болса, оның 16 трил-
лионнан астамын банктер берген. Осының банк
жүйесі бойынша 8 пайыздай мөлшері – пробле-
малық несие. Бұл дегеніміз – банкке уақытылы,
яғни 90 күнге дейін қайтарылмаған, белгілен-
ген мерзімі өткен несиелер. Мұндай үрдіс, яғни,
Достарыңызбен бөлісу: