Байланысты: Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі-emirsaba.org
18. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 Е) 6
19. 5...4...6...3 сандарының арасына «+», «х», «-» амалдары бір рет қана қолданылып қойылды. Өрнектің нәтижесі бола алмайтын санды көрсетініз.
A) 19 B) 23 C) 17 D) 26 Е) 21
20. Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынатынын анықтаңыз
A) 8 B) 6 C) 10 D)7 Е) 9
21. Бөренелерді 52 рет арамен кескенде 72 бөлік шықты. Бастапқыда барлығы неше бөрене болған?
A) 10 B) 15 C) 20 D) 22 Е) 26
22. Жаңа үй салып жатқан Айдардың 7 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 5-ке бөлу керек. Ол өзінің өткір тістері бар арасымен бір жерден кесу үшін 1,5 минут уақыт жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?
A) 28 мин B) 45 мин C) 42 мин D) 32 мин Е) 52 мин
23. Бактерия әр секундта 2-ге бөлінеді. Егер 1 бактерияны пробиркаға салса, 8 секундтан кейін олардың саны қанша болады?
A) 128 B) 144 C) 256 D) 16 Е) 64
24. 5 жер қазушы 5 сағатта 5 метр жер қазады. Неше жер қазушы 100 сағатта 100 метр жер қазады?
А) 12 В) 5 С) 9 D) 7 Е) 1
25. Қара, жара, жоба, қора, қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір цифрлармен белгіленген. Жоба сөзінің сандық белгісін табыңыз.
A) 5143 B) 4373 C) 4163 D) 5373 Е) 5173
26. Оқушы қағаздан тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек және үшбұрыш қиып алып, оларды үстелдің үстіне тізбектей орналастырды. Тік төртбұрыш және дөңгелек квадраттың сол жағында болса, үшбұрыш шеткі фигура емес. Дөңгелек үшбұрыштың қасында емес. Сол жақтан бастағанда оқушы фигураларды қай ретпен орналастырды?
A) Дөңгелек, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш
B) Квадрат, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш
C) Дөңгелек, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, квадрат
D) Квадрат, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек
Е) Квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек
27. Айдана, Ақерке , Құралай, Жансая және Әлия бір үйде тұрады: екі қыз бірінші қабатта және үшеуіекінші қабатта. Құралай мен Әлия тұратын қабатта Жансая тұрмайды. Айдана мен Құралай тұратын қабатта Ақерке тұрмайды. Бірінші қабатта кімдер тұрады?
A) Құралай мен Әлия B) Ақерке мен Әлия C) Ақерке мен Жансая
D) Айдана мен Құралай Е) Айдана мен Жансая
28. Көктем келді. Досым маған бір-бірінен әдемі гүлдер сыйлады. Екеуінен басқасы қалампыр, екеуінен басқасы қызғалдақ және екеуінен басқасы бәйшешек болса, қолымдағы гүлдердің қайсысынан қанша гүл бар?
A) әрқайсысынан бес-бестен B) әрқайсысынан бір-бірден
C) әрқайсысынан үш-үштен D) әрқайсысынан төрт-төрттен
Е) әрқайсысынан екі-екіден
29. Бір сыныпта оқитын Мадияр, Нұрлыбек, Қыдырбай және Марат бір жылда туған күндері: 5 наурыз, 13 сәуір, 13 шілде және 19 шілде. Нұрлыбек пен Мадияр бір айда туылған, ал Мадияр мен Қыдырбайдың туған күндері бірдей, бірақ айлары әртүрлі. Балалардың ішінде ең үлкені кім?
A) Мадияр B) анықтау мүмкін емес C) Марат D) Қыдырбай Е) Нұрлыбек
30. Марат, Қанат, Жанат, Болат және Санат бір сыныпта оқиды. Олардың туған күндері: 17 мамыр, 23 мамыр, 17 маусым, 3 қараша және 3 желтоқсан. Қанат пен Санат әртүрлі айларда туылған, бірақ туған күндері бірдей. Ал Қанат пен Жанаттын туған күндері бір айда. Мараттың туған күні қыс айында болса, Болаттың туған күнін табыңыз.
A) 3 қараша B) 3 желтоксан C) 17 мамыр D) 17 маусым Е) 23 мамыр
31. Отбасында төрт бала бар. Олар 3, 5, 9 және 15 жаста. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Кім неше жаста?
A) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 5 жаста, Арай - 3 жаста, Сағи - 15 жаста
B) Меруерт - 3 жаста, Еңлік - 9 жаста, Арай - 5 жаста, Сағи - 15 жаста
C) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 3 жаста, Арай - 15 жаста, Сағи - 5 жаста
D) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 3 жаста, Арай - 5 жаста, Сағи - 15 жаста
Е) Меруерт - 15 жаста, Еңлік - 5 жаста, Арай - 3 жаста, Сағи - 9 жаста
32. Автотұракта бес машина бірінен соң бірі тұр. Жигули Опелдің алдында тұр. Мазда Мерседестен кейін, Опел Аудидың алдында, Ауди Мерседестің алдында тұр. Машиналар қандай ретпен тұр?
A) Жигули, Опель, Ауди, Мерседес, Мазда
B) Жигули, Опель, Мерседес, Мазда, Ауди
C) Ауди, Мерседес, Мазда, Жигули, Опель
D) Жигули, Опель, Мазда, Ауди, Мерседес
Е) Ауди, Мерседес, Жигули, Опель, Мазда
33. Төрт қабатты үйде Сәкен Жомарттан жоғарғы қабатта тұрады, бірақ Мараттан төменгі қабатта тұрады. Ал Жомарт Ерболдан жоғарғы қабатта тұрады. Марат қай қабатта тұрады?
A) бірінші B) екінші C) үшінші D) төртінші Е) анықтау мүмкін емес
34. Бес қабатты үйде Маржан Зәуреден жоғарғы қабатта, бірақ Назеркеден төменгі қабатта тұрады. Осы үйде Раушан Зәуреден төменгі қабатта, бірақ Әселден жоғарғы қабатта тұрады. Зәуре нешінші қабатта тұрады?
А) бірінші В) екінші С) үшінші D) төртінші Е) бесінші
35. Стадионнан келе жатқан Қайрат, Мирас, Нұртас және Айдос - футболистер. Қайрат, Мирас және Нұртастың біреуі қақпашы. Мирас, Нұртас және Айдостың біреуі қақпашы. Нұртас қақпашы емес. Олардың қайсысы қақпашы?
A) Мирас B) Нұртас C) Айдос D) Қайрат Е) анықтау мүмкін емес
36. Ербол мен Айдоста 15 асық бар. Мирас Айдоста неше асық болса, Ерболға сонша асық берді, Ерболда неше асық болса, Айдосқа сонша асық берді. Сонда Ербол мен Айдоста неше асық болады?
A) 15 B) 21 C) 27 D) 30 Е)36
37. А мен Д – В-дан салмағы жағынан ауыр, ал С – Д мен А-ның ортасында. Олай болса төмендегі жауаптардың дұрысын анықтаңыз.
A) А ең ауыр B) В ең ауыр C) В, С-дан ауыр
D) ең ауыры белгісіз Е) А, С-дан ауыр
38. Арыстан қонақтар қарсы алды. Түлкі аюдан ерте, қасқыр қояннан кеш, аю қояннан ерте, жолбарыс қасқырдан кеш келді. Ең кеш келген кім?
A) аю B) қоян C) қасқыр D) жолбарыс Е) түлкі
39. Математикадан өткен аудандық олимпиадада 6 оқушы бірдей балл жинап, жеңімпаз болды. Облыстық олимпиадаға осы жеңімпаз оқушылардың ішінен 2 оқушыны жіберудің неше нұсқасы бар?
A) 15 B) 12 C) 24 D)16 Е) 17
40. Оқушы 1000...0 (25 ноль) санынан 25 санын азайтты. Нәтижесінде пайда болған санның цифрларының қосындысын табыңыз.
A) 192 B) 228 C) 219 D) 180 Е) 220