70. 0; 2; 4; 5 цифрларын пайдаланып, бірдей цифрлары болмайтындай төрт таңбалы неше сан құрастыруға болатынын тап.
А) 15. В) 24. С)16. D)18. Е) 20.
71. Төмендегі цифрларлардан цифрлары қайталанбайтын қанша үш таңбалы сан құрастыруға болатынын табыңыз. {0; 1; 3; 4; 5}.
А) 48. В) 50. С) 12. D)45. Е) 30.
72. Жәшікте 6 қызыл шар, 4 ақ шар, 3 көк шар бар. Кездейсоқ алынған шарлардың ішінде үш ақ шар болу үшін жәшіктен кем дегенде неше шар алу керектігін табыңыз.
А) 11. В) 24. С) 12. D) 9. Е) 8.
73. Жолаушы пойызында 9 вагон бар. 4 жолаушы әртүрлі вагонда болатындай етіп неше тәсілмен орналастыруға болатынын анықтаңыз.
А) 3006. В) 3024. С) 3026. D)3012. Е) 3014.
74. X кездейсоқ шамасының таралу заңдылығы төмендегі кестеде берілген. Математикалық болжамды есептеңіз.