Бөлімі бойынша бақылау тестілер Қай жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»



бет5/10
Дата15.12.2023
өлшемі58,39 Kb.
#138501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тесты НВП

«Атыс даярлығы» тарауы бойынша бақылау сұрақтары

5. «Саптық дайындық» бөлімі бойынша бақылау тестісі

1. Сап дегеніміз:

А) әскери қызметшілердің, бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін белгіленген орналасуы.

В) әскери қызметшілердің, бөлімшелермен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.

С) әскери қызметшілердің, бөлімшелермен бөлімдердің жаяу тәртіпте бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен немесе командирлермен белгіленген орналасуы.

Д) әскери қызметшілердің, бөлімшелермен бөлімдердің бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен немесе командирлермен белгіленген орналасуы.

Е) әскери қызметшілердің, бөлімшелермен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін командирлермен белгіленген орналасуы.

2. Қатар дегеніміз:

А) әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы. Машиналар сызығы – машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.

В) әскери қызметшілердің бір сызық бойына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.

С) бұл сапқа тұруы, әскери қызметшілердің бірі-бірінің ту сыртына, ал бөлімшелердің бірі - бірінің бір аралықта Жарғымен немесе командирлермен белгіленген орналасуы.

Д) Қатар, әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда Жарғымен немесе командирлермен орналасатын сабы.

Е) Қатар, әскери қызметшілердің бірі бірінің ту сыртына, ал бөлімшелердің бірі - бірінің бір аралықта Жарғымен немесе командирлермен белгіленген орналасуы.

3. Қаптал дегеніміз:

А) Саптың маңдайшепке қарама қарсы жағы .

В) саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

С) Сатың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді.

Д) Саптың тылға қарама қарсы жағы.

Е) саптың әскери қызметшілер тіке, ал машиналардың алдыңғы бөлігі қарап тұрған жағы.

4. Маңдайшеп дегеніміз:

А) саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың – алдыңғы бөлігі) .

В) Сатың оң (сол) жақ шеті.

С) Саптың тылға қарама қарсы жағы.

Д) Саптың маңдайшепке қарама қарсы жағы .

Е) саптың әскери қызметшілер бір жаққа қарап тұрған жағы.

5. Саптың тыл жағы дегеніміз:

А) саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың – алдыңғы бөлігі) .

В) Сатың оң (сол) жақ шеті.

С) Саптың маңдайшепке қарама қарсы жағы .

Д) Сап қапталдарының қарама қарсы жағы.

Е) саптың әскери қызметшілер бір жаққа қарап тұрған жағы.

6. Аралық дегеніміз:

А) тереңдік бойынша әскери қызетшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық.

В) маңдайшеп бойынша әскери қызетшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық.

С) Сап қапталдарының арасындағы қашықтық.

Д) қатар арасындағы тереңдікке қарай қашықтық.

Е) лектер арасындағы қашықтық.

7. Арақашықтық дегеніміз:

А) Сап қапталдарының арасындағы қашықтық.

В) бірінші қатардан соңғы қатарға дейінгі қашықтық.

С) әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.

Д) қатар арасындағы тереңдікке қарай қашықтық.

Е) лектер арасындағы тереңдікке қарай қашықтық.

8. Қатар бұл:

А) екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші.

В) қатар, әскери қызметшілердің бірі екіншісінің жанына орналасуы.

С) қатар, әскери қызметшілердің бірі екіншісінің ту сыртына қарап тұрған жағы.

Д) қатар, әскери қызметшілердің бірі екіншісінің ту сыртына қарап тұрған арақашықтығы.

Е) қатар, әскери қызметшілердің бірі екіншісінің ту сыртына қарап тұрған белгіленген арақашықтығы.

9. Лек дегеніміз:

А) әскери қызметшілердің бір-бірінің бір сызықтың бойында орналасатын белгіленген арақашықтық.

В) әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында , ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.

С) әскери қызметшілердің бір-бірінің бір сызықтың бойында орналасуы.

Д) екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші

Е) қатар, әскери қызметшілердің бірі екіншісінің ту сыртына қарап тұрған белгіленген арақашықтығы.

10. Бағыттаушы дегеніміз:

А) көрсетілген бағытта бағыттаушы болып жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина)

В) көрсетілген бағытта соңғы жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина)

С) көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина)

Д) көрсетілген бағытта лектің басында жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина)

Е) көрсетілген бағытта лектің ортасында жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина)

11. Саптық қалып қандай команда бойынша орындалады:

А) «Еркін тұр»

В) «Реттел»

С) «сапқа тұр»

Д) «ки»

Е) «тура»

12. Орнында артқа бұрылу орындалады:

А) сол қол жаққа қарай сол өкшемен және сол аяқтың ұшымен

В) сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен

С) сағат тіліне қарсы оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен

Д) оң қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен

Е) сағат тілімен оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен

13. Солға бұрылу орындалады:

А) сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен

В) сол қол жаққа қарай сол өкшемен және сол аяқтың ұшымен

С) сағат тілімен оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен

Д) оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен

Е) сол қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен

14. Адыммен қозғалыс жасау қарқыны құрайды:

А) минутына 95-105 адым

В) минутына 100-110 адым

С) минутына 120-130 адым

Д) минутына 90-100 адым

Е) минутына 110-130 адым

15. Саптық адымның ұзындығы құрайды:

А) 70-80 см

В) 80-90 см

С) 60-70 см

Д) 60-90 см

Е) 70-90 см
16. Бөлімшенің өрістетілген сабы, болуы мүмкін:

А) тура немесе жанама

В) бірқатарлы немесе екі қатарлы

С) оң және сол

Д) артқы және алдыңғы

Е) тура және қиғаш

17. Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу командамен жүргізіледі:

А) бөлімше, бірінші-екіншіге - санал

В) бөлімше екі қатарға сапқа тұр

С) бөлімше рет бойынша - санал

Д) бөлімше бір қатарға сапқа тұр

Е) артқа бұрыла – бас

18. Әскери сәлемдесуді қозғалыста орындау жүзеге асырылады:

А) 5-6 адым

В) 4-5 адым

С) 3-4 адым

Д) 1-2 адым

Е) 2-3 адым

19. Автомат «қарубауға » күйінен «кеудеге» күйіне команда бойынша алынады:

А) «Автоматты кеуде-ге»

В) «қару – қарубау-ға»

С) «қарубауды –босат (тарт)»

Д) «қаруды – кеуде-ге»

Е) «арқаға»

20. Тәсілді орындауды тоқтату үшін, команда беріледі:

А) «тік тұр»

В) «тоқтат»

С) «тоқта»

Д) «еркін тұр»

Е) «артқа - бұрыл»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет