1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік тиындармен түрлі төлем жасау;
1.5.1.2 ** сандарды, заттарды, тауардың құнын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану/ заттар арасындағы арақашықтықты, бағытты, орналасуын анықтайтын терминдер пайдалану;
1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
Монеталардыұсақтаудың үйренесің
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ынталандыру
Мұғалім ақша санай білудің маңыздылығы туралы диалог ұйымдастырады. Өмірде маңызды бұл білікті игеріп алу үшін балаларды сабақта белсенді болуға шақырады.
Өзектендіру. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындату үшін мұғалім дүкен ойынын ұйымдастырады. Суреті бар қиықшаны көрсетеді де, оның бағасын атайды. Балалар монеталардың қажетті санын жинайды. Құны әртүрлі монеталар пайдаланылады.
Көрсетілген бағаларды әртүрлі тәсілмен қалай
жинақтай аласың?
Көрсетілген бағаларды әртүрлі тәсілмен
жинақтайды.
30 тг=10тг+10тг+10тг
30 тг=10тг+5тг+5тг+5тг+5тг
30тг=20тг+10тг
30тг=20тг+5тг+5тг
Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.
Оқулық.
Дәптер.
Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Мұғалім балаларды сатып алу үдерісі жөніндегі диалогке шақырады. Келесі сұрақтарды қояды:
- Белгілі бір затқа, азық түріне қанша төлеу керек екенін қалай білесіңдер?
Топтағы жұмыс. Әмиянда қанша монета бар екенін санау және мұғалім суретте ұсынғандардан олар не сатып ала алатындарын айту. Қанша ақша қалады немесе қанша жетпейді?
Топтағы балаларда болатын қиындықтар анықталады. Олар келесілер болуы мүмкін:
Дұрыс санамау, теңгені әртүрлі тәсілдермен жинауға болатынын немесе егер қажетті теңге мөлшері болмаса, онда сатушының артық ақшаны қайтаратынын түсінбеу.
Мақсат қойылады: монеталарды жылдам санауды, бағаларды оқуды, қайтарылған ақшаны санауды үйрену.
Монеталарды ұсақтаудың сызбасын құрастыру.