Болезни хлопчатника и подсолнечника


Фузариозды солу -– Fusarium oxysporum Schl. f. vasinfectum



бет3/4
Дата19.10.2023
өлшемі8,53 Mb.
#119638
1   2   3   4
Байланысты:
А-ш.дақ. аурулары лек

Фузариозды солу -– Fusarium oxysporum Schl. f. vasinfectum

  • Фузариозды солу -– Fusarium oxysporum Schl. f. vasinfectum
  • Республиканың барлық мақта өсіретін аймақтарында кездеседі.
  • Өсімдік бұл ауруға барлық өсу кезеңінде шалдығады. Өскін кезеңінен нағыз жапырақтары түзілгенге дейін ауру қарқынды дамып, кейін саябырлап, өсімдіктің гүл түйіні байланғанда қайта өршіп, вегетацияның соңына дейін тарай береді.
  • Жапырақ бетінде алғаш ұсақ сарғыш дақтар түзіліп, ұлғайып, жапырақты түгел алады. Жапырақ солып, кеуіп түседі, ал жас өсімдіктер қурайды. Залалданған жас өсімдіктердің тамыр мойны ұлпалары қалыңдап, буынаралықтары қысқарып, жоғарғы бөлігінде жаңа шыққан жапырақтары қыртыстанады. Гүл түйнегі байланған кезеңде залалданған өсімдіктің жапырақтары, түйіндері, гүлдері түсіп, сабақтары қурайды. Қауашақтану кезеңінде залалданса, онда ол ашылмай, сабағы күңгірттенеді. Кейде жаз ортасында немесе вегетация кезеңінің соңында өсімдік кенеттен солып, жапырақтары салбырап, түсін өзгертпей қурап, бірақ түспейді. Бұл аурудың барлық түрлерінде сабақ сүрегі қоңырланады (кесіндісінде жақсы көрінеді).

Қоздырғыш жіпшумағы түссіз, перделі, өсімдік түтікшелерінде дамиды. Микроконидиялары бір клеткалы ұсақ, эллипс тәрізді, түссіз. Макроконидиялары орақ тәрізді, үш перделі, көлемі 33-43 х 4,2-4,5 мкм. Хламидоспоралары бір клеткалы, қалың қабатты температураның күрт өзгеруіне төзімді. Саңырауқұлақ 10-35° С температура аралығында дамиды, бірақ оның қарқынды дамуы 18-27°С температура мен 40-70% ылғалдылықта өтеді. Қоздырғыш ылғалдылық 20% төмен 80% жоғары жағдайда өсуін тоқтатады.

  • Қоздырғыш жіпшумағы түссіз, перделі, өсімдік түтікшелерінде дамиды. Микроконидиялары бір клеткалы ұсақ, эллипс тәрізді, түссіз. Макроконидиялары орақ тәрізді, үш перделі, көлемі 33-43 х 4,2-4,5 мкм. Хламидоспоралары бір клеткалы, қалың қабатты температураның күрт өзгеруіне төзімді. Саңырауқұлақ 10-35° С температура аралығында дамиды, бірақ оның қарқынды дамуы 18-27°С температура мен 40-70% ылғалдылықта өтеді. Қоздырғыш ылғалдылық 20% төмен 80% жоғары жағдайда өсуін тоқтатады.
  • .
  • Бұл саңырауқұлақ алғаш өсімдік қалдығында жіпшумақ түзіп, кейін топырақта сапро-фиттерше өмір сүруі мүмкін. Топырақтан өсімдікке саңырау-құлақ тамыр жарақаттары немесе кутикула арқылы еніп, оның барлық мүшелеріне (сабақ, жапырақ, жеміс сағағы, тұқым) түтіктерімен тарайды. Аурудың негізгі қоры – тұқым және залалданған өсімдік қалдықтары. Қоздырғыш қолданылатын құралдар, су және т.б. арқылы да таралуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет