Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының жетістігін белгілеу



Дата03.10.2022
өлшемі210 Kb.
#41146
түріСабақ

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының
жетістігін белгілеу. Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.
Жалпы алғанда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау білім алушының оқудағы кемшіліктерін уақытында анықтау және оның алдын алу үшін өткізіледі. Белгілі болғандай, білім алушылардың басым бөлігі өз оқуында түріне, санына, сапасына және т.б. қарай белгілі бір кемшіліктерді жинақтай бастайды және жалғастырады. Егер «кемшілік» сөзінің мағынасына мән беретін болсақ, ол қателік немесе кемшілік, жетіспеушілік дегенді білдіреді (Ушаков, 1940). Өз кезегінде қателік дегеніміз тиісті нәрсені орындамау, жеткіліксіз қарау, ұқыпсыздықтан қателік жіберу, ал кемшілік, жетіспеушілік дегеніміз жетілмеу, ақаулық, олқылық, бір нәрсенің сапасыздығы деп сипатталады. Сондықтан оқудағы кемшіліктердің сипатын қарастыра келіп, кейбір білім алушылардың кемшілік деп танылатын мардымсыз, жөндеуге болатын қателіктері, кейбіреуінде маңызды кемшіліктер, олқылықтар бар деп айтуға болады.
Кемшіліктерді анықтау үшін мұғалімдерге сапалы (валидті) тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды меңгеру деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі тиіс.
Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау үшін ең сенімді, жарамды (валидті) негізді талап ететін үдеріс екенін естен шығармауымыз қажет. Негіз ретінде қалыптастырушы бағалау кезіндегі бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау кезіндегі нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа қосымша негіздеме ретінде мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы шешім қабылдауы кезіндегі сенімділігін арттыру мақсатында туындаған қиындықтарды білім алушымен бірге талқылауына болады.
Тоқсан барысындағы жиынтық бағалауға қатысты білім алушы нәтижесінің мысалы 1-кестеде берілген.

Бөлім бойынша жиынтық жұмыс қорытындысы негізінде білім алушының жеткен оқу жетістігі деңгейі тапсырманы орындау пайызына сәйкес анықталады.
Кері байланыс – білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз бетінше анықтайды.
Жетістік критериі бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы ұсынуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет