Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау – жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.
Бухгалтерлік ақпарат – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы болып табылады. Бухгалтерлік ақпарат қорытындыны талдауға ғана емес, әртүрлі шешімдер қабылдағанда кәсіпорын қызметінің қорытындыларын болжауда қолданылады. Кәсіпорын басшылары, яғни ішкі тұтынушылардан басқа бухгалтерлік ақпараттың сыртқы тұтынушылары болады. Оларға акционерлер, кредиторлар-инвесторлар, клиенттер, аудиторлар және салықтық ұйымдардың инспекторлары жатады.
Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы. Бухгелтерлік ақпарат әр түрлі классификацияларына қарамастан келесі түрлерге бөліне алады:
ол ақпараттық жүйе қатынасына байланысты кіретін (ішкі, сыртқы), шығатын (ішкі, сыртқы) болып бөлінеді;
өңдеу үрдісіне байланысты өңделмейтін және өңделетін (аралық, қорытынды);
қалыптасу және өңделу сатыларына байланысты біріншілік және екіншілік;
объективтілік дәрежесіне байланысты сенімділік және сенімділік емес;
қаныққан дәрежесіне байланысты жеткілікті және жеткілікті емес;
мәнділігіне байланысты пайдалы және пайдалы емес;
тұрақтылық дәрежесіне байланысты ауыспалы және тұрақты (абсолютті тұрақты, шартты тұрақты);
қалыптасу көзінің әсер етуіне байланысты активті және пассивті;
идентификация қалыпына байланысты сандық, алфавитті және символдық;
егер бухгалтерлік ақпарат сенімді және мәнді болса ғана ол пайдалы болады;
қандай да бір нақты тұлғаның қызығушылығын тудырмайтын және жеңіл тексерілетін кәсіпорындағы шаруашылық процестердің толықтығын сенімділік көрсетеді;
бухгалтерлік ақпараттың мәнділігі кері байланысқа сүйенетін қажеттілігі мен уақыттылығынан тұрады.
Бухгалтерлік ақпаратқа қабылдаудың біртектілігімен байланысты талаптар, төмендегідей:
Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы. Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.