6. Тіктөртбұрыштың ауданы 12 болса, онда боялған бөлігінің ауданы неге тең екенін анықтаңыз.
А) 5. В) 9. С) 4. D) 6. Е) 7.
7. Қыры 30 см текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Оған қанша литр су құйылғанын анықтаңыз.
А) 2700 л. В) 27 л. С)270л. D) 27000 л. Е) 9 л.
8. Бөлмедегі тік төртбұрыш пішінді бір теледидардың бетінің ұзындығы мен ені 80 см және 60 см-ге тең. Сол теледидарға ұқсас пішінді екінші теледидардың диагоналы 50 см болса, екінші теледидардың ауданы неге тең?
А) 10 дм2. В) 48 дм2. С) 12 дм2. D) 20 дм2. Е) 24 дм2.
9. Қабырғасы 7 см шаршының қабырғаларының орталары сәйкесінше К, L, M және N. KLMN төртбұрышының ауданын тап.
А) 21,5 см2. В) 49 см2. С)24,5 см2. D)45 см2. Е) 21 см2.
10. Координаталар жүйесінде А ( 3; -1) нүктесі берілген В нүктесі ордината осі бойынша А нүктесіне симметриялы, С нүктесі абсцисса осі бойынша В нүктесіне симметриялы, D нүктесі ордината осі бойынша С нүктесіне симметриялы сәйкес келеді. АВСD төртбұрышының ауданы нешеге тең екенін табыңыз.
А) 16. В) 12. С)3. D) 6. Е) 8.
11. Кілемнің ұзындығы 6 м, ені одан 1,5 есе кіші. Екінші кілемнің ұзындығы бірінші кілемнің ұзындығынан 2 есе кіші болса, оның периметрінің ұзындығын табыңыз (кілемдер тіктөртбұрыш пішінді және өзара ұқсас).
А) 20 м. В) 18 м. С) 10 м . D) 12 м.Е) 25 м.
12. Ауладағы балалар ойын алаңындағы сырғанақтың ортасы тік бағанмен бекітілген. Егер сырғанақтың ортасына орнатылған бағанның биіктігі 1,2 метр болса, сырғанақтың һ биіктігін табыңыз.
А) 6,2 м. В) 1,25 м. С) 1,5 м. D) 2,4 м. Е) 1,55 м.
13. Кіші шеңберлердің радиустары 5-ке тең болса үлкен шеңбердің ұзындығын табыңыз.
А) 12π В) 22π С) 30π D) 20π Е) 10π
14. Нүктелі қағаз бетіндегі шаршының ауданы 1 см2 болса, онда боялған бөліктің ауданын табыңыз.
А) 20,51 см2. В) 20,78 см2. С) 23,25 см2. D) 22,85 см2. Е) 20,75 см2.
Достарыңызбен бөлісу: |