БоөЖ тапсырмалары: Ситуациялық есептер шығару: Тапсырма 1



Дата06.04.2023
өлшемі13,98 Kb.
#79976
Байланысты:
БОӨЖ. Ген әсері


БОӨЖ тапсырмалары: Ситуациялық есептер шығару:


Тапсырма 1. Шағылыстыруды анықтаңыз. AA – бұйра шаш, Aa – толқынды шаш және aa – тік шаш. Генотипі мен фенотипі бойынша ажырауды және гендер әсерлесуінің түрін анықтаңыз.
1) AA * AA
2) AA* Aa
3) AA* aa
4) Aa*Aa
5) Aa*aa
6) aa*aa


Тапсырма 2.Адамның тік шашына қарағанда майда толқынды шашы толымсыз доминантты генмен анықталынады. Тік шашты әйел толқынды шашты ер адам арасындағы некеден анасының шашына ұқсас тік шашты бала туылады. Осы отбасында толқынды шашты бала туылуы мүмкін бе? Майда толқынды шашпен ше? Гетерозиготтардың шашы толқынды. Гендер әсерлесуінің қандай түрі?


Тапсырма 3. Дальтонизм Х хромосомасымен тiркес рецессивтi ген, ал қан аздықтың бiр түрi - талассемия аутосомды доминантты белгi болып табылады. Талассемияның екi формасы бар: гомозиготалы ағзаларда өте ауыр өтеді, тiптi өлiмге де ұшырауы мүмкiн, ал гетерозиготалы ағзада ауру белгілері жеңiлдеу өтеді. Көруi қалыпты, бiрақ талассемияның жеңiл формасы бар әйел, сау дальтоник ер адамға тұрмысқа шығып, одан дальтоник таласемияның жеңiл формасы бар бала туылған. Келесi туылатын балада аномалиясыз туылу мүмкiндiгi қандай?


Тапсырма 4. Адамның орақтәрізід жасушалық анемия ауруында қан эритроциттерінің пішіні дөңгелек емес, керісінше орақ тәрізді олар оттегін нашар тасмалдайды.Орақтәрізід жасушалық анемия толымсыз доминантты генмен анықталынады. Ген гомозиготтық жағдайда баланың ерте жаста қайтыс болуына әкеледі. Отбасындағы ерлі зайыптыларда анемия белгілері бар.
Осы отбасында сау балалрдың туылу мүмкіндігі қандай және гендер әсерлесуінің қай түрі?


Тапсырма__5_.'>Тапсырма 5. Ата-аналарының қан топтары III және II. Ұрпақтарының қан топтары қандай болады?


Тапсырма 6. Әкесінің қан тобы IV, анасының қан тобы – I. Ұрпақтарында әкесінің қан тобы көрініс бере ме?


Тапсырма 7. Генмен белгінің арасындағы байланыс байқала бермейді. Бір жағынан бір ген бірнеше белгіге жауап береді. Бұл құбылыс қалай аталады? Мысал келтіріңіз.
Екінші жағынан бір белгі бірнеше генмен де анықталынады. Бұл құбылыс қалай аталады? Мысал келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет