Байланысты: Болатов Н.Ж. Инклюзивті білім беру пр2
Болатов Нурбижан Жомартулы ДОТ МФ 1курс
«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРЫ БАР ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ»
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен жұмыс жүргізу алгоритмі
Отбасыны зерттеу
әлеуметтік ортасы туралы ақпарат жинау, ата ана мен бала қажеттіліктерін зерттеу
отбасының қызмет етуін зерттеу, оның жасырын ресурстарын анықтау
Контакт орнату
психологиялық қорғанысты жою бойынша жұмыс
әріптестікке мотивтеу
Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жолдарын бағалау.
Диагностика нәтижесіне байланысты жұмыс бағыттарын таңдау.
Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізу
Алынған нәтижелер тиімділігін талдау
Отбасылық кеңес беру(психотерапия): отбасындағы эмоционладық бұзылыстарды жоюға көмектеседі. Сабақтар барысында психодрама, гештальттерапия, трансактный анализ сияқты әдістер қолданылады. Бұл әдістер бейімделуге, физикалық және психологиялық денсаулықтың қалыптасуына көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылады. Мүмкіншілігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс.Тәрбиенің бұл түрі тек қана әлеуметтік жұмыскермен ғана емес арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы » Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. С.Д.Забрамнаяның «Психолого-педагогическая диагностика умственного развития детей», Х.С. Замскийдің «Умственно отсталые дети», Е.Е. Чепурныхтың «Дети с особыми нуждами» » мәселесі бойынша зерттеулері құрады. Кез келген бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Декларациясында былай делінген, « Барлық балалар нәсіліне, ақ- қаралығына, жынысына,тіліне,дініне,саяси және басқада түсінігіне, туған жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бәріне құқылы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың және ата-аналарына көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері
Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері
Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер