Болезни сопр. 2



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата04.05.2023
өлшемі159,14 Kb.
#89852
1   2   3   4   5   6
Вирустық аурулар
Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде вирустық аурулар ерекше орын алады. 
Ересек адамның ауызында вирустардың біраз түрлері орын тепкен. Көбіне олар 
организмде жасырын түрде кездеседі, ал организмнің қарсыластығы төмендеген кезде 
көбейіп, ауру туындатады. Дені сау адамдардың ауызында қарапайым ұшық вирусы 
(вирус простого герпеса), цитомегаловирус, аденовирустар, энтеровирустар, реовирустар 
жəне басқалары (белгісіз вирустасушылық – бессимптомное вирусоносительство) 
кездеседі.


Қарапайым герпес
Қарапайым (əдетті) герпес, синонимы көпіршікті теміреткі немесе кəдімгі ұшық – герпес вирусы туындататын жұқпалы 
ауру. Антигендік қасиетіне байланысты бұл вирусты негізгі екі топқа (1 жəне 2) бөледі. Бірінші типтегі вирустар 
ауыздың кілегейлі қабығын, теріні, ал екінші типтегі вирустар жыныс ағзаларының кілегейлі қабығын жарақаттайды. 
Қарапайым ұшық вирусы РНҚ (рибонуклеин қышқылы) жəне ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы)-дан тұрады жəне 
жабынды эпителийдің тікенекті қабат жасушаларының ядросында жасырын өмір сүріп, ыңғайлы жағдайда көбеюге 
ұшырайды жəне қайталамалы ауру туындатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1985) ұйғаруынша жер беті тұрғындарының 90%-на аталмыш вирус 
жұққан, ал 20-30%-да ауру белгілері білінеді.
Инфекцияның алғаш рет жұғуы 1-3 жас арасында байқалады. Себебі бұл кезде баланың қанында анадан алған 
антидене жойылады немесе саны азаяды да, организм вирустық инфекцияны оңай жұқтырады. Көп жағдайда балаға 
біріншілік герпестік инфекцияның жұғуы аса көп біліне бермейді, ал кейбір жағдайда біріншілік герпестік ауру дамиды. 
Жас баланың алғашқы айларында ауру өте ауыр түрде дамиды жəне көптеген кілегей қабықты ағзаларды жарақаттайды. 
Сирек жағдайда біріншілік герпеспен ертеректе вирусқа қатынасы болмаған үлкен адам да ауруы мүмкін. Біріншілік 
герпестен сауыққаннан кейін инфекция жасырын түрге ауысып, əртүрлі зиянды ықпалдардың əсерінен (дененің суыққа 
шалдығуы, тумау, жүйкелік күйзелістер, витаминдер тапшылығы) жиі қайталуы мүмкін.
Қарапайым герпес вирусы науқастан немесе вирустасымалдаушы адаммен тікелей жанасу жəне ауа-тамшылары арқылы 
жұғады (герпестік вирус вирустасымалдаушылардың сілекейінен де бөлініп алынған).
Ауыз ішінде герпестік инфекция екі түрде көрініс табады: ауыздың жедел герпестік қабынуы немесе біріншілік 
герпес (острый герпетический стоматит или первичный герпес); ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы немесе 
созылмалы қайталамалы герпес (рецидивирующий герпетический стоматит или хронический рецидивирующий герпес).


Ауыздың жедел герпестік қабынуы (stomatitis herpetica acuta). Ауруды ертеректе «ауыздың жедел афтозды 
қабынуы» деп атаған. 
Науқас адамның жалпы жағдайына жəне кілегей қабықтың жарақатқа ұшырау аймағына байланысты аурудың үш 
дəрежесін (жеңіл, орташа, ауыр), патогенезіне байланысты 5 кезеңін – инкубациялық
(инкубационный),
продромальдық немесе катаральдық (продромальный или катаральный) , даму шыңы немесе бөрткендер шығу 
кезеңі (разгара болезни или высыпаний), бетінің қайтуы (угасания) жəне сауығу (выздоровления или 
реконвалесценции) кезеңдерін ажыратады.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 1-4 күнге созылады. Бұл кезең герпестік вирус жұққаннан кейін 
басталады жəне олар жақын орналасқан лимфа түйіндеріне жетіп, көбейе бастайды. Сондықтан осы жəне 
продромальдық кезеңде аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды жəне ауырады. Ауру жедел басталады, ауырлығына 
байланысты дене қызуы 37-41° С көтеріледі, жалпылай уыттану белгілері - əлсіздік, организмнің салғырттық, 
дімкəстік, бас ауруы, бұлшық еттерінің сыздауы, лоқсу жəне құсу, іші өтуі байқалады. Бала тынышсызданып, 
ұйқысы қашады, тері түсі бозғылтанады, тамақ қабылдаудан, емшек емуден бас тартады.
Продрамальдық кезеңде -ауыз кілегей қабығында жайылған қызару ошақтары пайда болып, ісіну, домбығу , 
балаларда сонымен қатар қызылиектің катаральды қабынуы байқалады, кейде қызылиек жиегі эрозияланып кетуі 
де мүмкін. Ересек балалармен үлкен адамдар ауыз ішінің ысып, күйіп, сыздап ауыратынына, қышуына, сілекейдің 
көп бөлінуіне шағымданады. Кілегей қабақта ішінде мөлдір сұйық бар ұсақ көпіршік бөрткендер шыға бастайды 
жəне топтаса орналасқандықтан сандары да əртүрлі болады. Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, 
орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен 
жабылған эрозиялар пайда болады. Көптеген көпіршіктердің бірігіп барып жарылуынан пайда болған эрозиялар 
белгілі пішінсіз полигональды (көпбұрышты) болып келеді (сурет-10). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет