17
Сондықтан, бұл шоттар өзінің маңызы бойынша активті және
пассивті болып бөлінеді. Мысалы, өнім, жұмыс немесе қызмет
өткізу фактісі төмендегіше:
— кірістер келтіру
бойынша VI бөлімнің шоттарында;
— нақты шығыстар бойынша VII бөлімнің шоттарында бейне-
ленеді.
Кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық қарыздары да екі шотта:
— қысқа мерзімді дебиторлық берешек 12 «Қысқа мерзімді де-
биторлық берешек»
кіші бөлімінің шоттарында;
— қысқа мерзімді міндеттемелер 3 «Қысқа мерзімді міндеттеме-
лер» бөлімінің шоттарында бейнеленеді.
Жалғыз ерекшелік, бұл — № 5410 «Есепті жылдың пайдасы
(залалы)» шоты болып табылады. Бірақ, ол қалдықсыз сипатқа ие
болып, жылдың соңында бір рет қана жабылады. Оның дебеттік
жағында жұмсалған шығыстар мен жиынтық табыстың пайда-
ланылуы, ал кредиттік жағында есептелуі бейнеленеді.
Қосарлы жазу, бұл — әрбір шаруашылық операциясының екіден
кем емес өзара байланысты шоттарда, біреуінің дебеті бойынша
және екіншісінің кредиті бойынша бір сомада бейнеленуі. Мысалы,
1000 теңге мөлшерінде есеп айырысу шотынан кассаға қолма-
қол ақша алу операциясы № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша
қаражаттары» шотының дебеті бойынша және № 1040 «Ағымдағы
банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» шотының кредиті
бойынша бірдей сомада жазылады. Қосарлы жазу баланспен қоса,
бухгалтерлік есептегі бақылаудың қорытындылаушы жүйесінің
басты элементтері болып табылады.
Келесі шаруашылық операцияны шоттарда бейнелейік.
Қоймада 20000 теңге соманы құрайтын, әлі ақысы төленбеген
материалдар бар. Одан басқа 30000 теңгеге материалдар келіп түсті,
бірақ жеткізушілердің қойылған шоттары төленген жоқ.
С әрпімен 20000 теңге сомасындағы материалдардың бастапқы
сальдосын белгілеп, №1310 «Шикізат пен материалдар» шотын
ашамыз. Бұл шоттың дебетінде кәсіпорынға келген материалдардың
сомасын жазамыз:
Достарыңызбен бөлісу: