Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет20/99
Дата01.10.2023
өлшемі1,11 Mb.
#112287
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ

Іс-әрекет құрылымының суреті












(Интериоризация)



Сыртқы, заттық.

Ішкі, ақыл-ойға негізделген




(Экстериоризация)













Үшіншіден, іс-әрекеттің психологиялық теориясы әрекет түсінігі арқылы реакативтік принципті қарсы қойып, белсенділік принципін енгізеді. “Белсенділік” пен “реактивтік” ұғымдарының айырмашылығы неде? “Реактивтік” ұғымы жауап әрекеті мен белгілі ынталандыруға(стимулға) әсер етуді білдіреді.


Төртіншіден, “әрекет” ұғымы адамның іс-әрекетін заттық және әлеуметтік әлемге шығарады. Іс-әрекеттің мақсаты тамақ табу сияқты тек қана биологиялық мағынаға ғана ие болып қоймай, биологиялық мәнмен байланысы жоқ әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға да бағытталуы мүмкін.
Талдаудың негізгі элементі ретіндегі “әрекет” ұғымының сипаттамаларына сүйене отырып, іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі принциптері қалыптасады:

  1. Сана –өз-өзінде тұйықталған құбылыс ретінде қарастырыла алмайды: сана іс-әрекетте көріну керек.

  2. Жүріс-тұрысты адам санасынан бөліп қарастыруға болмайды.

  3. Іс-әрекет – бұл белсенді, белгілі мақсатқа бағытталған процесс. (сана мен жүріс-тұрвс арасындағы байланыс принципі)

  4. Адам іс-әрекеті заттық болып келеді; олардың мақсаты әлеуметтік сипатқа ие. (адам іс-әрекетінің заттылығы және оның әлеуметтік негіздемесінің принципі)

Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекет мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әрқырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар –өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.
Енді әрбір әрекет әртүрлі жолдармен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекттің мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясында мақсат міндет деп аталады.
Міндетке байланысты операция әр түрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады.Осылайша, операциялар – іс-әрекеттің ірірек бірліктері.
Операцияның басты қасиеті олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі – ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың екі түрі болады: бірінші түріне адаптация мен бейімделу арқылы пайда болған операцияны жатқызамыз. Ал екінші түріне – автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасыз әрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызуға болады. Бірінші түр айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.
Жоғары айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен әрекеттер арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.
Енді іс-әрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге өтелік – ол психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп – психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категорияға жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.
Психофизиологиялық функциялар психикалық функциялардың іске асуына қажетті алғышартты да, іс-әрекет құралын қамтамасыз етеді. Мысалы, біз керекті ақпаратты еске сақтағымыз келсе, онда тез және сапалы еске сақтап алудың арнаулы тәсілдерді қолданамыз. Бірақ егер біздің есте сақтау қабілетін қамтамасыз ететін мнемикалық функциямыз болмаса, онда біз ақпаратты есте сақтай алмас едік. Мнемикалық функция туа пайда болатын функция болып табылады. Туылған сәттен бастап бала көп мөлшердегі ақпаратты есте сақтай бастайды. Сонымен қатар есте сақтау мүлдем мүмкін болмайтын естің ауруы болады (корсаковский синдром). Бұл ауру мнемикалық функцияның бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұндай ауруға шалдыққан адам тіпті бірнеші минут бұрын болған оқиғаны есіне түсіре алмайды. Сондықтан да психофизиологиялық функциялар іс-әрекет процестерінің органикалық фундаментін құрайды. Оларсыз нақты әрекеттер ғана емес, міндеттің іске асуы да мүмкін болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет