Бөлімше Көлемі, бет Ақша-кредит саясатын дамыту



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,72 Mb.
#8076
1   2   3   4   5   6   7

 

Тақырыптың  өзектілігі  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының  қаражатын 

қалыптастырудың  жəне  пайдаланудың  орташа  мерзімді  перспективаға  арналған  

тұжырымдамасын  əзірлеуге  жəне  қабылдауға  түрткі  болды  (Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі  № 1641 Жарлығы).  Жаңа  Тұжырымдамаға 


 

48

сəйкес  Қазақстанның  Ұлттық  қоры  қаражат  жинақтау  саясатына  жəне  бүгінгі  жəне 



болашақ ұрпақтар арасында елдің орны толтырылмайтын ресурстарынан түскен кірістерді 

неғұрлым əділ бөлуге қол жеткізуге бағытталған.     

Ұлттық  қордың  негізгі  мақсаты,  атап  айтылғандай  əлемдік  бағалар 

конъюнктурасына  республикалық  бюджеттің  тəуелділігін  азайту  жəне  болашақ  ұрпақ 

үшін қаражат жинақтауды қалыптастыру болып табылатыны, ал қордың негізі міндеттері 

экономикадан  мұнайдолларлардың  артығын  шығару  жəне  теңгенің  бағамына  жəне 

инфляцияға қысымды ұстап тұру арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз 

ету, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау болып табылады. 

Қорды  қалыптастыру  жəне  жұмсау  бағыттары  жөніндегі  мəселелер  бойынша 

Қорды  пайдалануға    концептуалды  тұрғыдан  қарауды,  Қорды  пайдаланудың  көлемі  мен 

бағыттары  жөніндегі  ұсыныстарды  қарауды  жəне  мақұлдауды,  сондай-ақ  Қорды 

қалыптастыру  жəне  пайдалану  туралы  жылдық  есепті  мақұлдауды  Қордың  негізгі 

басқарушы органы – Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жүзеге асырады, ол Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  жанындағы  консультативтік-кеңесші  органы  болып 

табылады.  Ол  ҚР  Бюджет  кодексінің 25-бабына  сəйкес  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  №1509  Жарлығымен  бекітілген.  Кеңеске 

атқарушы  жəне  заңнамалық  билік  тармақтары  бойынша  ұсынылған  Қазақстанның 10 

жоғарғы  лауазым  иелері  кіреді:  Президент,  Премьер-Министр,  Парламент  Сенатының 

Төрағасы,  Парламент  Мəжілісінің  Төрағасы,  Президент  Əкімшілігінің  басшысы,  Ұлттық 

Банк  Төрағасы,  Премьер-Министрдің  Бірінші  орынбасары,  Республикалық  бюджеттің 

атқарылуын  бақылайтын  есеп  комитетінің  төрағасы,  Қаржы  министрі  жəне    Экономика 

жəне бюджеттік жоспарлау министрі. 

Əлемдік  тəжірибені  талдау  қаражат  жинақтау  үшін  қандай  да  бір  белгіленген 

шектеулер  болмайтындығын  көрсетеді  жəне  көптеген  елдер  ақша  жинағының  қол 

жеткізілген көлеміне қарамастан қаражат жинақтау саясатын жалғастыруда. 

Ұлттық  қорда  жоғары  баға  конъюнктурасынан  туындаған  қосымша  түсімдер 

біріктіріледі,  Ұлттық  қордың  ең  көп  мөлшері  шектелмеуі  тиіс.  Бұдан  басқа,  Ұлттық 

қордың  жинақтау  функциясын  орындау  үшін  төмендетілмейтін  қалдық  белгіленеді. 

Қазақстан 

Республикасы 

Бюджет 

кодексінің 11-бабына 



сəйкес 

Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  қорын  қалыптастыру  мен  пайдалану  дүниежүзiлiк  жəне  iшкi 

тауар  мен  қаржы  рыноктарының  конъюнктурасын,  мемлекеттегi  жəне  шет  елдердегi 

экономикалық 

ахуалды, 

республиканың 

əлеуметтiк-экономикалық 

дамуының 

басымдықтарын  ескере  отырып,  бұл  ретте  макроэкономикалық  жəне  фискалдық 

тұрақтылық  жəне  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының  негiзгi  мақсаттары  мен 

мiндеттерi сақтала отырып айқындалады.

 

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорына  түсімдер  жəне  шығыстар  ұлттық  жəне 



шетел валютасымен жүргізіледі.   

Ұлттық  қорды  қалыптастыру,  сондай-ақ  түсімдердің  көздері,  көлемі  бойынша 

біржолғы  (республикалық  меншіктегі  жəне  тау-кен  өндіруші  жəне  өңдеуші  салаларға 

жататын  мемлекеттік  мүлікті  жекешелендіру,  ауыл  шаруашылық  мақсатындағы  жер 

учаскелерін  сату)  не  тұрақты  емес  болып  сипатталатын  түсімдер  (мұнай  секторынан 

түсімдер)  есебінен  жүзеге  асырылады,  олардың  мөлшері  айтарлықтай  шектерде  өзгеруі 

мүмкін, олар Қазақстанның бюджет саясатына едəуір ықпал етеді.

  

Осылайша,  Ұлттық  қорды  қалыптастырудың  негізгі  көздері  мыналар  болып 

табылатыны  болжануда

жоғарыда  көрсетілген  кодекстің 23-бабына  сəйкес  бірқатар 

салықтар  жəне  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  бойынша  бюджетте 

бекітілген  сомалардан  асқан  шикізат  секторы  ұйымдарынан  салықтар  жəне  бюджетке 

төленетін  өзге  де  міндетті  төлемдер  сомасы  (Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

белгілеген  тізбе  бойынша  негізгі  қызметі  табиғи  ресурстарды  өндіру  жəне  өңдеу  болып 

табылатын  заңды  тұлғалар).  Оларға  корпоративтік  табыс  салығы,  қосылған  құн  салығы, 


 

49

үстеме  пайдаға  салық,  бонустар,  роялтилер,  сондай-ақ  жасалған  келісім-шарттарға  сай 



өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жатады. 

Бұдан басқа Қорға жоғарыда көрсетілген салықтар жəне бюджетке төленетін басқа 

да  міндетті  төлемдер,  Қорды  басқарудан  түскен  инвестициялық  кірістер,  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасымен  тыйым  салынбаған  өзге  де  түсімдер  мен  кірістер 

бойынша бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының 10% есептеледі. Заңнамаға сəйкес 

мемлекеттің  ауыл  шаруашылығы  мақсатына  арналған  жер  учаскелерін  жеке  меншікке 

сатудан түскен қаражат та Қорға түседі.  

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қорға тау-кен жəне өңдеуші өнеркəсіпке жататын 

мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен кірістер есептелінеді.   

Шикізат  секторы  ұйымдарынан  түсетін  түсімдер  болжамы  республиканы 

əлеуметтік-экономикалық дамытудың орташа мерзімдік жоспарында айқындалған шикізат 

секторы  тауарларына  тұрақты  əлемдік  есептік  бағаларды  ескере  отырып  жасалады. 1 

баррель  мұнай (BRENT қоспасы)  үшін  болжамды  «негізгі»  баға  елдің  ағымдағы  жылғы 

бюджетінде  көзделгендей 49 АҚШ  доллар  болды,  бұрын  жылдар  бойы  ол  бір  баррель 

үшін 19 АҚШ долларына тең болды. 

Ұлттық қор қойған міндеттерді тиімді іске асыру  мақсатында жоғарыда айтылған 

Тұжырымдамада  əлемдік  оң  тəжірибені  ескере  отырып,  теңгерімделген  бюджет  əдісі 

əзірленді.  Осы  əдіске  сəйкес  жоғарыда  көрсетілген  түсімдер  ағымдағы  жылдың 1 

шілдесінен  бастап  толығымен  Ұлттық  қорға  жіберілетін  болады. 2006 жылға  арналған 

республикалық бюджетке өзгерістер туралы заң жобасында нақтыланған ЖІӨ-ге бюджет 

тапшылығының  көлемі  көзделеді,  бұл  өзгеріссіз  қалып  отыр – 1,4%. Бұл  ретте  кепілдік 

берілген  трансферт  жыл  сайын  жобаларды  инвестициялауды  көздейтін  бюджеттік  даму 

бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға ғана жіберілуі тиіс, оларды сондай-ақ 

болашақ  ұрпақ  пайдаланатын  болады.  Осылайша,  ағымдағы  бюджеттік  бағдарламаларға 

арналған  шығыстар    экономиканың  мұнайға  жатпайтын  бөлігінен  республикалық 

бюджетке  аударымдар  есебінен  қаржыландырылады,  бұл  ретте  бюджеттің  шығыс 

бөлігінің  белгілі  бір  үлесі,  оның  ішінде  белгіленген  шектеулер  шеңберінде  қарыз  алу 

(сыртқы жəне ішкі) есебінен жабылады.   

Айтылғандарды ескере отырып, экономиканың мұнайға жатпайтын бөлігінен 

түскен түсімдердің осындай өсуі болмайынша республикалық бюджеттің ағымдағы 

бюджеттік бағдарламаларына арналған шығыстарды ұлғайту мүмкін емес, мұның өзі 

экономиканың мұнайға жатпайтын секторын дамытуды ынталандыру қажеттігін білдіреді. 

Ұлттық  қордың  «сарқылуын»  болдырмау  мақсатында  кепілдік  берілген 

трансферттің  мөлшері  Ұлттық  қордың  активтерінің  үштен  бір  бөлігінен  аспауы  тиіс,  ал 

қалған  екі  бөлігі  болашақ  ұрпақтың  қоры  ретінде  сақталынатын  болады,  бұл  Ұлттық 

қордың басты мақсаттарының біріне сəйкес келеді.   

Активтерді  «тауысуды»  болдырмау  мақсатында  (бір  жағынан  Ұлттық  қорға 

жинақтау,  ал  екінші  жағынан  шамадан  тыс  үкіметтік  қарыз  алу  жүзеге  асырылған 

жағдайда) үкіметтік қарыз алу есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыру деңгейі бес 

жылдық  кезеңде  орташа  жылдық  мəнінде  ЖІӨ-нен 1% аспайтын  мөлшерде  шектелетін 

болады,  өйткені  халықаралық  ұйымдардың  (Халықаралық  валюта  қоры,  Дүниежүзілік 

банк  жəне  басқалары)  зерттеулеріне  сəйкес  мұнай  дағдарысының  орташа  ұзақтығы 

шамамен 4-5 жыл.  Бұл  бюджетке  түсімдер  деңгейіне  теріс  ықпал  ететін  қолайсыз 

экономикалық  конъюнктура  кезеңінде  бюджет  тапшылығының  көрсеткіші  бесжылдық 

кезең  үшін  орташа  мəн  шеңберінде  ұлғайту  үшін  қайта  қаралуы  мүмкін  екендігін 

білдіреді. 

Осындай қорларды пайдаланудың мынадай əр түрлі бағыттары бар: республикалық 

бюджетке  тұрақтандыру  трансферттері,  сыртқы  борыштарды  өтеу,  халықтың  арасында 

инвестициялық  кірістің  бір  бөлігін  бөлу,  экологиялық  бағдарламаларды  қаржыландыру 

жəне  басқалары.  Мысалы,  осыған  ұқсас  ресей  қорының  қаражаттары  (оның  көлемі 1,5 

трлн. рубль) ішінара Ресейдің сыртқы борышын өтеуге бағытталуы мүмкін. 


 

50

 Қазақстан  қорының  өз  қаражатын  жұмсаудың  қатаң  шектеулі  бағыттары  бар 



(Бюджет  кодексінің 24-бабы).  Бұл  шикізат  секторының  ұйымдарынан  бюджетке 

салықтардың  жəне  өзге  де  міндетті  төлемдердің  бекітілген  сомалары  түспеген,  қордан 

республикалық  жəне  жергілікті  бюджеттерге  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

айқындаған  мақсаттарға  берілетін  нысаналы  трансферттер,  сондай-ақ  қорды  басқаруға 

жəне  жыл  сайын  сыртқы  аудит  жүргізуге  байланысты  шығыстарды  жабу  орындалмаған 

жағдайдағы бюджет ысырабына өтемақы.



  

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына рұқсат етілген қаржы активтері жəне 

өзге де мүлік орналастырылады.  

Активтерді  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  қорына  есептеу  жəне  оларды 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

қорының 


пайдалану 

тəртібін 

Қазақстан 

Республикасының Үкіметі айқындайды.  

Мұнай  түсімдерін  кепілдік  берілген  трансферт  шегінде  пайдалану  сараланған  

фискальды  саясат  жүргізуге  мүмкіндік  береді,  бұдан  салық  режимін  ырықтандырудан 

«таза» бюджеттік нəтиже көрінетін болады. 

Нəтижесінде, қор болмаса, оның 8 546,9 млн. АҚШ долларындағы (2006 жылғы 1 

мамырдағы жағдай бойынша) активтері теңге бағамының қазіргіге қарағанда одан көбірек 

өсуіне  себепші  бола  отырып,  ішкі  нарыққа  келер  еді,  ал  инфляция  бұдан  əрі  өсетін  еді 

деген қорытындыға келеміз. Біздің кəсіпорындар бəсекелестік өнімін өндіре алмас еді, қор 

осы ақшаны реттеу үшін керек болды, бұл экономикада болатын  қызып кетудің  алдын-

алу.  

Бұдан  басқа,  жоғарыда  атап  өткендей,  аталған  шараларды  іске  асыру 



республикалық  бюджеттің  тұрақтылығын  одан  əрі  қолдауға,  экономиканы  түрлендіруге 

жəне мұнай кірістерін ұрпақтар арасында қайта бөлуге ықпал етеді. 

Осы уақытта АҚШ доллары жəне еуро бағамдарының ауытқуларын ескере отырып, 

қор  портфельдерінің  валютасын  түрлендіруді  жалғастыру  қажет - 2005 жылғы 1 

қаңтардағы  жағдай  бойынша  доллар  қағаздары  қор  активтерінің 70%, активтердің 

еуродағы  қағаздары – 17%, стерлинг  фунттағы  номинирленгені – 3%, жапон  иеніндегі – 

6% болды. Портфельде  барлығы 14 валютада қордың қағазы бар.  

Қазақстан  2006 жылы 63 млн.  тонна  мұнай  немесе  тəулігіне 1,3 млн.  баррель 

мұнай  өндіруді  жоспарлайды,  олардың  елеулі  бір  бөлігі  ірі  əлемдік  мұнай 

компанияларының  қатысуымен  жүзеге  асырылады. 12 млн.  тонна  МӨЗ  қайта  өңделетін 

болады. 2007 жылы 72 млн.  тонна  жəне 2008 жылы – 76 млн.  тонна  деңгейінде  мұнай 

өндіру жоспарланып отыр. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының  қаражатын  қалыптастырудың  жаңа 

тұжырымдамасына  көшу  Ұлттық  қордың  жұмыс  істеуіне  жəне  қаражат  жинағын 

қалыптастырудың  оңтайлы  моделін  таңдауына,  елдің  инвестициялық  стратегиясынын 

өзгеруіне, кірістерді қайта бөлу негіздеріне қатысты.  



 

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  үшін  басым  міндеттер

 

бəсекеге  қабілетті 

экономиканы құру болып табылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның бəсекелестік 

қабілеті жөніндегі есебінде жарияланған бəсекелестік қабілетінің индексі бойынша 2005 

жылы Қазақстан бірінші рет қатыса отырып, ТМД елдерін басып озып 61 орын алды. Ел 

Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымына  кіруге,  өндірісті  түрлендіруге,  жаңа  технологияларды 

əзірлеуге,  қызмет  көрсетуге,  Индустриалды–инновациялық  бағдарламаны  іске  асыруға 

ниет білдіріп отыр. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаев  өзінің 2006 жылғы 1 

наурыздағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  Қазақстан  орташа  мерзімді  болашақта 

əлемдегі  бəсекеге  барынша  қабілетті 50 елдің  қатарына  кіруі  жəне  қазақстандықтар 

үшін  жоғары  стандартты  жаңа  өмір  орнатуы  керек  деген  болатын.  Болашақ  ұрпақ 

қоры беріктіліктің жеткілікті қорын құрады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет