Ә-мәтіні «Samsung» компаниясы жақында шығарған Galaxy смартфонындағы экран бетіне қолды тигізбей-ақ басқару технологиясын одан әрі жетілдіріп келеді. «Samsung» Техас университетінің ғалымдарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға таптырмас құрал ойластыруда. Технология бас киім, Galaxy Note планшеті және арнайы қосымша көмегімен жүзеге асатын болады. Қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен плей-листтегі тректерді таңдауға болады. Жүйе мидағы бұйрықты сканерлеп, оны шын бұйрыққа айналдырады. Ғалымдардың сөзінше, технология әзірше шикі. Мысалы, арнайы бас киімді жөндеп орналастыру үшін 45 минут уақыт кетсе, электродтардың мидағы жұмысты қабылдауы үшін басқа арнайы гель жағуға тура келеді. Бірақ қазірдің өзінде жүйе 90% дәлдікпен жұмыс жасап тұр.
(99 сөз)
https://www.balakai.kz/ertegler/749-sh-zhalau.htm