келтіру және тәжірибелер Ботайлық қоныс-мекендерде айырбас жасау сипаты заттай болды. Бұған Ботай қоныс-мекеніндегі топтамалардың арасында Оңтүстік Оралдан жеткен сортаңдылық және қысыкөлдік үлгідегі керамикалардың Орта Азия ескерткіштеріне ұқсас моншақтардың кезесуі бірден-бір дәлел болса керек. Бірақ мұндай заттар өте аз, өйткені өндіріс әлі де қолөнерлік арнайы бағыттағы деңгейге жеткен жоқ еді, олар бірінші кезекте қауымның ішкі қажеттілігін қамтамасыз етті. Дегенмен де, алға озыңқырай айтсақ, ботайлықтар үшін экспорт көзі қоладан жасалған бұйым емес,меншіктелген, ортақтастырылған табиғаттың бір бөлігі- жылқы болды [4].
Біздің ойымызша, дәл осы жағдай энеолит дәуіріндегі үй шаруашылығын оның алдындағы археологиялық мезолит және неолит дәуіріндегі үй кәсіпшілігінен өзгешелендіріп тұр. Басқаша айтқанда, іс жүзінде ботайлықтардың қауымдық өндірістерінің барлық түрлері, көп жағдайда дапым келе жатқан жылқы шаруашылығымен тікелей байланысты болды. Көп қырлы экономика жүйесінде арнайы жылқы шаруашылығының қалыптасуы өндіру саласындағы үй шаруашылығының тынысын күрт кеңейте түсті.
Қазба жұмыстары көрсеткендей. Ботай ескерткішінің аймағы энеолит дәуіріне дейін игерілген.
Сонымен, осы бір жағалаудан мезолит дәуірінің шағын жиынтығы басталады. Оның энеолиттен айырмашылығы, тек ақ, күңгірт-жасыл және қоңыр реңі басым болып келген кремний жыныстарынан жасалып, жиірек жалпақ тіліктер қимасы түрінде (қайқы пышақтар, шет жағы ойылған жалпақ тіліктер, бұрыш кескіштер, қырғыштар) орындалған. Бұл жиынтық 70-жылдары зерттелген Солтүстік Қазақстанның мезолит ескерткіштерінің қатарына жатады. Жағалаудағы баспаналардан табылған заттардығ бір бөлігі неолиттің соңғы кезеңдеріне жататынға ұқсайды және олар алаңқайға Ботай заманынан бұрынырақ келуі де мүмкін[6].
Ботайлық ұсақ және ірі түйірлі матриалдардан айырмашылығы, бұл бұйымдар кремний немесе яшма тәрізді сапалы жыныстардан жасалғын.
Ботайлық энеолит жиынтығындағы құрал-саймандарды жасап шығару үшін негізгі дайындамалар ретінде пішімі мен көлемі әр түрлі жаңқалар пайдаланылған. Қолдағы бар жалпақ тіліктер өндірістік факт болып табылғанымен, жүйелі түрде шығарылуын көрсетпейді.Әдетте, жиектері біртегіс емес, ірі тұтас тіліктер, бұлар қайта өңделгендері. Мирасқорлық дәуірге сүйеніп айтсақ, энеолит заманында тас және кремний өнеркәсібінің үлкен рөл атқарғанын көреміз.
Ботай мәдениетінде кремний өнеркәсібінің сақталуы, өндіріске металл (мыс) құрал-саймандардың, әсіресе пышақтардың әлі де кеңірек енгізілмеуімен түсіндіріледі.
17
Шикізаттың оңай қол жетімділігі (ол қазақтың қыратты далалары мен Көкшетау өзендерінің аңғарларында жаппай кездеседі) энеолит дәуірінің алдындағы жүзжылдықта жақсы меңгерілген дәстүрлі технологияны тоқтатып атстады. Кремний өнеркәсібінің әрмен қалай орныға түсуіне себепші жаңа факторлар да болды-ол өндіруші шаруашылықтың белсенді түрде игерілуіне орай, мал шаруашылығының алуан түрлі шикізаттарын өңдей бастаудан туындаған қажеттіліктер еді. Тас қырғыштардың Ботай ескерткіштері бұйымдарының арасында ең бір жетекші топты құрайтындығы да сондықтан болса керек. Әрі тас қырғыштардың күні бүгінге дейін үй тірлігінде маңызын әлі де жоя қоймағаны баршамызға белгілі[18].
Артефактілердің орналасуына қарап,баспаналардағы құрал-саймандардың жаймаланбай, ал жаңқалар мен қабыршықтардың едендерде біршама біркелкілеу жаймаланып жатқанын атап өтуге болады. Табылған заттардың жаппай баспанааралық телімдер мен толтырмаларда жатуы тастарды өңдеу баспананың ішінде де, ашық аспан астында жүргізілгенін көрсетеді. Бұл процесс жыл бойы үздіксіз, бір сарында, еңбек құралдары өндірісімен және кремнийден жасалған құрал-саймандарды қолданатын көптеген өзге де салалармен тығыз байланыста атқарылды.
Керме қайрау техникасын, тегістеуді, бұрғылауды пайдаланы отырып, тастың жұмсақ жыныстарынан жасалған керамиканы еске түсіреді.
Диаметрі 3-5 см тас шарлар. Олардың бір бөлігі қайрақпен өңделіп жасалған. Әдебиеттерде олар боластар, торларға арналған батырғылар, таразыларға арналған гірлер және т.б. деп аталады.
Тескіш-ұңғылар тақта тас жыныстарынан жасалған, конус тәрізді, жұмыстық беті шамалы сопақтау. Бұлар ұңғылау жұмыстарын да пайдаланылуы мүмкін. Солардың көбі дискілердің конус тәрізді тесіктеріне салынады, бұл олардың жиі пайдалану тәсілдерін анықтайды.
Тас бұйымдардың бір бөлігі өндірістік саламен байланысты емес. Бұл жерде жебелерге арналған «үтіктер» немесе «тегістегіштер» туралы айтуға болады. Бұл бұйымдарды мұқият зерттеу келе, олардың табыну заттары қатарына жататындығы анықталды. «Үтіктердегі» іздер шаруашылық-тұрмыстық кәдеге жарату барысында емес, сиқыршылық және табыну жоралғыларын жасау кезінде қалдырылған екен.
Сонымен, тас өңдеу өндірісінің энеолит экономикасында жетекші рөл атқарғанын көріп отырмыз. Ол әлі сүйекті кесу ісімен де, керамика өнірісімен де, металл өңдеумен де ығыстырылған жоқ болатын. Энеолит адамы үшін соңғылары сол уақытта тіршілік көздері болған емес, олар дәстүрлі технологияларға тек эелементтер ретінде ене бастаған еді.
18