(Т) №1 тапсырма.
Практикалық тапсырмада input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау жолдарына программа құрастырыңдар:
|
1-топ:
1) 352*985*25*3
2-топ:
2) 362+1206+215554+6957+628
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасайды.
Берілген есептердегі өрнектердің орындау жолдарына программа құрастырады.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
|
Сызықтық программаларды құруға арналған тапсырмалар
(Т) 1-топ: №2 тапсырма.
Х сандар осінде Х1 және Х2 бүтін санды нүктелері берілген (1-сурет). Осы нүктелер арасындағы қашықтықты табатын программа құрастыр.
(Т) 2-топ: №3 тапсырма.
Х -тің мәні берілген деп, төмендегі өрнектін мәнін есепте.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
«Еркін микрофон» әдісі арқылы төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
input() функциясындағы әдістердің қандай маңызы бар?
print() функциясында end=’\n’ әдісін қандай мақсатта қолданады?
Программалау кезінде input() функциясын қолдану алгоритмнің қай қасиетін орындауға мүмкіндік туғызады?
input() және print() функцияларының қандай негізгі айырмашылығы бар.
‘548+895+1000+5012’ жолынан сандарды ажыратып, оларды бір-біріне қосу үшін input() функциясы қалай жазылады?
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
|
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
|
«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|