Ж.Пиаже білімнің қалыптасуы бірнеше даму кезеңінен өтетінін дәлелдеген. Кіші жастағы балалардың үлгісінде адамдардың алдымен білімді меңгеріп, содан соң құрылымдап, кейін қолдануына көшетін заңдылығын зерттеп анықтаған. Яғни, оқушылар оқу үдерісінде алдыңғы білімдеріне сүйеніп, келесі білімге тасымалдап өз түсінік әлемін құрады. Конструктивті теорияның басты ерекшеліктері кестеде көрсетілген.
Баланың адамгершілік санасының қалыптасуына әсер ететін факторларды, атап айтқанда қоршаған ортада қалыптасқан құндылықтар мен ережелерді, ұлттық менталитетті, білім мен тәрбие көздерін ескерген жөн. Әсіресе, білім беру жүйесінің баланың моральдық тұрғыда дамып, қалыптасуына әсері зор.
2
Э. Эриксонның психо әлеуметтік теориясы
Эрик Эриксонның концепциясы педагогикалық, тәрбиелік немесе дамытушылық міндеттерді тікелей қоймайды, ол қалыпты жағдай ретінде қалыптасқан жағдайды айтып, сәтсіз, бейімделмейтін, қалаусыз даму нұсқаларын атап өтеді. Эрик Эриксонның тұжырымдамасы жеке даму мамандарына емес, психотерапевтік жұмысқа арналған нұсқаулық болып табылады.
3
Колбергтің даму теориясы
Баланың моральдық санасының қалыптасуына оның ақыл-ой дамуы, эмоционалдық дамуы, жеке тәжірибесі мен оның қоршаған ортасы әсер етеді. Тұлғаның адамгершілік қалыптасу мәселесі көптеген ғалымдардың қызығушылықтарын тудырған. Аталмыш тақырыпқа арналған көптеген ғылыми жұмыстар мен түрлі теориялар бар. Солардың ішінде американдық психолог Лоренс Колбергтің моральдық даму теориясы мазмұны жағынан салмақты әрі өміршең болып табылады.
4
Психикалық дамудағы гуманистік тұғыр теориялары (А. Маслоу, К. Роджерс)
Гуманистік тұғыр тұлғаны кез-келген кіріптарлық құрбаны болған кезде де, эмоционалдық құлдырау, аффект күйінде болғанда да немесе агрессияны кӛрсеткен кезде де, оң кӛзқарасты және позитивті қалыпта сақталуында кӛрінеді. Тұғыр тұлға дамуы мен қалыптасуының барлық белестерді қамтиды