Боөж сыншылдық ойлардың алғашқы негіздері



Дата31.12.2021
өлшемі15,67 Kb.
#22889

БОӨЖ 1. Сыншылдық ойлардың алғашқы негіздері

Талай ғасырдан бері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті эстетикалық мұратты қалыптастыру барысында елдік пен ерлікті, әсемдік пен сұлулықты, әділдік пен имандылықты ардактауды, қадірлеуді, жалғандық пен жамандықтан, зорлық пен зомбылықтан, ажарсыз бен көріксіздіктен жиренуді уйрету , ұғындыру арқылы жұрттың көркемдік талап талғамын жетілдіруде озық үлгі өнегесі бар ауыз әдебиеті көне дәуірде де, бүгінгі заманда да өзінің ықпалынан арылған жоқ. Мысалға ертегілерді алайық. Одан керемет поэзия желі еседі, көркемдік шеберліктің тамаша үлгісі көрінеді. Халық ертегілері әрқашанда адамды тәрбиелеудің тамаша құралы болып , әділдік жолында бас байлатып, зұлымдықтан жирентеді. Пушкинді еске түсірейікші, ол балалық шағында ғана емес , атақты ақын болған кезінде де Арина Родионованың айтқан ертегілерін құмарта тыңдаған. Осы ойды қазақтың халық батыры , жазушы Бауыржан Момышұлының: «Менің осы күнгі келіндерім бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатканда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қала ма деп қорқамын» -деп қоюлата түскені тағы бар.Халық даналығынан туып , тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақал мен мәтелдердің өміршеңдігін, жиіқолданылатындығын ,оның эстетикалық қуаты мен қауқары , әсері мен ықпалының молдығын кім жоққа шығара алмақ? Ән әуені естілген жерде қуаныш шаттықтың желі еседі.Халықтын өнер сайысына, ақындар айтысына айрықша ілтипат білдіруі тегіннен тегін болмаса керек. Бұл күнде тұрмыс салт жырлары той томалағымыздың сәніне айналуда Фольклордың қай туындысын алсақ та ғибрат айтарлық , жөн жоба мен үлгі өнеге көрсетерік қасиеті мол. Мұның бәрі де халаһық пікірі, келешек ұрпақты тәрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Тіпті тұрмыс салт жырының бір саласы бет ашардың мәніне назар аударайықшы. Қайың жұрттың бар адамын мінезде , сипаттай келіп , жас келінге олардың әрқайсысына қандай сый құрмет көрсетуді айтқанда ибалы тәрбиенің қағидаларымен қатар тіршілікке қажетті іс әрекеттерді түсіндіруі басым жатады. Демек мұның өзі тек дидактикалық сипат алып қана қоймай,ғасырлар бойы тәжірибеде шыңдалған шындықтарды іріктеп , сұрыптап айтуға негізделеді де , эстетикалық мәнге ие болады. Творчестволық саралаудан өткен осындай көзқарастың халықтың сыншылық ой пікірі көрінедіХалық ауыз әдебиетінің ең көне түрлерінің бір айтыс жанры. М. Әуезовтың сөзімен айтқанда ,«өлең жарысы , өнер жарысы» ретінде «ақынның сынға түсетін майданына »(Е.Ысмайылов) айналды.Бағзы замандардан өнер мен талғам қатар жүрген. Талғам тек тамсанудан ғана тумайды. Жақсы мен жаманның,ізгілік пен зұлымдықтың , сұлулық пен жарсыздықтың ара жігін ажырататын таным білік, парасат, түсінік әрқашан әділдік туын тіккен. Бұл процесс халықтық эстетикада ғана емес , көне замандағы түркі ескерткіштерінде ,ортағасырлық жазбаларда, мұсылман, қараханит, Алтын Орда замандарындғы, Қазақ хандығы тұсындағы жыраулардың ,шешен билердің туындыларында , мемлекет қайраткерлері мен ғұламалардың тарихи зерттеулерінде, жарғыларында кездеседі. Қазақстанның кең өлкесін жайлаған тайпалардан қалған ескерткіштер ежелгі мәдениет үшін де ,оның әр қилы салалары үшін де айрықша құнды. Сондықтан V- XV ғасырларда жасалған рухани байлықты бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасынан бөлмей,әр халық өзіне қатысты барларын жалпының бөлшегі ретінде зерттеп , өзіндік ианым білікке пайдалануға тиіс. Сондықтан қазақ әдебиеті сынының қайнар көзі , мәнді бір арнасы ретінде сонау көне заман ескерткіштерінен бастау алғаны жөн . Көне дәуірдегі туындылардың көркемдік сипатына Б.Кенжебаев пен Ә.Марғұлан Ұлы Отан соғыысына дейінгі кезеңде ақ көңіл аударды.Ал «V-VIII ғасырлардағы халық фольклорында эпостық поэзияның Орхон ескерткіштерінде жазылып қалған ең ертедегі ақындық тәсілдері мен дәстүрлері белгілене бастаған. Бұл поэзияның элементтерін Күлтегін мен Білге ханның басына қойылған құлпытастардағы жазулардан көруге болады. Бұл жазулардың тексі эпостық әңгіме стилінде жазылған. » Көркемдік танымның алғашқы элементтеріне жататын пікірлер мен бейнелі ойлар Орхон Енисей , Талас Шу ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Мәселен , «Табғаш халқының сөзі тәтті , бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып ,түркі халқы қырылдың, түркі халқы жойылдың»дегендерді де немесе «Қол қосылса –күш өсер », «Жұқаны таптау- оңай, жіңішкені үзу- оңай » деген мақал –мәтелдермен қатар «Орхон» ескерткіштерінде шешендік арнаудың , келісімді ырғақтың , ойлы мақалдың , азалы жоқтаудың үлгілері көп ұшырасуы халықтың эстетикалық таным білігін , сайып келгенде , көркемдік түсінігін қалыптастыра беруге септігін тигізді. М.Әуезов сол жазуларда «эпостық аңыздардың шағын да ықшам фабулалық желілері бар» деп тапқан болатын. Қорқыт әфсаналары мен «Оғызнамадан» біз талай үлгілерді көреміз. Қорқыттың Желмаямен желіп жүріп жерұйық іздегенде әр өлке- аймаққа берген нақыл, өсиет сөздерде «Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді», «Ескі темір біз болмас , ескі дұшпан дос болмас», «Күйің үшін өлейін, құлыным», «Тізгінсіз тіл бас жұтқызар», «Ақын тілі қақсауық » дегендерде сыни көзқараспен қатар пәлсафалық ой ағыны күшті екенін көреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет