Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының

мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
Мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың
антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның
парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі
(А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.)
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы
Мәдениет пен өркениет арасындағы арақатынастың даму логикасы мен тарихын қарастыру үшін бірнеше кезеңдерді бөліп алып қарастырамыз. "Өркениет" ұғымы тұңғыш рет алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи кезеңге қатысты қолданылған болатын. Мәдениет пен өркениет арақатынжасы алғаш рет мәдениетті адамның индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық мүмкіндігімен, ал өркениетті азаматтық қоғамның тарихи процесімен байланыстыра бастаған қайта өрлеу кезеңінен көрініс тапты. Ағартушылық кезеңде мәдениет өмірдің индивидуалдықтұлғалық және азаматтық қоғамдық құрылымы деп қаралып , осыдан мәдениет пен өркениеттік даму процесі бір-бірімен сәйкестендірілген болатын. "Өркениет" терминін еркіндік, әділдік, құқықтық тәртіп орнаған азаматтық қоғамды, яғни қоғамның белгілі бір сапалық көрсеткіштерін, оның дамуының дәрежесін белгілеу үшін француз ағартушылары енгізген болатын. Кейін Л. Морган мен Ф. Энгельс өркениетті варварлықтан кейін келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, қоғамның жоғары сапалы даму сатысы деп қарастырды