Болезни сопр. 2


Спецификалық инфекциялар. Туберкулез



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата04.05.2023
өлшемі159,14 Kb.
#89852
1   2   3   4   5   6
Спецификалық инфекциялар. Туберкулез
Туберкулез (құрт ауруы) – спецификалық гранулемалардың (туберкулемалардың) дамуымен сипатталатын 
созылмалы жұқпалы ауру. Бұл ауру кезінде адамның барлық ағзалары жарақаттануы мүмкін, соның ішінде бет 
аймағы мен ауыз ауыз іші ағзалары да жарақаттануға ұшырайды.
Роберт Кох 1882 жылы туберкулез туындататын микобактерияларды ашқан. Адамға патогенді болып 
саналатын микобактериялардың (1.адамдарда, 2.бұқаларда ) кездесетін екі түрі бар. Адамға ауру ауа, тамақ 
арқылы жəне бүтіндігі бұзылған тері мен кілегей қабық арқылы жұғады.
Ауыз кілегей қабығы мен ерін жиектері көбінесе екіншілік жолмен өкпе сүйек жəне лимфа түйіндері 
туберкулезі кезінде жарақаттанады жəне оларға туберкулез микобактериялары қан жəне лимфа арқылы 
ауысады. Ауыз кілегей қабығында микобактериялар ұзақ өмір сүре алмайды, тез жойылады. Сондықтан сирек 
жағдайда жас балалар болмаса, ересек адамдар ауызында біріншілік туберкулез тіптен кездеспейді. 
Туберкулездің дамуы, оның ағымы жəне даму барысы организмнің иммундық жағдайымен, реактивтілігімен 
тікелей байланысты. Туберкулез кезінде Т-лимфоциттердің қатысуымен клеткалы иммундық реакция дамиды 
жəне көбінесе туберкулез гранулемасының (беті ашық аймақта бұдырмақтың) пайда болуымен сипатталады.
Туберкулез гранулемасы – продуктивті қабыну ошағы, эпителиоидты жəне көпядролы алып Лангханс-
Пирогов клеткаларынан тұрады. Біраз уақыттан кейін орта бөлігі ірімшіктектес өліеттенуге жəне ыдырауға 
(казеозды ыдырау) ұшырап туберкулез жарасына айналады. Туберкулез гранулемасының грануляциялық 
тінінің құрамында фибробластармен бірге көп мөлшерде лимфоциттер мен плазматикалық клеткалар кездеседі.
Ауыз кілегей қабығы мен ерін жиектерінде екіншілік туберкулез инфекциясы туберкулез жегісі жəне 
миллиарлы – жаралы туберкулез түрінде кездеседі. Өте сирек жағдайда скрофулодерма (колликвативті 
туберкулез) кездеседі.


Мерез (Сифилис - Lues) созылмалы жыныстық ауру қатарына жатады жəне 
көбіне жыныс жолдары арқылы беріледі. Дж Фраскстороның поэмасындағы 
бақташы Сифилустың атымен аталған ауру. Ауру қазіргі кезде Қазақстанда
кең 
өріс ала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет