Қорытынды.
Орал-Ертіс бүкіл голоцен кезеңінде өзіндік ішкі тарихи және сыртқы байланыстары бар табиғи-тарихи өңір болып келді. Тап осы аймақ түрлі мәдени қауымдардың қалыптасуына және өзара сіңісуіне негіз болды.
Табиғи-климаттық және экологиялық жағдайлар осы өңірде орманды-далалық және далалық хайуанаттар әлемінің дамуын қамтамасыз етіп, бұл өз кезегінде, экожүйемен тікелей-жанама түрде байланысқан әлеуметтік жүйелер үшін қолайлы жағдай туғызды.
Ботай мәдениетінің шаруашылық тасымалдаушылары мал шаруашылығынан (жылқы шаруашылығы) бастап, көп салалы болды. Алғашқы қауымдық экономиканың көп салалығы сол уақыттағы өңдіруші күштердің төменгі деңгейінде орын алған мешеулік нышандарымен (сапасы емес санына көңіл бөлу) байланысты еді. Бұл жерде бейімдеушілік факторлары үлкен рөл атқарды. Артефактілерді сараптау нәтижелері ботайлықтардың балықшылықпен, аңшылықпен, терушілікпен айналысқанын, үй кәсіпшілігін (ағша өңдеу, керамикалық өндіріс, сүйекті ою ісі, тоқымашылық, өру, терілерді өңдеу, былғары ісі, салттық атрибуттар және әшекей жасау) дамытқанын көрсетті.
Ботай шаруашылығының басты саласы жылқы шаруашылығы болды. Жылқышылықтың бастауы неолит дәуірінде жатыр, ірі өзендердің бойында тұрғандар отырықшы өмір сүрді, өндіруші күштердің көптеген түрін үйренді, жылқы мен итті қолға үйретуге машықтанды. Көпсалалы шаруашылық жүйелерінде игерілген тарихи машықтар мен дәстүрлер экономикалық және әлеуметтік ілгерілеулерге мүмкіндік берді. Жылқының энеолит дәуірінде қолға үйретілгенін тек маман-палеозоологтардың тұжырымдары ғана емес, сонымен қатар, археологиялық деректер де дәлелдейді. Мәселен, Ботайдан табылған сүйек бұйымдардың арасында тұсаудың ілгегі және псалий бар. Екі бұйымға ұқсас заттар қола, темір дәуірлерінің , орта ғасырдың, сонда-ақ этнографилық материалдардың арасынакн көптеп кездесіп отыр.
Баяндалған деректердің негізінде, энеолиттен бастап Орал-ертіс өзендерінің аралығы мен шекаралас аудандарда отырықшы, көпсалалы, доминаттық жылқы шаруашылығы пайда болады деп, тұжырым жасауға болады. Осы мекен ету аймағы экологиялық және әлеуметтік жүйелердің біртұтас нұсқасын құрады. Әлеуметтік жүйенің шарушалық жүргізу аймағы мекен ету аймағынан кеңірек болды. Мысалы, табында ұстау жағдайында аттың мекен ету айналасы 150-200км болса, ал малмен көшу аймағы радиусы бойынша 500 км жетуі мүмкін еді. бұлар өсімталдыққа, босанған әйелге, еркектік символдарға тәу ету түрлерінің кең таралғанын дәлелдейді.
Еуразия территориясында әзірге Ботай мәдениетіне ұқсас жаңа қоныстар ашылған жоқ. Бірақ осы уақыттың ішінде археологиялық әдебиеттерде Ботай жылқылары сүйектерін зерттеу нәтижелері көріне бастады. Мәселен,
19
жылқылардың тістерін зерттеу Ботай жылқысының доместикацияланғаның дәлелдеп шықты (D.Anthony D.brown6 1998). Ботайлық мәдениет қоныстарынан табылған калибрленген радиокөміртегі даталары үлгілері жайлы жарияланымдар жарыққа шықты. (M.Levine6 M.Kislenko6 1997). Бәрқатар жарияланымдарда мәдени-тарихи сипаттағы мәселелер, жаңа жерлерге орналасыға, Ботайдың пайда болуына қатысты проблемалар қарастырылған (В.Мосин, 2003; S.Olsen, 2002).
Баспаналар мен салттық мифологиялық атрибуттарды зерттеу қоғамдық және дүние тану сипатындағы бірқатар сауалдарды қоюға мүмкіндік берді. Ботай қоғамының алғашқы ұясы отбасы болды. Бір отбасына шамамен 8-10 адам кірген. Қоныста тарихи белгілі бір аралықта 600-800 адам өмір сүрген. Соңғы кезеңде қоныс 160 жыл тұрған. Қыс мезгілінде тұрғындар қоныс төңірегіне шоғырланған, ал жылы уақытта жан-жаққа шашырап кеткен. «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды». ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетінеде ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағдырын түбегейлі өзгертті. Еліміздің солтүстігінде Ботай қонысының табылуы әлем назарын аударған оқиға болғаны талассыз шындық. Осы жерді б.з.д. ІV мыңжылдықта мекен еткен адамдар қамбар ата төлін алғаш рет қолға үйретіп, арбаға жеккені, бие байлап, қымыз ашытқаны археологиялық қазбалар арқылы дәлелденген. Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы 20 гектар аумақты алып жатыр. Қоныс шамамен бір ғасырдан артық уақыт өмір сүрген. Археологтар қыш құмыраларды, ыдыс-аяқтарды, жылқының қаңқаларын көптеп кездестірген. Сондай-ақ осы қонысты мекен еткен адамның сүйегі табылды. Дала өркениетінің бастауында тұрған ерекше мәдениетке төрткүл дүниенің қызығушылығы бірде-бір толастаған емес.
20
Достарыңызбен бөлісу: |