Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер



бет4/5
Дата07.06.2023
өлшемі31,71 Kb.
#99388
1   2   3   4   5
Кодтау жүйесі – бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.
Кодтарға қойылатын талаптар келесідегідей болады:

  • мәнділігі бойынша минималды;

  • объект туралы қажетті ақпараттан тұратын құрылуына байланысты логикалық;

  • бір белгіні белгілейтін болса, бірмәнділік;

  • жалпы қабылданған сандық белгілерге үйренген;

  • қабылдауға және есте сақтауға қолайлы.

Натуралды сандар бағанына нөмірлер белгілері кемуі немесе өсуі бойынша барлық белгілер кодталғанда кодтаудың реттік жүйесі ең көп жағдайда қарапайым болып табылады.
Артықшылықтары: құрылудың қарапайымдылығы, аз мәнділігі, жазудың тығыздылығы.
Кемшіліктері: белгілеріне байланысты объектілер топтарын қарастырмайды (бір белгіні ғана кодтауға болады), берілген номенклатураның жаңа объектілерінің пайда болуына байланысты келісілген классификацияның бұзылуы болады. Бұл реттік кодтау жүйесінің қолданылуын шектейді.Сериялық кодтау жүйесі (реттік жүйенің модификациясы) қарапайым баламалы номенклатураны кодтау үшін арналған және қандайда бір белгі бойынша жеке топқа белгіленген объектілерге нөмірлер сериясын меншіктеуді болжайды.
Артықтшылықтары: сериялық жүйе разрядтар саны бойынша үнемді, сонымен қатар құрамында қажетті қор бар. Бұл номенклатураны кеңейтумен классификацияның бұзылуынан қашуға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: тек бір белгі бойынша кодтауға болады. Мысалы, негізгі жұмыскерлердің мамандықтарына мамандықтар кодтау кезінде 01-30 дейін нөмірлер сериясы меншіктеледі, көмекші 31-40 дейін, қызмет ету 41-70 дейін және т.б.
Ұстанымды (разрядтық, ондық) кодтау жүйесі қиын, көп белгілі номенклатураларды кодтау үшін қолданылады. Әр классификациялық белгіге белгіленген разряд саны беріледі, олар сәйкестендірілген топтамадағы объектілер санына байланысты: мұндай кодтау жүйесі иерархиялық классификацияға сәйкес келеді, яғни белгілері бойынша классификациялық топтамалар белгіленген одан да үлкен белгілері бойынша топтамалардың кодына байланысты кодталады.
Артықшылығы: ұстанымды жүйе кодтардың бірқалыптылығын, әр классификациялық белгінің нақты белгіленуін, БУИ машиналқы қалпына келтіру үшін қолайлығын қамтамасыз етеді, бір белгіден артық кодтауға болады.
Кемшіліктері: бұл жүйе кодтың разрядын үлкейтуді талап етеді, ұстанымды кодтар құрылымының қиындығымен және олардың құрылымдық өзгеруінің икемділігінің жоқ болуымен мінезделеді.
Шахматтық кодтау жүйесі екібелгілі номенклатураларды кодтауда қолданылады. Мысалы, ақау себептері мен кінәліларын, жабдықтарды құруда. Артықшылығы: қолайлы, құрудағы қарапайымдылығы. Кемшілігі: кодтау белгілерінің санының шектелуі (тек қана 2).
Қайталану кодтау жүйесі әріптік немесе сандық белгілеуді қолданады, (мысалы номиналдардың сандық мәнін, салмағын, объектінің өлшемін) немесе олармен байланысты кейбір мәліметтерді, мысалы орналасқан жері, мекен-жайы сияқты.
Біріккен кодтау жүйесі жоғарыда келтірілген кодтау жүйелерінің қосылыстарын көрсетеді.
Артықшылығы: бірқалыпты, логикалы. Біріккен жүйе бойынша құрылған кодтардың неғұрлым рационалды құрылымы бар, икемді, иерархиялықпен қатар фасеттік классификация қағидасы бойынша құрылған көпаспектілі номенклатураларда да қолданыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет