«ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ» БӨЛІМІНДЕ НЕ БОЛУЫ КЕРЕК?
Оқушылардың оқу нәтижелерінің динамикасы (аттестатталу кезеңінде) (таблицалар, сипаттау, диаграммалар түрінде)
Диаграмма – оқушылардың оқу жетістіктерін көрсетуге арналған ең қолайлы динамика. Мұнда оқытудың әр жылының маңыздылығын пайыз арқылы көрсету қажет,
мысалы:
Динамиканы кесте түрінде де көрсетуге болады. Екі қатардан және қажетті бағандардан тұратын кесте құрыңыз. Жоғарғы жолға уақыт көрсеткіштерін (оқу жылы), төменге – процесс өлшемдерінің мәліметтерін жазыңыз.
2015-2016 оқу жылы
2016-2017 оқу жылы
2017-2018 оқу жылы
2018-2019 оқу жылы
Динамика
49,2%
48%
54,7%
61,2%
12%
Білім сапасының динамикасын қалай есептеу керек:
Аттестаттау мерзімі алдыңғы біліктілік санатын тағайындау (растау) сәтінен басталады (айы, күні біліктілік санатын алу туралы бұйрықта жазылады).
Алдыңғы санатты тағайындау (растау) туралы бұйрық шыққанға дейін біліктілік санаттарын беруге (растауға) өтініш берілмейді.