Брендбук өмірде мынадай маңызды қызметтер атқарады: 1. Имидждік қызмет. Беделі мен абыройын арттырудағы компанияны дамыту мен қолдау. Фирманың мұндай түсінігі бүкіл аудиториямен қатар оның тауарларына да әсер етеді. Көптеген адам тауар сапасын танымал тауар белгісіне қарай бағалайды әрі анонимдік тауарларға қарағанда бұлар үшін көп ақша төлеуге де дайын. 2. Теңдестіру қызмет. Фирмалық белгі тауарлар мен жарнаманы теңдестіріп, олармен фирма арасындағы байланысты анықтайды. 3. Сараланған қызмет. Жалпы қаржыдан фирманың тауарлар мен жарнамаларына бөлінген көзі. Ол тауарлар ағыны мен жарнамаға бағытталған нақты «ақпарат тасымалы» болып табылады.
Брендбук жүйесіне мынадай негізгі элементтер жатады:
• тауарлық белгі;
• логотип;
• фирмалық блок;
• фирмалық лозунг (слоган);
• фирмалық түс гаммасы;
• фирмалық қаріп жиынтығы;
• басқа да фирмалық константалар.
Логотип — бұл тауарлық белгінің ең көп тараған түрі(тауарлық белгінің 80%-ға дейінгісі ауызша белгіде болса, шамамен тіркелген бес тауарлық белгінің төртеуі логотип түрінде болып келеді). Бейнелі тауарлық белгіде фирманың эмблемасы, бірегей суреті болады. Кез келген пішіннің бейнесі, табиғи басқа да нысандар бейнеленеді.
Логотип — бұл тауарлық белгінің ең көп тараған түрі(тауарлық белгінің 80%-ға дейінгісі ауызша белгіде болса, шамамен тіркелген бес тауарлық белгінің төртеуі логотип түрінде болып келеді). Бейнелі тауарлық белгіде фирманың эмблемасы, бірегей суреті болады. Кез келген пішіннің бейнесі, табиғи басқа да нысандар бейнеленеді.
Тауарлық белгі. Оның бес негізгі түрі бар: ауызша, бейнелі, көлемді, дыбысты, аралас.
Фирмалық блок. Екі немесе одан көп элементтердің үйлесуі. Бұл элементтерге көбіне фирмалық лозунгты да қосады. Кейде фирмалық блокқа компанияның ресми атауы, пошталық мекенжайы, банктік реквизиттері, компанияның жарнамалық белгілері, тауарлар жіктелісі мен қызметтері, графикалық элементтер, жекелеген фразалар да пайдаланылады
Фирмалық лозунг (слоган). Слоган тек фраза түрінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті қолдануға келетін компанияның ұраны ретінде де жасалады. Тауарлық белгіге қарағанда слоганның өзінің бейнелі және аудиолық түрі болады. Фирмалық слоган компанияның спецификациясын білдіріп, өзге бәсекелестерінен ерекшелеп тұруы керек. Өзге де стильдермен – дыбыс, ритм үйлесім табуы керек. Көптеген сәтті фирмалық слогандар он жылдай өмір сүреді