БІРІГУ АМАЛЫ (ҚОСЫНДЫСЫ).
А мен В жиындарының бірігуі деп - осы жиындардың барлық элементтерінен тұратын үшінші жиынды айтады.Оны АВ арқылы белгілейді. Сонда екі жиынның бірігуін (қосынды) табу үшін екі жиынға да тиісті элементерді теріп жазамыз (диаграммадағы жасыл, сары және көк түстегі бөліктердегі сандар):АВ {1,2,3,4,5,6,7,9,11} деген жаңа жиынды аламыз.
ҚИЫЛЫСУ АМАЛЫ.
А мен В жиындарының қиылысуы деп осы жиындардың ортақ элементтерінен тұратын үшінші жиынды айтады. Оны АВ арқылы белгілейміз. Сонда тек екі жиынға да ортақ элементтерді теріп жазамыз (диаграммадағы тек көк түсті бөліктегі сандар): АВ {1,3,5,7} деген жаңа жиынды аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |