Борибаева сафура болатовна


жігіті боп , қабысып кеткен  адам



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

жігіті боп
, қабысып кеткен 
адам
.  
2. Досыңа, қатын-балаңа 
қатты боп
, қайда барасың өзің?  
3. Күн
 ашық
 
болғанмен
, шытқыл 
аяз екен

4. Көлқайнар суы мөлдір, мол 
бұлақ болғанмен
, кең 
қоныс емес

5. Абай өзі қандай 
шарасыз болса
, олар да 
сондай

6.  Сырт  ажарлары  шынымен  егілген,  есінен  танып,  бауыры  езілген 
кісілер тəрізді

7. Қазірде Абай көңілі қандай 
салқын болса
, Ділдə да сондай 
жалынсыз

Осы сөйлемдерде мынадай баяндауыштар бар:  
– жігіті боп – тəуелдік жалғаулы зат есімге көсемше тұлғалы бол көмекші 
етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған; 
–  қатты  боп – сапалық  сын  есімге  көсемше  тұлғалы  бол  көмекші 
етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;  
–  ашық  болғанмен  –  сын  есімге  көмектес  жалғаулы  есімше  тұлғалы  бол 
көмекші етістігі арқылы жасалған, басыңқы сыңарының
 
баяндауышы аяз екен – 
зат есімге екен көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;  
–  бұлақ  болғанмен  зат  есімге  көмектес  жалғаулы  есімше  тұлғалы  бол 
көмекші  етістігі  арқылы  жасалған,  басыңқы  сыңарының  баяндауышы  қоныс 
емес – зат есімге болымсыз етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;  
–  шарасыз  болса – дегенде  сын  есімге  шартты  райлы  бол  көмекші 
етістігінің тіркесуі арқылы жасалған; басыңқы сыңарының баяндауышы сондай 
-дай жұрнағы жалғанған сілтеу есімдігі арқылы жасалған; 
– басыңқы сөйлемнің баяндауышы кісілер тəрізді – дегенде кісілер сөзінің 
баяндауыштың қызметін нақтылай түскен тəрізді модаль сөзі.  
–  бағыныңқы  сыңарының  баяндауышы – салқын  болса – сын  есімге 
шартты  райлы  бол  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  жасалған,  басыңқы 
сыңарының баяндауышы жалынсыз сын есімі арқылы жасалған. 
Осы  баяндауышты  сөйлемдердің  бəрі  де  құрама  баяндауышты  есімді 
сөйлемдерді құраған. Осы баяндауыштардың құрамындағы негізгі мағынаға ие 
жігіт, қатты, ашық, аяз, бұлақ, қоныс, шарасыз, кісілер, салқын, жалынсыз – 
зат  есім,  сын  есімдерді  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  баяндауышы  қызметінде 
өздері  де  жұмсалады.  Осы  аталған  баяндауыштардың  қатысы  арқылы  тек 

 
40
салалас  құрмалас  сөйлем  жасалған  болар  еді.  Сонда  бұл  сөздерді  сабақтастың 
бағыныңқы  сыңарында  жұмсалуындағы  боп,  болғанмен,  болса  көмекші 
етістіктерінің  негізі  бол  көмекші  етістіктері.  Бұл  көмекші  сөздер:  олардың 
көсемше,  түрлі  септік  жалғаулардағы  тұлғасы  жоғарыдағы  сын  есім,  зат 
есімдерді  сабақтас  есімді  құрмалас  сөйлемдердің  тиянақсыз  бағыныңқы 
сыңарын  құрауға  себеп  болады.  Сонда  етістікті  сөйлемдердің  баяндауыштары 
есімше,  көсемше,  шартты  рай,  тіпті  шылау  арқылы  жұмсалуы  енді  есімді 
құрмалас  сөйлемдердің  бағыныңқы  сыңарлары  есімдерге  түйдектелетін 
көмекші  етістіктерге  тікелей  байланысты.  Өйткені  ондайда  қатысты  көмекші 
етістіктер де көсемше, есімше, шартты рай тұлғаларда келуі арқылы есімдерді 
баяндауыш  қызметінде  ауыстыруда  үлкен  рөл  атқарады.  Сондай-ақ  құрмалас 
сөйлемде  құрмаластырушы  дəнекер  сөздер,  яғни  сабақтас  құрмалас  үшін 
шылаулар,  ал  салалас  құрмалас  үшін  жалғаулықтар  дейтін  принцип  есімді 
құрмаласта да сол қалпында қалатын сияқты. Осы пікірлер бойынша, мынадай 
қорытынды  шығаруға  болады.  Біріншіден,  есімдер,  көмекші  етістіктер  қандай 
тұлғаларда  баяндауыш  болуы  белгілі  болса,  екіншіден,  есімді  құрмалас 
сөйлемдерді байланыстыратын дəнекер сөздер айқындалады.  
Бұрын  құрмалас  сөйлемдерді  байланыстырушы  дəнекерлер  ретінде 
көбінесе етістіктің тұлғалары (есімше, көсемше, шартты рай, шылаулар) туралы 
ғана айтылатын.  
Етістіктің тиянақсыз тұлғада келуі арқылы сабақтас құрмалас, ал етістікті 
баяндауыштардың  тиянақты  тұлғасы  арқылы  салалас  құрмалас  сөйлем 
жасалады деп айтылатын.  
Есімді құрмалас сөйлемде: 
– біріншіден, есімдер қатысады; 
– екіншіден, əр сөйлемнің өзіндік тұлғасы есімді баяндауыш жасауға негіз 
болады. Оның өзі əрі есім сөз табының тұлғалық ерекшелігіне сай жұмсалады.  
Мысалы:  
Зат есім:  
– нөлдік тұлғалы; 
– көптік; 
– тəуелдік; 
– жіктік; 
– септік жалғауларда, сондай-ақ ол сөздерге түйдектелген көмекші етістік, 
модаль  сөздер,  демеуліктер,  көмекші  есімдердің  де  қатысуымен  жасалады. 
Есімді  құрмалас  сөйлемдегі  байланысу  тəсілдері  бұрынғы  аналитикалық, 
синтетикалық  тəсілдердің  негізінде  жүзеге  асады.  Мысалы,  аналитикалық 
тəсілге  бұрынғы  келгеннен  кейін  сияқты  есімшелі  түріне  бұдан  былай 
есімдердің  де,  көмекші  сөздердің  де  септелуі  қосылып,  оның  аясын  кеңейтеді 
де, байланыстырушылық дəнекерлер есім сөз таптарының өзінен де жəне түрлі 
көмекші сөздер арқылы жүзеге асады екен.  
Есімді  құрмалас  сөйлемдер  мен  етістікті  құрмалас  сөйлемдердің 
семантикасы да көп назар аударуды қажет етеді. Дегенмен, бұл жерде мынаны 
да  ескеруіміз  керек.  Біріншіден,  есімді  құрамалас  сөйлем  мен  бір  сыңары 

 
41
есімді, бір сыңары етістікті сөйлемдердің ара жігін ажырату да күрделі мəселе. 
Етістікті  сөйлемдердің  негізгі  мақсаты  қимылдың  əр  уақытта  болуын,  ойдағы 
мақсаттың əр түрлі екенін нақтылап айту жағынан нақты көрініс тапса, есімді 
құрмалас  сөйлемде  ондай  сөйлемдердің  қай  сөз  табынан  болуымен 
ерекшеленеді.  Себебі  зат  есімді  құрмалас  сөйлем  мен  сын  есімді  немесе  сан 
есімді  сөйлемдердің  мағынасы  бірдей  деп  айтуға  болмайды.  Себебі  олардың 
əрқайсысының  сөйлемді  тиянақтаудағы  мағынасы  олардың  сөз  табына  қарай 
десек, екіншіден, олардың əрқайсысының тұлғасына да келіп тіреледі. Мысалы: 
зат есімнің нөлдік тұлғасы арқылы жасалған құрмалас сөйлемдер мен зат есімге 
түйдектелген көмекші есім, модаль сөздердің мағынасы əр түрлі. Əрине, ондай 
есімді  сөйлемдер  нақты  заттық  мағынаны,  мекендік,  тəуелдік,  көптік 
үғымдарды қоса айқындайтыны мəлім. 
Есімді  құрмалас  сөйлемдердегі  сөйлемдердің  орналасу  тəртібі  тура 
етістікті сөйлемдердегі сөйлемдермен бірдей деп айтуға болады.  
М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы  есімді  жай  жəне 
құрмалас сөйлемдерді арнайы қарастыру барысында сөйлемдердің:  
– есімді сөйлемдегі байланысу тəсілдері нақтыланды; 
– есімді сөйлемдерді айқындауда əрбір есімді сөз табының морфологиялық 
өрісі кең айқындалды; 
– есімді жай жəне құрмалас сөйлемдердің семантикасында да өзіндік даму 
процесі кеңейді; 
–  есімді  жай  жəне  құрмалас  сөйлемдерді  енді  арнайы  жаттығулар 
жинағына, əр түрлі оқулықтарда тақырып ретінде қарастыруды қажет етеді. 
М.  Əуезов  «Абай»  романының  кезінен  кейінгі  əдебиеттер  түбегейлі 
етістікті  сөйлемдер  мен  ғана  берілуде.  Жалпы  М.  Əуезов  қазақ  тіл  білімінде 
есімді  сөйлемдерді  практикалық  та  теориялық  жағынан  алғаш  дəріптеуші 
ғалым.  Бұл  автордың  тек  əдебиетші  ғана  емес,  тілден  де  хабары  бар  екенін 
көрсетсе керек. 
 
1.3  М.  Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы  есімді 
сөйлемдердің қолдану аясы 
Қазақ  əдебиетінде  есімді  сөйлемдерді  өзінің  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясында  ең  мол  қолданған  кемеңгер  жазушы,  көрнекті  сөз  шебері 
М. Əуезов.  
«Абай эпопеясының тілі бай, орамды. Ол қазақ халқының сөйлеу тілі мен 
фольклорының  жəне  жазба  əдебиетінің  сөздік  қорын  мол  қамтып  бойына 
сіңірген  тіл.  Сол  себепті  бұл  шығарманы  сөз  байлығы  жөнінде  қазақ  тілінің 
қымбат қазынасы дей аламыз. Біз өзімізді қазақ тілін орташа білетін оқушының 
қатарында алғанның өзінде, романда бұрын тіпті білмеген не мағынасын анық 
түсінбеген  сөздеріміз  аз  кездеспейді.  Ондай  сөздер  «Абай  романы»  арқылы 
қазақтың  əдеби  тілінен  заңды  орнын  алып,  кең  пайдаланылып  кетті.  Мысалы, 
шынайы,  шытырман,  шатқалаң,  паш  ету,  нөпір,  арандау,  шат-шадыман,  түс 
шайысу,  əктеу,  танаурау,  иен,  жұрт,  тоқмейіл, – деген  сөздерді  əдебиет  тіліне 
Мұхтар  енгізген.  Сонымен  қатар,  бастапқы  мағынасынан  ажырап,  көнерген 

 
42
сөздер  де  Əуезовтің  қолдануында  жаңа  мағынаға  ие  болып,  жаңғырып 
шыққанын  білеміз.  Мысалы:  қыжыл,  əбзел,  күдіс,  қырбай,  сығыр,  үйездеу, 
опаздау, бақыл болу, – сияқты сөздер жөнінде осыны айтуға болады. 
Мұның  бəрі  Əуезов  тілінің  сөздік,  лексикондық  жағы.  Ал,  бірақ 
жазушының  тіл  шеберлігі  тек  оның  лексикон  байлығымен  ғана  өлшенбейді. 
Əсіресе  сол  байлықты  жазушының  шығармада  қолдану  шеберлігімен,  яғни 
синтаксистік  құрылысымен  өлшенеді.  Осы  жағынан  алғанда,  Мұхтардың 
шеберлігі  ерекше» [45, 151-152 бб.].  Кемеңгер  жазушы,  ғалым  М.  Əуезовтің 
əлемге  əйгілі  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  туралы  академик  Қ.  Сəтпаевтың: 
«Əуезовтің «Абай» романы аса көрнекті көркем шығарма ғана емес, ол сондай-
ақ  үлкен  бағалы  ғылыми  еңбек. «Абай»  романына  əр  саласының  мамандары 
назар  салмай  өте  алмайды.  Қазақ  халқының  өткенін  зерттегісі  келетін 
ғалымдардың  бірде-бірі  бұл  кітапты  жанап  өте  алмайды:  ғалым-филолог  одан 
фольклордың  бай  материалдарына  қанығумен  қоса,  қазақ  əдеби  тілінің  тууы 
мен  қалыптасуын  көреді...», – деп  сонау  қырқыншы  жылдары  айтқан  сөздері 
бүгінде  өзекті  мəселеге  айналып,  эпопеяның  жан  сырына  қаныққысы  келетін 
саналы  адамға  шам-шырақ  тəрізді [46, 38-39 бб.].  Содан  бері  роман-эпопея 
хақында көптеген монографиялық еңбектер мен ғылыми зерттеулер, мақалалар 
жарық көрді. Алайда уақыт озып, жылдар өткен сайын ұлы шығарманың жаңа 
қыр-сырлары ашылуда.  
 «М. Əуезов романдарының көркемдік қуатының ең негізгі тамырларының 
бірі  оның  тіл  шеберлігінде.  Жазушы  тілінің  шеберлігі,  оралымдығы  оның 
авторлық  баяндауларынан  да,  табиғат  суреттерінен  де  геройлардың  сөздік, 
портреттік  сипаттарынан  да  əрдайым  айқын  сезіліп  отырады.  Қазақтың 
ғасырлар  бойы  жасалып,  молығып  келген  тіл  байлығын  жазушы  жете  игерген 
жəне  сонысын  өзінің  романдарында  мейлінше  мол  əрі  шебер  пайдаланған. 
Яғни,  ол  туған  тілінің  бойынан  бейнелілік  мол  қуат  тапты.  Бұл  заңды  да. 
Өйткені қандай сөз суретшісі болмасын тыңнан тіл жасай алмақ емес. Бірақ ол 
халық тілін молықтырады, оны жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байытады, ол 
өз  халқының  тіл  байлығын  мол  пайдалана  отырып,  қазақтың  əдеби  тілін жаңа 
биікке  көтерді.  Бұл  ретте  М.  Əуезов  романдарының  атқарған  рөлі  ерекше. 
Жалпы алғанда, қазақтың қазіргі əдеби тілінің байлығы мен алуан түрлі қырын, 
оның  суреттеушілік  мүмкіншіліктерін  М.  Əуезовтің  Абай  туралы  романдары 
мейлінше анық танытты»
 
[47, 136 б.].  
 «Абай  жолы» - Мұхтар  Əуезовтің  бас  кітабы.  Мұхтар  Əуезов  жазушы 
ретінде эпос пен драманың шағын түрлерінен күрделі жанрларына дейін, одан 
əрі  ұланғайыр  ғасырлық  шындықты  туған  халқының  тарихи  тағдырымен 
тамырластыра  танытқан  керемет  кең  құлашты  эпопеяға  дейін  самғап,  парлап 
көтерілген  теңдесі  жоқ  сөз  зергері  болса,  ғалым  ретінде  баяғы  бағзы  дəуірден 
күні  бүгінге  дейінгі  бүкіл  дүниежүзілік  əдебиет  пен  өнер  құпияларын  бір 
басына  сыйғызған білгір зерттеуші,  сол əлемдік əдебиеттің фонында қазақтың 
ұлттық сөз өнерінің өсіп-өрбу процесін жіті қадағалап, жете талдап, тағы да сол 
бүкіл  əлемдік  биік  тұрғыдан  пікір  түйген  əділ  сарапшы  да,  ұстаз  ретінде  сан 

 
43
мың  шəкіртті  аузына  қаратып  энциклопедиялық  біліміне  кенелткен  тамаша 
тəрбиеші бола білді» [48, 294-295 бб.]. 
«Абай»  тарихи  романының  бірінші  кітабы 1942 жылы,  екінші  кітабы 
1947 жылы  жарыққа  шыққан. 1949 жылы  дилогияға  ҚСРО  Мемлекеттік 
сыйлығы  берілді.  Ұлы  ақын  жəне  оның  халқы  туралы  тарихи  романдар 
топтамын одан əрі жалғастырған «Абай жолы» да екі кітап – дилогия: бірінші 
кітабы 1952 жылы, екінші кітабы 1956 жылы түзетіліп басылып шықты.  
Сөйтіп, «Абай  жолы»  деген  кітап  өзара  тұтасқан  төрт  том  (тетралогия) 
1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды» [48, 262-263 бб.]. 
«Абай»  тарихи  романының  бірінші  кітабы 1942 жылы,  екінші  кітабы 
1947 жылы  жарыққа  шыққан.  Екі  кітабы 1948-1949 жылдары  қазақ,  орыс 
тілдерінде қатар жарияланды. 1952 жылы жəне 1956 жылдары түзетіліп, қайта 
басылып  шықты. «Өз  кітапханасында  осы  шығарманың 1948-1949 жылғы 
басылымында (1,2 кітап)  бөтен  біреудің  қолымен  түзету  енгізгендері  бар.  Бұл 
1952  жылы  шығатын  басылымға  дайындаған  адамның  редакторлық  жасағаны 
сияқты.  Автор  бұған  келіскен  болуы  керек,  себебі  кейінгі  басылым  сондағы 
көрсетілгендер  бойынша  кеткен.  Басылу  барысындағы  корректураны  қарап-
қарамағаны  белгісіз,  бірақ  қолжазбаны  ұсынар  тұста  мейлінше  қатты  көңіл 
аударған;  əрбір  сөз,  сөйлем  көзі  түсіп  кетсе  болды,  өңдеп  жөндеуді  тіленіп 
тұрған  сияқтанған.  Мұндай  əрекеттер  əрбір  басылым  тұсында  үздіксіз  болып 
тұрған.  Егер  алғашқы  басылымдарда  «еді», «екен»  сияқты  сөздер  мол  кезіксе, 
кейін  бұлар  келіп-келіп  соңғы  басылымда  мүлде  сыпырылып  қалған,  кейде 
орнын  басатын  басқа  сөздермен  алмастырылған.  Олар: «Мұның  бəрі  қиялап 
айтқанда  Құнанбайдың  қошаметі  еді», «Мына  мінездерін  кешіргендей  еді», 
«Салғырттығы  жоқ,  сергек,  қатал  күзетші  еді»  дегендей  болып  кете  барады» 
[49, 597 б.].  
М.  Əуезов: ««Абай  мектебі»  жөніндегі  өз  қателерімді  тереңдеп  ұғыну 
нəтижесінде  ғана  мен  романымды  қайтадан  көп  өзгертіп  жаздым. 1951 жылы 
«Знамя» журналында «Абай жолы» деп жаңадан ат қойып, жаңадан түзеп жазып 
шыққан сол романыма сегіз баспа табақтай түзетулер кіргіздім. Осы соңғы кітапта 
Абайдың Кенесары қозғалысына да жəне ол жайында поэма жазушы Көкбайға да 
қатты  сынын  айтқыздым.  Абай  Көкбай  мен  Кенесарыны  жирене  сынаған 
уақытында  əсіресе олардың Россияға жаулығын  əшкерелейді, өзінің  қараңғылық 
қорлықта  жүрген  елінің  бар  үміті,  бақытты  болашағы  тек  Россиямен  достық 
арқасында ғана туатынын ойлап отырып жаңағыларды айыптайды. 
«Ақын  аға»  романында  жаңағы  аталғандай  өрескел  қателіктер 
болғандықтан  мен  сол  кітабымды  ұлы  ақынның  қасиетіне  сай  шығарма  деп 
танымаймын.  Ол  кітапты  солайша  мансұқ  етіп,  оның  орнына  оқушы 
жұртшылыққа  Абайды  тану  жөнінде  жіберген  қателерім  турасындағы 
партиялық  сынды  ескеріп  отырып  жазған  «Абай  жолы»  атты  романды 
ұсынамын.  Осы  айтылғанға  байланысты  сол  «Абай  мектебі»  дейтұғын 
мəселенің  жөніндегі  өз  қателерімнің  тамырын  ашу  қажет  деп  білемін.  Бұл 
мəселе 1933 жылдан бері қарай Абайды тану жөнінде менің сыңаржақ сипаттап 
келе жатқан бір қателігім боп келді» [50, 26-27 бб.].  

 
44
М.  Əуезов  «Абай»  эпопеясының  екінші  басылымында  романның  бірінші 
жəне  екінші  басылымының  арасында  есімді  сөйлемдердің  берілуінде  үлкен 
айырмашылық бар.  
Осыған  дəлел 2007 жылдың  тамыз  айының 29 жұлдызында  «Ана  тілі» 
газетінде 
жарияланған 
академик-жазушы 
Зейнолла 
Қабдоловтың 
зерттеулерінде: «Бұл  буржуазиялық  объективизм  əдісімен  жазған  екен  ғой. 
Мұнда  таптық  деген  де  жоқ,  партия  деген  атымен  жоқ»  деген  Сəбит 
Мұқановтың сөздерін келтіреді. Содан: «Қалған екі кітапты, Мұха, социалистік 
реализм  əдісімен  жазуыңыз  керек»,–  дедік  бүкіл  бащамыздан  кещемізге  дейін 
жамырап. «Сөйтіп, ақыры соңғы екі кітабы алдыңғысынан қатты бөлек болып 
шыққан байқасаңыздар», – деп жазады [51, 4-5 бб.].  
Біз  де  өз  жұмысымызда  романның  алғашқы  басылымы  мен  екінші 
басылымының мəтінін салыстырып біршама айырмашылықтарды байқадық.  
 
1-кесте – М.  Əуезовтің 1942, 1947 жылдары  алғаш  жарық  көрген  «Абай» 
романы мен 1961 жылы қайта жарық көрген «Абай жолы» роман-эпопеясының 
айырмашылығы 
 
М. Əуезовтің «Абай» романы 
М. Əуезовтің «Абай жолы» романы 
«Жолда» бөлімі (1942, 1 кітап) «Жолда» бөлімі (1961, 1 бөлім) 
1 2 
1  Айғыздан  туған  Смағұл  Оспанмен 
түйдей құрдас болатын (96 б.). 
1  Айғыздан  туған  Смағұл  Оспанмен 
түйдей құрдас (97 б.). 
2  Дəл  жанында  үлкен  биік  шелекке 
ашытып  қойған  түйенің  қымызы  бар 
еді (96 б.).  
2  Дəл  жанында  үлкен  биік  шелекке 
ашытып  қойған  түйенің  қымызы  бар 
(98 б.). 
3 Ұлжанның күз уақытында Зере мен 
балаларға  əзірлеп  отыратын  ағы  осы 
болатын (96 б.). 
3 Ұлжанның күз уақытында Зере мен 
балаларға  əзірлеп  отыратын  ағы  осы 
(98 б.). 
«Шытырманда»  бөлімі (1942, 1 
кітап) 
«Шытырманда»  бөлімі (1961, 1 
бөлім) 
4  Үнсіз  уайымдаған  ана  қаралы  еді 
(144 б.).  
4  Үнсіз  уайымдаған  ана  қаралы  (142 
б.). 
«Тайғақта» бөлімі (1947, 2 кітап) «Тайғақта» бөлімі (1961, 2 бөлім) 
5  Жəй  басып,  ауыр  тыныс  алып, 
демігіп  келе  жатқан,  өзінің  шешесі 
екен (4 б.). 
5  Жай  басып,  ауыр  тыныс  алып, 
демігіп  келе  жатқан,  өзінің  шешесі. 
(385 б.).  
6  Барлық  тұлғасы  Құнанбай  тектес 
бұл  жас  əйел, - осы  үйдің  келіні, 
Абайдың апасы, Мəкіш еді (11 б.).  
6  Барлық  тұлғасы  Құнанбай  тектес 
бұл  жас  əйел - осы  үйдің  келіні, 
Абайдың апасы - Мəкіш (385 б.). 
 
 
1-кесте – Жалғасы 
 
 
 

 
45
1 2 
 «Тағы  да  əнде»  бөлімі (1947, 2 
кітап) 
«Биікте» бөлімі (1961, 2 бөлім) 
7 Быйылғы қыс, Абайдың ел сөзінен, 
тынышсыз  жүрістерден  өзін  босатып 
алып,  үйде  көбірек  орнығып  отырған 
қысы еді (430 б.). 
7 Биылғы қыс, ел сөзінен, тынышсыз 
жүрістерден Абай өзін босатып алып, 
үйде  көбірек  орнығып  отырған  қысы 
(766 б.). 
8  Мұхамеджан  да  Көкбай  мен  Мұқа 
сияқты  жақсы  əншімін  деген  жігіт 
болатын (435 б.). 
8  Мұхаметжан  да,  Мұқа  сияқты 
жақсы əншімін деген жігіт (771 б.). 
 
9 Оның үстіне, бұның өзінің де анда-
санда  өлең  шығаратыны  бар  еді  (435 
б.)  
9 Оның үстіне, бұның өзінің де анда-
санда өлең шығаратыны бар (771 б.). 
10  Соңғы  жылдар  Абайдан  шыққан 
өлеңнің  бəрін  көшіріп  алып,  жаттап 
айтып  жүретін  Абай  айналасындағы 
жас достың бірі еді (435 б.).  
10  Соңғы  жылдар  Абайдан  тараған 
өлеңнің  бəрін  көшіріп  алып,  жаттап 
айтып  жүретін  Абай  айналасындағы 
жас достың бірі (772 б.). 
 
Жоғарыда  көрсетілген 1942 жылғы  «Жолда»  бөліміндегі:  Айғыздан  туған 
Смағұл  Оспанмен  түйдей  құрдас  болатын  сөйлемі  мен 1961 жылғы  «Жолда» 
бөліміндегі:  Айғыздан  туған  Смағұл  Оспанмен  түйдей  құрдас  сөйлемі 
баяндауыштары  арасындағы  айырмашылық  бар.  Демек,  автор  алғашқы 
басылымында  құрама  етістікті  баяндауыш  түрін  берсе,  екінші  басылымында 
есімді баяндауышқа айналдырып болатын есімше жұрнақты бол етістігін алып 
тастаған. 
Қалған сөйлемдердің де баяндауыштары өзгертілген.  
Екінші  сөйлемнің  алғашқы  басылымының  баяндауышы  құрама  болса, 
кейінгі нұсқасының баяндауышы бар сөзінен жасалып тұр:  
бар еді  бар.  
Үшінші  сөйлемде  де  болатын  етістігін  алып  тастап,  есімдікті  есімді 
сөйлемге айналдырған:  
осы болатын → осы.  
Төртінші сөйлемнің алғашқы нұсқасы сын есімді құрама баяндауыш болса, 
кейінгі нұсқасы сын есімді баяндауыш болып өзгертілген:  
қаралы еді → қаралы.  
Бесінші  сөйлемнің  алғашқы  басылымында  баяндауышы  жалпы  есім  мен 
екен  көмекші  етістігінен  жасалған  құрама  баяндауыш  болса,  екінші 
басылымында зат есімді баяндауыш болып сөйлемді тиянақтап тұр:  
шешесі екен  шешесі.  
Алтыншы  сөйлемнің  алғашқы  баяндауышы  жалқы  есім  мен  еді  көмекші 
етістігінен  болса,  кейінгі  баяндауышы  таза  жалқы  есімнен  жасалып  сөйлемді 
тиянақтап тұр:  
Мəкіш еді → Мəкіш.  

 
46
Жетінші  сөйлемнің  құрылымында  Абай  сөзінің  орнының  ауысқандығын 
жəне еді көмекші етістігінің жоқ екендігін көріп отырмыз:  
қысы еді → қысы
Сондай-ақ  автор  екінші  кітабының  кейбір  бөлімдерінің  аттарын  да 
өзгертіпті.  Мысалы,  екінші  бөлімінің  бұрынғы  аты  «Əнде»,  екінші 
басылымында «Жайлауда», төртінші бөлімі «Аңда» - «Оқапта», жетінші бөлімі 
«Тағы да əнде» - «Биікте» деп өзгертіпті.  
Сегізінші  жай  сөйлемнің  бірінші  басылымында  Көкбай  жалқы  есімінің 
болғанын,  ал  екінші  басылымында  жоқ  екенін  көріп  отырмыз  жəне  етістікті 
баяндауышты автор жалпы есімді баяндауышқа айналдырған:  
жігіт болатын → жігіт. 
Тоғызыншы сөйлем алғашқы басылымды бар еді тұлғасында келсе, кейінгі 
басылымда еді көмекші етістігі түсірілген: 
бар еді → бар. 
Соңғы сөйлемнің баяндауышы алғашқы басылымында құрама баяндауыш 
болып келсе, екінші басылымында еді көмекші етістіктерін автор алып тастап, 
есімді баяндауыштар жасаған:  
бірі еді  бірі.  
Біздің  пайымдауымызша,  автордың  болатын,  еді  көмекші  етістіктерін 
алып  тастап,  таза  есімді  баяндауыш  жасауы:  есім  баяндауыштар  ойды  дəл, 
нақты қысқа жеткізудің стильдік тəсілінің бірі болып табылады. Ал еді көмекші 
етістігін  алатын  болсақ,  бұл  көмекші  етістіктің  «е  түбірінде  қазір  толық 
лексикалық  мағына  жоқ,  сондықтан  мазмұны  жағынан  да,  форма  жағынан  да 
шалағай,  яғни  толымсыз  сөздер.  Бірақ  лексикалық  мағыналары  да, 
грамматикалық формалары да толымсыз (шалағай) болғанымен, олар тілімізде 
айрықша  мол  функция  атқарады.  Еді  көмекші  етістігі  тарихи  е  (ер)  етістігінің 
жедел өткен шақ формасынан (ер+ді) қалыптасқан. Осыған сəйкес, еді формасы 
қай  сөзге  тіркессе  де,  оған  өткен  шақ  мағынасын  үстейді  жəне  жіктеліп 
жұмсалады  да,  қай  жақ  екенін  көрсететін  көмекші  сөз  ретінде  қызмет  етеді» 
[43, 248 б.].  Сондай-ақ  «болатын  етістігі  əрі  жетекші,  əрі  көмекші  болып 
қызмет атқарады. Бол етістігінің көмекшілік қызметі өзге көмекші етістіктерден 
басқаша,  демек,  оның  ең  негізгі  жəне  басты  қызметі - есімдерден  құранды 
етістіктер тудыру. Оның бұл «мамандығын» өзге көмекшілер  атқара алмайды. 
«Бол» етістігінің жəрдемімен жасалған құранды етістіктердің соңғы компоненті 
түрленіп, саралама, суреттеме етістіктер жасайды» [43, 265-267 бб.].  
Есім  баяндауыштар  туралы  профессор  М.  Балақаев: «Қазақ  тілінде  есім 
сөздердің  (зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдіктердің)  қайсысы  болса  да 
баяндауыш  қызметінде  жұмсала  береді,  бұл  үшін  олардың  қасында  көмекші 
етістіктің  тұруы  шарт  емес.  Ал  есім  баяндауыштардан  кейін  тұратын  көмекші 
етістіктер  баяндауышқа  ондай  тек  шақтық  мағына  қосып  қана  қоймайды, 
сөйлемнің  тұлғасын  түрлендіретін  де  қызметте  жұмсалады.  Сондықтан  Мен 
оқушымын.  Сен  оқушысың.  Ол – оқушы  дегендерді  таза  есімді  сөйлем  деп 
қарасақ,  Мен  оқушы  едім.  Мен  оқушы  болатын  болдым.  Сен  оқушы  болатын 
болдың  дегендерді  есімді  жəне  етістікті  сөйлемдердің  екі  арасынан  орын 

 
47
алатын,  бірақ  есімді  сөйлем  болу  қасиеті  басым,  жай  сөйлемнің  ерекше  бір, 
есім-етістікті құрама баяндауышты түрі деп қараймыз» [1, 131-132 бб.]. 
М.  Əуезовтің  бірінші  басылымындағы  етістікті  сөйлемдерді  есімді 
сөйлемдерге ауыстырудың біздіңше мынандай себептері бар:  
-  Есімді  сөйлем  етістікті  сөйлемге  қарағанда  мағыналық  та,  көлемі 
жағынан ықшамды. 
-  Тарихи  жағынан  есімді  сөйлем  етістікті  сөйлемге  қарағанда  бұрын 
қалыптасты.  Осы  дəстүрді  сақтаған  М.  Əуезов  тарихи  романын  байырғы 
қалыппен  тек  есімді  сөйлемдермен  беруі  автордың  тілдік  түпкі  дамуынан 
хабардар екенін көрсетсе керек.  
 
М.  Əуезов  «Абай»  романының  кезінен  кейінгі  əдебиеттер  түбегейлі 
етістікті  сөйлемдермен  ғана  берілуде.  Біз  өз  жұмысымызда  М.  Əуезовпен 
қатарлас жазушылар С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармаларынан 
тақырыптары  жағынан  жақын  үзінді  алып,  баяндауыштарын  талдағанымызда, 
М.  Əуезов  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  есімді  сөйлемдерді  молынан 
қолданғанына  көз  жеткіздік. «Абай  жолы», «Ботагөз», «Оянған  өлке», 
«Миллионер»  шығармаларынан  көлемі  жағынан  бірдей  əріптік  белгілерден 
тұратын (3400 əріптік  белгі),  төрт  шығармада  да  «түннің  суреті», «кездесу» 
тақырыптары əр жазушының қаламына сай суреттеліп берілген.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет