БӨӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ № 1 тапсырма. «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясы бойынша бағдарламамен жұмыс жасау. (Орыс тілінде орындаңыздар).
А. Жұлын рефлекстерінің орталық тежелуі - (Сеченов И.М. тәжірибесі) Виртуалды физиологиялық эксперимент
Мақсаты: орталық тежелу құбылысын бақылау.
Жабдықтар:компьютер, «LuPraFi-Sim» жүйке жұйесінің виртуалды физиологиясына арналған бағдарламасы.
Жұмыс барысы: «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясына арналған бағдарламаны қолдана отырып, виртуалды режимде Сеченов тәжиребесін орындаңыз.
Жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған ұсыныстар:эксперименттің әр түрлі жағдайындағы рефлекстік уақытты анықтаңыз, бақылау нәтижелерін жазыңыз.Орталық тежелу механизмін түсіндіріңіз.
Жұмыс нәтижелері:
Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу 1862 жылы М.И. Сеченов "Орталыктагы тежелу" атты такырыпта тәжірибе жасап, орталык, жүйке жүйесінде қозумен катар тежелу де болатынын дәлелдеп берді. Тәжірибе қысқаша былай жасалады: келба канын миын көру төмпешігінен жоғарырақ жерiнен кесiп алып тас тайды да, тілік үстiне натрий хлоридінін кристалын кояды
Қорытынды: Сол сәтте көру төмпешігі тiтiркенеді де жұлыннын кимылдатқыш рефлекстері біртіндеп ұзарып барып акыры рефлекс токтайды. Жұлын рефлек стерiнiн тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді. _____________________________________________________________________________
Б. Шеткі тежелу Виртуалды физиологиялық эксперимент
Мақсаты: перифериялық тежелу құбылысын бақылау.
Жабдықтар: компьютер, «LuPraFi-Sim» жүйке жұйесінің виртуалды физиологиясына арналған бағдарламасы.
Жұмыс барысы: «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясына арналған бағдарламаны қолдана отырып, осы тәжиребені орындаңыз.