Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


§ 4. Әрекет физиологиясы және белсенділік физиологиясы



бет22/99
Дата26.11.2023
өлшемі1,18 Mb.
#128331
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99
Байланысты:
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ

§ 4. Әрекет физиологиясы және белсенділік физиологиясы
Психомоторика туралы жалпы түсінік Осы бөлімде біз Кеңес психологиясының орталық түсінігімен таныстық – ол іс-әрекет. Іс-әрекет – бұл өте күрделі және көп аспектілі құбылыс. Бұл құбылыс психикалық және физиологиялық процестердің бірлігінің арқасында пайда болады. Кеңес ғалымдарының ішінде өміріміздің керекті шарты ретінде әрекетке ең алғаш болып көңіл аударған И.М.Сеченов. Бұл мәлелені ол “Бас мидың рефлекстері” деген кітапты дамытқан.
Адамның әрекет пен іс-әрекетінің әр түрлі психикалық құбылыстарының байланысын И.М.Сеченов психомоторика деп атаған. Оның ойынша, психомоторлық іс-әрекеттің алғашқы элементі болып қозғалғыштық әрекет болып табылады. Жаттығу немесе қайталану барысында дамитын қозғалғыштық әрекетті қозғалғыштық немесе психомоторлық дағды деп атаған жөн.
Кез келген қозғалыс немесе саналы әрекеттің әрдайым мақсаты болады, яғни ол бағытталған. Сондықтан да біздің күшіміздің жұмсалатын белгілі бір өрісі болуы тиіс. Психомоторика проблемаларын қарастырғанда бұл өрісті моторлық өріс деп атайды.
Одан басқа саналы әрекет жасау үшін біздің күшіміз жұмсалатын өріс сенсорлық өріс деп аталады. Бұл өрістен ақпарат қабылданады.
Психологияның дамуына орай іс-әрекеттің ұйымдастырылу жүйесі туралы түсініктер өзгеріп отырды. И.М.Сеченовтің “Бас мидың рефлекстері” деген еңбегінің жарыққа шығуымен және “психомоторика” терминінің дәлелденуімен, одан соң И.П.Павловтың шартты рефлекстерді ашуына орай психологияда іс-әрекеттің рефлекторлық табиғаты туралы түсінік берік сақталды. Әдетте әрекеттер қабылданған ақпаратқа жауап реакциясы ретінде қарастырылады.
Қабылдау мен жауап әрекетінің байланысы сенсомоторлық процесс деп аталады. Психомоториканың зерттеу барысында зерттеушілер жауап реакциясының үш тобын бөліп шығарды: қарапайым сенсомоторлық реакция, күрделі сенсомоторлық реакция және де сенсомоторлық координация.
Кез-келген сенсомоторлық реакция жеке әрекет немесе күрделі психомоторлық акттың элементі ретінде қастырылады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда сенсомоторлық реакциялар шартты рефлекстер ретінде көрініс алады.
Психомоторлық процестердің ерекше түрі ретінде сенсоречивті және идеомоторлық реакциялар ерекшеленеді. Сенсомоторлық реакциялар тәрізді сенсорлы реакциялардың да үш кезеңі болады: сенсорлық, орталық және моторлық. Бірақ орталық кезең өте күрделінген және де екінші дабыл жүйесінде өтеді, ал моторлық кезең сөлеудің қимыл компоненті ретінде айқындалады.
Психомоторикада әрекет пен оның орындалуын түсінігін байланыстыратын идеомоторлық процестер ерекше орын алады. Бұл процестердің мәні жетік іс-әрекетті меңгеру барысындағы автоматизмдер мен дағдының қалыптасуында.
Психомоторика мәселелерін өндіру өзінің жемісті нәтижелерін берді. Оның нәтижелері спорт саласында, әскери істе, арнайы оқытуда, т.б. салаларда кеңінен қолданылды. Бірақ психологияның дамуы барысында іс-әрекеттің компоненті болып есептелетін әрекеттің сенсомоторлық процеске қарағанда құрылымы күрделірек болып келеді. Психомоториканың ең басты кемшілігі қозғалыс актісі сенсорлық дабылға жауап реакциясы ретінде қарастырылатындығы. Өзіміз білетіндей, әрекет әрдайым саналы болады, яғни ол біздің сана өрісімізде болып, бақыланады. Сана әрдайым белссенді болатынын ескерсек, саналы қимыл мен іс-әрекет те реактивті емем, белсенді болады. Адам белсенділігі мен іс-әрекетінің қайнар көзі сыртқы ортаның әсері емес, адамның психикасы, оның қажеттіліктері мен мотивтері болып табылады.
Әрине, сенсоморлық процестерді жоққа шығаруға болмайды. Олар адамның іс-әрекетіне қатысады, бірақ сенсоморлық процестер саналы әрекеттердің барлық механизмдерін түсіндіре алмайды.
Әрекет ұйымдастыруының механизмдері. Психологияда қазіргі таңдағы әрекет физиологиясы туралы түсінікті экспериментальды түрде дәлелдеген белгілі Ресей ғалымы Н.А.Бернштейн.
Жоғарғы білімі бойынша невропатолог-дәрігер, ал ғылыми қызығушылығы бойынша физиолог болған Н.А.Бернштейн ғылыми әдебиетте белесенділік принципінің жақтаушысы болды. Бұл принцип – іс-әрекеттің теориясының іргесі болып есептеледі. 1947 жылы Бернштейннің “Әрекеттің құрылымы” деген негізгі кітабы шықты. Бұл кітап Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Бернштейннің зерттеу объектісі қалыпты организмнің және адамның қимылдары болып табылады. Бернштейннің зерттеулерінде еңбек қимылдарына көп көңіл бөлінді.
Бернштейн жасаған алғашқы қорытынды мынандай болды: ол әрекеттерді басқарудың жаңа принципін ұсынды. Ол сенсорлық коррекция принципі деп аталынды.
Бернштейннің ойынша, әрекеттерді орындау барысына әсер ететін факторларды қарастырайық. Біріншіден, әрекетті орындау кезінде реактивті күштердің құбылысы пайда болады.
Екіншіден, әрекетті орындағанда инерция құбылысы пайда болады, яғни инерциялық күштер орын алады.
Үшіншіден, белгілі сыртқы күштер әрекеттің орындалуын өз ықпалын тигізеді.
Төртіншіден, тағы бір әрекетті орындаған кезде көп ескеріле бермейтін фактор бар, ол – бұлшықеттердің бастапқы күйі. Бұлшықеттердің күйі әрекетті орындаған кезде ұзындықпен қатар өзгереді.
Осылайша, әрекеттің орындалуына тікелей әсер ететін бірқатар факторлар бар. Сондықтан орталық жүйке жүйесіне әрекетті орындау барысы туралы тұрақты ақпарат қажет. Бұл ақпарат кері байланыс дабылдары деп аталады. Бұл дабылдар миға бұлшықеттерде бір уақытта бірнеше каналдардан түсуі мүмкін. Мысалы, приприоцептивті рецептерлерден, көру органдарынан, есту арқылы, т.б.
Осылайша, әрекеттердің іске асу механизмдерінің схемасы жайында қорытынды жасауға болады. Бернштейн оны рефлекторлы сақина схемасы деп атады. Бұл схема сенсорлық коррекция принципіне негізделген.
Қарапайым түрде бұл схеманың көрініс былайша болып келеді: Моторлық центрден (М) бұлшықетке (бұлшықеттің жұмыс нүктесі) эфекторлық бұйрықтар келіп түседі. Бұлшықеттің жұмыс нүктесінен сенсорлық орталыққа (S) афференттік кері байланыс дабылдары түседі. ЦНС-те келіп түскен ақпараттың өңделуі жүреді. Басқарудың сақиналы процесі құрылады.
М S М S



Эф.дабыл. Аф.дабыл.



Бұлшық еттің жұмыс нүктесі

Бұлшық еттің жұмыс нүктесі

Бұл схемада келесі элементтер қатысады: Моторлық “шығыс” (эффектор), сенсорлық “кірістер” (рецептор), жұмыс нүктесі немесе объект, бағдарлама, регулятор.


Рефлекторлық сақинадан басқа Бернштейн іс-әрекеттің құрылымдық деңгейі туралы идеяны ұсынды. Өз зерттеулерінің барысында ол мынаны аңғарыпты – кері байланыс дабылдарының ақпаратына байланысты – яғни бұлшықеттердің шиеленісуі туралы ақпарат бере ме, дене мүшелерінің қалыпы туралы, әрекеттің заттық нәтижесі, т.б. аференттік дабылдар әр түрлі деңгейдегі моторлық жолға өтеді. Әрбір деңгей өзінің ерекше моторлық көріністері болады - әрбір деңгейге өзінің әрекет классы сәйкес келеді.
А деңгейі – ең төменгі және филогенетикалық ең көне деңгей. Адамда ол жеке мәнге ие бола алмайды, бірақ кез-келген әрекеттің маңызды аспектісіне жауап береді – бұлшықеттердің тонусы. Бұл деңгейге бұлшық проприорецепторлерінен дабылдар келіп түседі. Жекеше бұл деңгей аз ғана әрекеттерді ретке келтіреді. Негізінен, ол тремор мен вибрацияға (дірілге) байланысты. Мысалы, тоңған кезде тістің қағысы.
В деңгейі – синергия деңгейі. Бұл деңгейде негізінен бұлшықет-буын рецепторларынан келіп түскен дабылдары өңделеді. Осылайша, бұл деңгей дене ауқымымен тұйықталады және жеке әрекеттерге мимикалар жатады.
С деңгейі – бұл деңгейді Бернштейн кеңістік өрісі деп атады. Бұл деңгейге көру, есту, сипап-сезу органдарынан сигналдар түседі.Бұл деңгейде объекттің кеңістікке бейімделген қасиеттері – яғни олардың пішініне, қалпына, ұзындығына, салмағына, т.б.
D деңгейі – зат әрекеттерінің деңгейі. Әрекеттердің заттармен ұйымдастырылуына жауап беретін бас ми қабығының деңгейі. Бұл деңгейдегі қимылдар әрекет ретінде көрсетіледі. Мұнда қозғалғыш құрамы немесе қоғалыс құрамы бекітілмеген, тек қана нақты нәтиже берілген.
Е деңгейі – ең жоғарғы деңгей – интеллектуалды қозғалыс актілер деңгейі. Бұл деңгейге сөйлеу қозғалыстары, хат қозғалыстары жатады. Бұл деңгейдегі қозғалыстар заттық сипатта емес, вербальдық сипатта болады.
Қозғалыс құрылымының деңгейлерін қарастыра отырып, Бернштейн бірнеше өте маңызды қорытындылар жасайды. Қозғалыс ұйымдастырылуына әдетте бірнеше деңгейлер қатысады. Мысалы, хат жазу – күрделі қозғалыс болғандықтан оған бес деңгей қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет