159
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
йеге жатқанымен, олардың өзіндік ұқсастықтарға
ие. Мәдениет тіл тәрізді халықтың дүниетанымын,
оның қоршаған ортаға деген қатынасын көрсете-
ді. Тіл мен мәдениет өте күрделі қарым-қатынас-
та. Бұл күрделілік, біріншіден, тілдің мәдениеттің
құрамдас бір бөлігі болып табылатындығында
болса, екіншіден, сол тіл арқылы мәдениеттің
өзіндік көрініс табатындығында және бұған қоса,
тіл өз алдына дербес жүйе екендігі.
Демек, сөз заттың тікелей атауы ғана емес,
адам санасындағы шығармашылық үдерістің
жемісі. Олай болатын болса, сөз затты атап қана
қоймай, оны танытады, анықтайды. Ал таныту
белгілі бір халықтың өмір сүріп отырған кезең-
деріндегі нақты жағдайларына байланысты әр
алуан болады. Бұдан әр халықтың өзіндік қай-
таланбас ерекшеліктері, ұлттық этникалық өзге-
шеліктерін сипаттайтын тілдік деректері болады
деген қорытынды жасаймыз. Лингвомәдениет-
тану – бұл лингвистика мен мәдениеттің аясында
пайда болған, тілде көрініс тауып бекітілген халық
мәдениетінің көрінуін зерттейтін ғылым. Ол зерт-
теу мақсаты, міндеттері , әдістері, нысаны бойын-
ша өз алдына дербес сала болып табылады. Тіл
бір уақытта мәдениетті сақтаудың, дамытудың,
қалыптастырудың құралы, бөлігі болып табыла-
ды. Тілдің көмегімен материалдық және рухани
мәдениеттің шынайы туындылары жарыққа шы-
ғады. Осы идеяның негізінде мыңжылдықтардың
табалдырығында жаңа ғылым лингвомәдениет-
тану қалыптасты.
Осыдан мәдениеттің көне, жанасын, мәде-
ниеттің бар тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де
тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік
тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мә-
дениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен
мәдениет арасында ажырамайтын байланыстың
торабы бар екенінен байқауға болады.
Адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасында-
ғы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын
этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан
туған «
Сепир – Уорф болжамы» халықтық тіл мен
ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышар-
ты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға кө-
терілгенінің дәлелі екенін көруге болады.
Тіл – тек мәдениетті танушы құрал ғана емес,
сондай-ақ тілдің бойында оның (мәдениеттің) ар-
қауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін
айқындап тұратын қасиетінің бар екенін анықтай
аламыз. Тіл рухының қасиеті халықтың ой-та-
нымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде
сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы,
сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай та-
биғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір
салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің
дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен
байланысты этностың психологиялық күйін тілге
қатысты болжаулармен дәлелдеген
В.фон Гум-
больдт концепциясында: «Тілдің табиғаты мен
тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыс-
тылығында», – деген айырықша пікірмен ерек-
шеленді. В.А.Маслова «Язык теснейшим образом
связан с культурой: он прорастает в нее, разви-
вается в ней и выражает ее» деп тілдің мәдениет-
пен байланыстылығын көрсеткен [Леонтьев А.А.,
1993, 9].
Ғалымдардың зерттеулерінде ұлттық тіл мен
халық мәдениеті арасындағы сабақтастықты о
бастан қарастырып, тілдің ішкі формасына сая-
тын қасиеттерін танытқан. Оның (ішкі форманың)
тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми құнды ойлар
мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағыты-
мен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің
болжамы іспеттес. Негізінде, адамзат қоғамының
дамуында – әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-са-
наның жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы
маңызды фактор болып табылады. Әр халықтың
этномәдени тұрмысын ұлт тілінің негізінде, әлем-
дік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қо-
ғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі
тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге
жайған этнолингвистика саласында қарастыры-
лып жатыр. Осымен тығыз байланысты ұлттық
мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары
бір-біріне әсері айқын деректің белгілі бір этнос-
қа тән екендігін танытуда бізге кеш жеткен жаңа
бағыттың бірі – сөз етіп отырған лингвомәдениет-
тану ғылымы. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың
бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан ғалым-
дардың (
Ф.Соссюр, В.Гумбольдт, А.Потебня,
Достарыңызбен бөлісу: