Бухгалтерлік есеп


Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің келуі (көбеюі)



Pdf көрінісі
бет166/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   243
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің келуі (көбеюі)
а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушы-
лармен  есеп  айырысу  №  2110  «Сатып  алушылар  мен  тапсырыс 
берушілердің  ұзақ  мерзімді  дебиторлық  берешегі»  активті  шот-
тарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көздері: 
өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар 
болатындықтан,  шаруашылық  операцияның  жазылуы  №  2110 
шоттың дебетіне № 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады. 
Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше бо-
лады: 
Дт                               Кт                                       Құжаттар
2110                       3130, 6010                            Шот-фактура


190
Жазудың  дұрыстығын  тексереміз:  кредиттік  жағында  пассивті 
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею 
жағына  өзгерістер  болатын  3  типті  «Активті-пассивті»  операция 
орын алады. 
Бір  жағынан  дебиторлық  қарыздардың  көлемі,  ал  екінші  жа-
ғынан  бір  мезгілде  ҚҚС  пен  салық  салынудың  объектісі  болатын, 
кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының 
мөлшері  көбейеді.  Бұл  жағдай  жазудың  дұрыс  жасалғанын  біл-
діреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет