59. Жапырақты ағаштар орманның барлық ауданының 40 %-ін алып жатыр. Қалған бөлігінде орналасқан қарағай және шырша ағаштары аудандарының қатынасы 3 : 1, ал айырмасы 48 га. Жапырақты ағаштар орналасқан жердің ауданын табыңыз.
А) 24 га. В) 160 га. С) 64 га. D) 96 га. Е) 32 га.
60. Штрихталған фигура үлкен квадрат ауданының қанша процентін құрайтынын табыңыз.
А) 20 %. В) 33 %. С) 41 %. D) 25 %. Е) 32 %.
61. Назеркенің алқасында 49 көк және 1 қызыл моншақ бар. Алқадағы көк моншақтардың саны 80 % құрау үшін, олардың нешеуін алып тастау керек екенін табыңыз.
А) 20. В) 35. С) 40. D) 45. Е) 25.
62. Назеркенің алқасында 49 көк жөне 1 қызыл моншақ бар. Алқадағы көк моншақгардың саны 90 % құрау үшін, олардың нешеуін алып тастау керек екенін табыңыз.
А) 20 В) 30. С) 40. D) 10. Е) 19.
63. Назеркенің алқасында 23 көк және 2 қызыл моншақ бар. Алқадағы көк моншақтардың саны 80 % құрау үшін, олардың нешеуін алып тастау керек екенін табыңыз.
А) 16. В) 18. С) 12 D) 10.Е) 15.
64. Мектеп ауласына өткен жылы ауданы 100 м2 -қа тең гүлзарға 25 түп раушан гүлі егілген еді. Осы жылы гүлдердің ауданын 40 %-ке арттырса, онда оған қосымша егілетін раушан гүлінің санын табыңыз.
А) 10. В) 15. С) 25. D) 20. Е) 30.
65. Бірінші ыдыста екінші ыдысқа қарағанда 2 есе аз қатық болған. Бірінші ыдыстан 500 г қатық, ал екінші ыдыстан 6 кг қатық алғаннан кейін екінші ыдыста бірінші ыдысқа қарағанда 60% артық қатық қалды. Алғашында екінші ыдыста қанша қатық болған?
А) 28 кг. В) 32 кг. С) 25 кг. D) 26 кг. Е) 30 кг.
66. Ұялы телефонның 20 %-ке арзандатылған бағасы 56000 теңге тұрады. Дастан екі ұялы телефон сатып алған болса, неше теңге үнемдегенін табыңыз.