«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰЛҒАСЫ - ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ БАҒДАР БЕРУ – БОЛЖАМ ЖАСАУ. Физика пәні мұғалімдері: Тиыштықбаева С.Б.,Тусупова С.А Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы Педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделі бар: Гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешеді
Жобалаушылық, бұл – оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
Конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
Ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
Коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Мамандыққа ықпал ететін негізгі шаралар: Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы
Мамандық іс-әрекетінің мазмұны мен тұлғаның
өзін-өзі көрсетуі;
- Нәтижесін анықтайтын қоғамдық мәні;
Мамандықтың әлеуметтік орнында тұлғаның
еңбектегі қызметінің қоғамдық бағасының анықталуы;
- Еңбектің тәртібі мен жағдайы.
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің түрлері: Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы - диагностикалық қызметі оқушыларды зерттеп білумен және олардың даму, тәрбиелілік деңгейін белгілеумен, анықтаумен байланысты;
- бағдар беру – болжам жасау қызметі - мұғалімнің тәрбие қызметінің бағытын және тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, оның нәтижелеріне болжам жасай білуімен тұжырымдалады, яғни, мұғалім неге нақты қол жеткізгісі келеді, оқушыны қалыптастыру мен дамытуға ол қандай қадам басуды қалайды;
- жобалау қызметі - бағдар беру-болжам жасау қызметінен туындайды;
-ұйымдастырушылық қызметі - оқушыларды белгіленген тәрбие жұмысына жұмылдырумен байланысты;
- ақпараттық-түсіндірме қызметі, педагог – ғылыми, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ақпараттың аса маңызды көзі болатын мұғалім қызметі;
-ұжымды ынталандыру қызметі – мұғалімнің жеке басының адамгершілік жақсы қасиеттерімен және оқушыларға ықпал ете білумен, оның қарым-қатынас жасау, демократиялық байланыстар орнату, іс-қимылға жетелеу шеберлігімен байланысты қырларын қозғайды. Бұл қызмет балаларға сүйіспеншілік таныта білуді, нағыз ізгілікті қамтиды;
-талдама-бағалау қызметі – мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысына талдау жасауға, олардан жағымды жақтары мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, мұғалімге өзінің жұмысында жанды байланыс орнатуѓа мүмкіндік береді;
-мұғалімнің зерттеушілік-шығармашылық қызметі: педагогикалық теорияны қолдану мұғалімнен белгілі шығармашылықты қажет етуі осы қызметтің бір қыры болып табылады. Екінші бір қыры – белгілі теорияның шеңберінен шығып, оны байытатын жаңалық атаулыны ой елегінен өткізіп дамыту болып табылады..
Ішкі фактор
Мықты жағы
Әлсіз жағы
1.Сынып оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген жұмыстардың мақсатты түрде жоспарының болуы және орындалуын қатаң түрде бақыланып отырғандығы, қосымша сабақтардың және дайындық жұмыстарының жүргізілуі.
2. Сыныпта физика пәнін стандарт бойынша меңгерген, қосымша дайындық курстарын оқыған оқушылардың болуы.
3. Оқуға арналған материалдардың толықтай жеткілікті болуы, яғни, оқушыларға оқу үшін мектеп тарапынан, пән мұғалімі тарапынан барлық жағдай жасалған.
4. Ақпараттық ресурстар арқылы өздігінен білім алуға бағдарламалардың жеткілікті болуы және мұғалім тарапынан бағыт беріліп, арнайы сайттар мен порталдармен жұмыс жасауды оқушылар біледі.
1. Сынып оқушыларының басым бөлігінің орташа оқуы.
2. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарының болмауы.
3. Ата-ана тарапынан баланың сабағына қатысу жоқ.
4. Әлеуметтік жағдайларының төмендігі.
6. Баланың денсаулығы жақсы емес, қаны аз, есте сақтау өте төмен.
8. Мектептегі оқу жүктемелері өте көп, бала 6 сабаққа әзер шыдайды, қосымша сабаққа қалғысы келмейді.
Сыртқы фактор
Мүмкіндіктер
Қауіп қатерлер
1. Мектеп тарапынан қосымша сабақтардың ұйымдастырылуы, пән мұғалімінің жеке-жеке жұмыс жасауға мүмкіншілігі бар.
2. Сыныптағы оқушылар қолға берілген оқу материалдарымен ( кестелер, анықтамалар)бір-бірін оқытуға мүмкіншіліктері бар. Деңгейлік тапсырмалар, логикалық тест түрлері қолданылады. Топтық жұмысқа, жұптық жұмысқа, диологтық оқыту түрлері қолданылады.
1. Көшіріп алуға тырысушылық немесе сырттан көмек күтеді.
2. Оқушылардың білім алуға немқұрайлы қарауы, жалқаулық танытуы, өздігінен білім алуға қалыптаспағандығы.
3. Ата-аналардан көмек жоқ, мектеппен байланысы нашар, баланың бағытын білмейді, болашақта кім бола алады, қолынан не келеді, мен не үйреттім деген сұраққа жауап бере алмайды.
Сынып оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында
жүргізілген жұмыстардың
қорытындысын СВОТ (SWOT)талдау
Сынып оқушыларының физика пәнінен білім сапасын көтеру мақсатында