2– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Қуат көздерін үнемдей білеміз бе?»
Оқу мақсаты
6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы
арқылы негізгі ойды анықтау
6.4.4.1- мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба –кестелер жасау
Бағалау критерийіБілім алушы
Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды
Мәліметтерді жинақтап, суреттер мен сөз тіркестері арқылы постер, сызба –кестелер жасайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Түсіну, қолдану
Орындау уақыты
15 – 20 минут
1 - тапсыр
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. (10 минут)
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін электр энергиясын
алады. Былтыр осы бастама үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар –негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шаруашылық иелері. Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілер қуаттырақ. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3килловат электр энергиясын өндеді.
89 сөз
(Астана, 9 ақпан 2015жыл. Baq.kz)
http://old.baq.kz/kk/ news/ kogam_aimak/
kostanailik-onertapkish-zhelden-kuat-omdirmek-605118
Достарыңызбен бөлісу: |