Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «Табу» ойынын ұйымдастыру.
|
Ойынның шарты: оқушыларға кілт сөз және қолдануға болмайтын сөздердің тізімі жазылған карточкалар таратылады. Әр оқушы өз катрочкасындағы кілт сөзді түсіндіру үшін тақтаға шығып, табу-сөздерді қолданбай түсіндіруге тырысады. Оқушы кілт сөздің мәнін ашу үшін барлық білімін қолдануы керек және ғылыми тілді, толық анықтамасын, қасиеттерін, ерекшеліктерін қолдануы керек.
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың «аммиак және оның тұздары» тақырыбы бойынша білімін қалыптастырушы бағалау және оқушы қызығушылығын тудыру, тақырыпты анықтау.
Қалыптастырушы бағалау:
Орындау барысында мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы мен кері байланысы.
Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалап кері байланыс жасауы. (Мұғалімнің фронтальды сұрақтары негізінде: -қандай қателіктер жіберілді? –не істеу керек? –осындай тапсырмаларды орындауда болашақта нені ескересіз?)
Сабақтың тақырыбы анықталады. Мұғалім оқушыларды оқу мақсаты және сабақтың жоспарымен таныстырады. Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелерді оқушыларға бірлесіп құрастыруды ұсынады.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
https://youtu.be/DXkUH0D9FKg
|